жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алақай! Мен - оқушымын"
«Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«АЛАҚАЙ! МЕН – ОҚУШЫМЫН»
Авторлық бағдарлама
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу
Педагог – психолог
Дуйсенбекова Ажара Болатбековна
Түсінік хат
Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ, бірқатар міндеттер қояды. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзі де, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақ түседі. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жастағылар, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын. Себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттерін мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, яғни 1-ші сыныпта қаланады.
Баланың мектепке бейімделуі – өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ының бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма емес. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өту мүмкін, өкінішке орай, кейбірінде бұл процесс ойдағыдай өтпейді. Егер "ойдағыдай болмаса" (ол бейімсіздену деп аталады), "мектеп өміріне бейімделу" тетіктері бұзылады.
Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру керек. Ол үшін бірінші сынып оқушыларының өміріндегі алғаш қадамы болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға психологиялық қолдау көрсетуге, мектепке бейімдеуге бағытталған "Алақай! Мен – оқушымын"арнайы бағдарламаның маңызы зор.
Бейімдеу сабақтарының мақсаты:
1. Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық–педагогикалық қолдау жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізу.
Бейімдеу сабақтарының міндеттері:
1. Балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорқыныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
3. Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру.
4. Бірінші сынып оқушыларының тұлғалық эмоциялық және коммуникативті жақтарын дамыту.
5. Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету.
6. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.
7. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Сабақ жиілігі және санының шарттары:
Бейімделу сабақтары бірінші сынып оқушылары үшін аптасына 1 рет 10 сабақ көлемінде есептелген. Ұзақтығы 30 минут.
Күтілетін нәтижелері:
Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде балалар бір-бірімен танысады. Мазасыздық деңгейі төмендейді. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау және бейімделу ұзақтығы қысқарады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта жасалады.
"Алақай! Мен – оқушымын "бейімдеу сабағының жоспары
Р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мақсаты |
1
|
"Кел, танысайық" |
1 |
Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру. Шиеленістің алдын алу. Бірінші сынып оқушыларының бір-бірімен жақынырақ танысуы. |
2
|
"Алақай! Мен оқушымын" |
1 |
Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы |
3
|
"Мектеп өмірінің ережесі" |
1 |
Бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірі ережелерімен танысуы. Ынтымақтастық, бір-біріне деген сенімді қатынас, сынып ұжымының ұйымшылдығына бейімделу дағдыларын дамыту |
4 |
"Бір-бірімізді жақынырақ таниық»
|
1 |
Жалпы оң атмосфералы сабақтар құру, топ құру процесіне қосу, ұжымның бірігуі, яғни бір-біріне, әрбір қатысушының бірегейлігін атау.. |
5
|
«Мен ұқыпты оқушымын» |
1 |
Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтар мен басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауғаүйрету. |
6
|
"Мектепке не үшін барамыз?" |
1 |
Балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезіну үшін жағдай жасау |
7 |
"Біз біргеміз, ажырамас іргеміз!" |
1 |
Бірінші сынып оқушыларының оқу ынтымақтастығы дағдыларымен танысу үшін жағдай жасау.
|
8
|
"Біздің сынып – тұтас топ" |
1 |
Ұжымды біріктіру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын "сынып- тұтас топ" ретінде қалыптастыру
|
9
|
"Менің мектептегі көңіл-күйім" |
1 |
Үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, баланың психикалық тонусын, өзіне деген сенімділігін арттыру. |
10
|
"Оқушы болу қандай керемет" |
1 |
Мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.
|
1-сабақ.
Тақырыбы: «Кел, танысайық»
Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Балалардың оқушы мәртебесін ұғыну.Шиеленістің алдын алу. Бірінші сынып оқушыларының мұғаліммен және бір-бірімен танысуы.
Сабақ барысы
Жаттығу: "Сәлем!"
Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайлар да жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалім көзқарасымен бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.
Жаттығу: "Жақсы жаңалықтар эстафетасы "
Мақсаты: топтап сихологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Барысы: Мұғалім: сіздер кеше(осы аптада), өздеріңізбен болған жағымды бір оқиғалар жөнінде айтып бересіздер. Оның үстіне, сіз айтып жатқанда, доп немесе жұмсақ ойыншық сіздің қолыңызда болуы керек. Сіз айтып болған соң, жағымды жаңалықтар эстафетасын, яғни допты көршіңізге бересіз, осылайша доп шеңбер бойынша айналып шығады.
Жаттығу:«Өз құйрығын тістеген айдаһар»
Мақсаты: ыңғайсыздық пен шиеленісті шешу.
Жаттығулар барысы: Балалар бір тізбекке тізбектеліп тұрады. Бір-бірінің белдерінен ұстайды. Жетекші кім "басы", ал кім "құйрығы" болатындығын көрсетеді. "Құйрықтың" міндеті "басқа" ұстатпай қашу, бірақ тізбекті үзбеу. Ойын ойнатылғанда музыка қосылады.. 2 минуттан кейін басы мен құйрығы өзара алмасады.
Жаттығу:"Менің күлкілі портретім"
Мақсаты: танысу, жұмысқа тарту.
Жаттығу барысы: Мұғалім: "Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсынамын". Біздің сабақтар да сіз сурет салуды өзіңізге қалай үйреншікті, сол әдіспен саласыз, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуыңызға болады". Оқушылар әуен астында сурет салады.
Аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының суреттері бойынша презентация ұйымдастырады. Мұғалім: "Біздің суреттер дайын. Кел оларды бір-бірімізге көрсетейік". Балалар өздерінің автопортреттерін бір-біріне көрсетеді және тақтаға іледі.
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығуды орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу"Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
2-сабақ.
Тақырыбы: « Алақай! Мен оқушымын»
Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғыну.
Сабақ барысы
Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі..."
Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру және жұмыс атмосферасын құру.
Жаттығу барысы. Жаттығу шеңберде өткізіледі. Әрқасысы кезек-кезек екі сөз тіркестерін "Менің атым..." және " Мен өзімді сүйемін, себебі..." деп айтады. Сіздердің тілектеріңіз жөнінде даулар және талқылауға көңіл бөлінбейді. Жай ғана оларды кезекпен, әділ және тез айтамыз.
Жаттығу:"Көңіл-күй неге ұқсайды?"
Мақсаты:Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау.
Жаттығу барысы. Ойынға қатысушылар олардың бүгінгі көңіл-күйінің қандай табиғи құбылыс немесе ауа райына ұқсайтындығын кезек-кезек айтады. Салыстыруды ересектердің бірінің бастағаны жақсы: "Менің көңіл-күйім байыпты көгілдір аспандағы ақ мамық бұлттарға ұқсас, ал сенің?"
Ойын шеңберде өткізіледі. Ересек біреу барлық топтың дәл бүгінгі көңіл-күйі қандай екенін қорытады: мұңды, көңілді, күлкілі, ашулы және т. б. Балалардың жауаптарын интерпретациялау кезінде, естеріңізде болсын, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, бұлыңғыр аспан, агрессивті элементтер эмоционалдық қиыншылықтардың бар екенін куәландырады.
Жаттығу"Оқушы болған қалай екен".
Мақсаты: оқушы мәртебесін сезіну.
Жаттығу барысы. Психолог сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
- Сіз – оқушысыз. Бұл не деген сөз?
- Оқушылар өздерін қалай ұстауы керек?
Тақта да әртүрлі жағдайларға байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар әдебіне жат қылықтарды тауып, тақтадан алып тастау керек.
«Мектепке дейін – оқушы» тақырыбында сурет салу.
Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының
Айырмашылықтарын түсіну
Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен — оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды"). Уақыт шектеледі (20-25 минут). Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады. Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл - күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу"Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Мектеп өмірінің ережесі»
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығын дамыту.
Сабақ барысы
"Рөлдік гимнастика".
Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу
Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б.кезек-кезек бейнелейді
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
1. Ұқсастықтары бойынша толықтыр.
Бірінші жұптағы сөздер өзара қалай мағыналық байланыста екенін ойланып, екінші жұпты толықтырып жаз.
Ағаш шеберінің құралы - балға, суретші құралы -___________________
Тосап – тәтті, ал қыша - ___________________
Ұшқыш ұшақты басқарады, ал аспаз ________________
Қарындашпен сурет саламыз, ал жазамыз _______________________
Жазда жаңбыр, қыста - ___________________
2. Топтарға бөл.
Сөздерді үш-үштен топтарға бөліп жаз. Әр топтың атын жаз. Сөздердің неге олай топқа бөлінгенін түсіндір.
Үйрек, пияз, көйлек, шалқан, жейде, үкі, жапалақ, шомыр, шалбар.
3. Нүктелермен сурет сал |
Бұлтапсырмаданүктелерді рет-ретімен қосу арқылы бояуға болатын сурет шығатындай етіп қосу талап етіледі. Бұлжаттығуназараудару, шыдамдылық, реттіксанау сияқты ерекшеліктерін дамытады. Нүктелеріді тура және кері жалғауға болады. Нүктелерді кері тәртіпте біріктіру кезінде, тапсырма едәуір күрделене түседі.
|
4-сабақ
Тақырыбы: «Бір – бірімізді жақынырақ таниық»
Мақсаты:Сабақтың жалпы жағымды атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмысқа қатыстыру.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Ауадағы би кеші»
Мақсаты: топты жандандыру
Жаттығу барысы. Психолог балаларға бірі құсқа, бірі көбелекке, бірі инелікке айналуын сұрайды. Ауада қалықтап билейді, ұшады, айналады, жоғары секіреді. Бәрі өздерін жеңіл сезініп, күледі, қуанады.
Жаттығу «Шарлармен жаттығу жасау»
Мақсаты: топтың ұжымдасуы.
Қажетті құралдар: топтағы балалар санымен тең және артық мөлшердегі шарлар, көңілді ән үзінділері.
Жаттығудың барысы:
Қатысушылар өздеріне шар таңдап алып, оны үрлейді. Бәрі шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне теріс қарап бұрылады. Шарлар қатысушылардың бүйірлерінде қолсыз қыстырылып тұрады. Ол үшін балалар бір-біріне өте жақын тұруы керек. Жүргізушінің белгісімен көңілді ән басталады да, ойынға қатысушылар шеңбер бойымен қозғала бастайды. Қозғалған кезде ортада қыстырылып тұрған шарларды түсіріп алмау керек. Қолмен көмектесуге болмайды. Ойын басталар алдында жүргізуші қатысушылармен бірге қандай шапшаңдықпен қозғалу керектігін алдын-ала келісіп алуы керек. Бес түрлі қозғалыс шапшаңдығын алуға болады. Мысалы бірінші дегенде қатысушылар баяу қозғалса, бесінші дегенде жылдам қозғала бастайды. Қозғалыс шапшаңдығын араластырып отырады. Келесі қозғалыс түрі кері бағытта жүру үшін бәрі кері бұрылады, бірақ шарды түсіріп алмау керек. Жаттығу кері бағытта қайта жалғасады.
Барлық шарларды алып тастап бір ғана шар қалдырылады. Ол шарды бір-біріне беру керек, бірақ қолмен емес, баспен, аяқпен, шынтақпен тіземен немесе иекпен және т.б. ғана береді. Жетекшінің белгі беруімен жаттығу басталады.
Жаттығу
«Кімде..., орын ауыстырып отырыңдар»
Мақсаты:
ойын топтың ұжымдасуына жәрдемдеседі,
сондай-ақ топқа қатысушылардың
іс-әрекеттерін бақылау арқылы бірінші
реттік психодиагностиканыөткізуге
көмектеседі, жалпы атмосфераға сабақтың
жалпы атмосфералық қолайлылығын
тудырады.
Жаттығудың
барысы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, ал
жетекші ортада тұрады, себебі оның
отыруына артық орындық жоқ. Ол жүргізуші.
Жүргізуші кімдер орын ауыстыратындығын
айтып отырады. Мысалы: «Кімде ...,бар,
орын ауыстырып отырыңдар» дейді де
көбіне ортақ қасиет, киім немесе тағы
басқа заттарды атайды. Мысалы: «Кімде
ақшыл түсті шаштары барлар орын ауыстырып
отырыңдар», «кім бүгін таңғы ас ішті»,
«кім мектепте оқиды». Қатысушылар орын
ауыстырып жатқан кезде, жүргізуші бос
орындардың біріне отыра қояды, нәтижесінде
кімге орындық жетпей қалса, сол ортаға
шығып, жүргізуші болады, ойын осылайша
жалғаса береді. .
Жаттығу «Не өзгерді?»
Мақсаты: ойын байқау мен есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, бұдан басқа, қатысушылардың өзіне және басқаларға зер сала қарап салыстыруға үйретеді. Бұл бір-біріне үйірсектік сезімдерінің дамуына, топтың ұйымшылдығына және ондағы өзінің бекуіне ықпал етеді.
Жаттығудың
барысы:
Топ бір-біріне қарама-қарсы келетіндей
екі қатарға тұрады. Әрқайсысы өзіне
қарама-қарсы тұрған құрбысының
басынан-аяғына дейін зер сала қарап
шығады да, ойша суретін салып, есінде
сақтайды(1 мин). Келесі ретте бір-біріне
теріс қарап бұрылады. Әрқайсысы құрбысына
көрсетпей үстіндегі бір затты немесе
келбетін өзгертеді. Мысалы: бір сырғасын
шешу, мойынтағын, ленталарын шешеді,
жүзік, білезік не сағаттарын басқа қолға
тағу т.б. (30 сек).
Ал енді қайта бұрылып
бір-біріне қарама-қарсы тұрған кезде
құрбысының сыртқы келбетінде не үстінде
не өзгергенін зер сала қарап тауып алуы
керек.
Жаттығу «Мен үшін маңызды не?»
Мақсаты:ойын топ мүшелерінің бір-бірімен араласуына, әр оқушы өзін басқаларға көрсете алуына, топтың ұйымшылдығына ықпал етеді.
Жаттығудың барысы:Көз алдарыңызға елестетіңіздер, сіздер демалыс уақытында дем алу үшін бір жан баспаған аралға ұзақ уақытқа кеттіңіз делік.Сіз жолға қамдану үшін шабаданыңызға ең маңызды деген үш-ақ затты сала алар едіңіз.Сіз не алар едіңіз? Бес минут жақсылап ойланып алыңыз да, сол үш затты атаңыз. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оны түсіндіре талдау қажет. Үш затты таңдау қиын болды ма? Оқушылардың арасында бірдей заттарды таңдаған жауаптар болды ма?
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
“ Ретін қалпына келтір”.
Сандық қатардағы реттік тәртіпті қалпына келтір. Оқушылар қолдарына сандар жазылған үлестірмелерді алып бір қатарға тұрады.
«Нүктелермен сурет сал».
"Сөзді тап - 1"
Тақтада немесе ақ қағазға жазылған сөздердің ішіне жасырылған басқа сөзді тауып алу керек. Мысалы: күлкі, қасқыр, баған, шаш, қармақ, бор, жол, өзен, көмір, қорап, қалам, жиынтық, отан, ағаш т.б.
"Сөзді тап - 2"
Балаға ішінде бірнеше сөз жасырылған әріптердің тізбегі беріледі. Бала ол сөздерді тауып алып, астын сызу керек. Бкүнлнцеитранвпартаорюджиметокноггщищщашатмашинаро
5-сабақ
Тақырыбы: Мен ұқыпты оқушымын
Мақсаты:Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтарға және басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауға үйрету.
Сабақтың барысы:
Жаттығу: "Жел соғады..."
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларының бір-бірінің әдеттеріме нтаныстыру.
Жаттығудың барысы: Психолог "Жел соғады..." деген сөздермен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар өзара бірін-бірі жақсы білу үшін, бір-біріне сұрақтар мынадай болуы мүмкін: "Жел соғады, кімнің шашы сары түсті",барлық сары түсті шашы бар оқушылар бір топқа жиналады. "Жел соғады, кімнің әпкесі бар", "кім жануарларды жақсы көреді", "кім ертегілерді көп көреді", "кімнің достары жоқ" және т. б. Жетекшіні өзгерте отырып, қатысушылардың әрбіріне сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет.
Жаттығу: "Мектепте маған не қажет?"
Мақсаты: оқу құралдарымен танысу
Жаттығудың барысы: Психолог оқушыларға мектепке қажет құрал-жабдықтар жөнінде жұмбақтаржасырады.
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.
(Қалам)
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)
Қабы сояу,
Дiнi – бояу.
(Түрлі-түсті қарындаш)
Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.
(Желiм)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiнеөттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)
Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiңөресi,
Ондажәнежазылған,
Кестем де бар келесi.
(Күнделiк)
Оқу-бiлiмаспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.
(Сөмке)
"Ал енді айтыңызшы: оқушы мектепке немен барады? (Балалар жауап береді: сөмкемен) Дұрыс, сөмкемен. Ал оның сөмкесінде не бар? (Балалар жауап береді: қаламдар, қарындаштар, пеналдар, оқулықтар, өшіргіштер.) Өте жақсы! Ал мектепке дейінгі балалар балабақшаға өзімен бірге не алып барғысы келеді? (Балалар жауап береді: ойыншықтар, қуыршақтар, мәшинелер) Ал олай болса сөмке туралы ертегіні тыңдаңыздар.
Жаттығу "Мен сөмкеме саламын"
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту, мектепке қажет құрал-жабдықтар жөніндегі білімдерін бекіту.
Жаттығу барысы. Балалар отырады немесе шеңбер құрып тұрады. Бірінші бала: "Мен сөмкеме саламын ..." — дейді де, мектепке қажетті бір құралдың атын айтады. Келесі бала да: «Мен сөмкеме саламын...» -дейді де, өз құралын қосады.
Жаттығу: "Төртіншіартық"
Мақсаты: сөмкеде не болу керек екенін ұқтыру.
Жаттығудыңбарысы. Психолог төрт зат салынған суреттерді көрсете отырып, қайсылары мектепке қажет құрал, ал біреуі қажетсіз артық зат екенін айтуларын сұрайды. Балалар ол төртінші зат неге артық екенін түсіндіреді.
Психолог: "Рахмет! Енді біз сөмке жайында және онда мектепке қажет қандай құрал-жабдықтар болу керек екені жөнінде білеміз".
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнеміөсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
1.
Бір сөзді басқа бір сөзге айналдыр.
Жаңа
басқа сөз шығатындай сөздегі бір әріптің
орнын ауыстыр. (жануардың
аты).
кесе |
сүт |
қысым |
нота |
қамал |
саты |
ішік |
азат |
2.
Сөзді
қой
Сөздер мен сандар қатарын оқып шығып, қалып қойған сөздер мен сандарды орнына жаз.
Таңертең, күн, түн, ____________
Бір, екі, үш, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, ____________
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, ____________
Күз, қыс, жаз, _______________
I, II, III, IV, V, VII, VIII, IX, X, ____________
11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, ______________
10, 9, 8, 6, 5, 4, 3, 2, 1, ___________
3.«Нүктелермен сурет сал».
6-сабақ
Тақырыбы: «Мектепке не үшін барамыз?»
Мақсаты: балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезінуге жағдай жасау.
Сабақтың барысы.
Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу"
Мақсаты: топты қыздыру
1 минутта неғұрлым көпадаммен амандасу. Қолмен, мұрын ұшымен, тіземен және т. б.амандасуға болады.
Жаттығу"Сөйлемді аяқта".
Мақсаты: жұмысқа деген көңіл-күйлерін қалыптастыру.
Балалар жүргізуші айтқан сөйлемдерін аяқтайды: "Менің мектепке барғым келеді, өйткені...", "Мен мектепке барамын, үйрену үшін..." және т. б.
Жаттығу: "Ең үздік бірінші сынып оқушысы"
Мақсаты: өзінің жаңа мәртебесін сезінуі
Жаттығудыңбарысы: Психолог: Өткен сабақта біз сіздермен бірінші сынып аңдарымен танысқан болатынбыз. Ал енді елестетіп көріңізші, қыркүйектің жайма-шуақ таңында аңдар орман мектебіне келді. Көшеде жарқын күн сәулесі шуақ шашып, жел, күзгі ағаштың алтын жапырақтарымен ойнап тұр. Қоңырау әлі соғылған жоқ, аңдар өз парталарында өзара сөйлесіп отыр. Оларға мектепке барған өте ұнайды және әрқайсысы ең үздік бірінші сынып оқушысы болғысы келеді.
- Ендеше сіздермен аңдарға көмектесіп көрейік. Әрқайсыларыңыз бір аңның суретін ала отырып, өзіңіздің алған аңыңыз неге ең үздік бірінші сынып оқушысы болуы керек екенін түсіндіресіздер.
Жаттығу:" Мектепке не үшін барады"
Мақсаты: балаларға мектеп не үшін керек екенін түсіндіру.
Жаттығудыңбарысы: Психолог: "Көжек не үшін мектепке баратынын білмейді екен. Ол ойланып және терең толғанып отыр. Балалар, кел, көжекке көмектесейік! Егер оның айтқаны дұрыс болса қолдарыңды шапалақтатасыздар, ал егер дұрыс болмаса, аяқтарыңызбен топылдатасыздар.
Мектепке ойнауға барады.
Мектепке оқуға барады.
Мектепке парталаскөршісімен сөйлесуге барады.
Мектепке достасуға барады.
Мектепке санап үйрену үшін барады.
Мектепке жазып үйрену үшін барады.
Мектепке оқу үшін барады.
Мектепке төбелесу үшінбарады.
Мектепке сабақта жаңа бірдеңе үйрену үшін барады.
Мектепке сыныптастарына сыбырлап көмектесу үшін барады.
Мектепке жаңа көйлегімен мақтану үшін барады.
Мектепке мұғалімнің тапсырмаларын орындау үшін барады.
Психолог: "Сонымен, біз бүгін, мектепке оқу үшін, өмірде қажет болуы мүмкін көп пайдалы жаңалықтарды білу үшін, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап,тапсырмаларын орындау үшін, балалармен достасып, бір-біріне жылы қарым-қатынас орнату үшін баратындығын білдік.
Сурет"Мен мектептемін".
Мақсаты: диагностикалық тапсырма
Балалар өздерінің мектепте жүргендегі суретін салады. Жетекші оларға балаларды, мұғалімдерді, оқу пәндерін бейнелеуді ұмытпауларын үнемі еске салып отырады. Ашық жарқын түстерді пайдалануды, көңілді бөліктер: гүлдер, ойыншықтар немесе тағы басқа заттардың бейнелерін қосуды ұсынады.
Қара түстерді көбірек пайдаланып немесе жалғыз өзін бейнелесе, ол баланың мектепке қиындықпен бейімделіп жатқанын білдіреді.
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
1. Сөз ішіндегі сөзді тап
Жаңа сөз пайда болатындай әр сөзден бір-бір әріптің астын сыз.
шарф әзіл-қалжың сәттілік суыр |
жолбарыс спорт найзағай үгінділер
|
2.Шифрлаушы.
Шифрларды пайдалана отырып,осы сандармен жасырылған сөздерді тап.
А |
Б |
В |
Г |
Д |
Е |
Ё |
Ж |
З |
И |
Й |
К |
Л |
М |
Н |
О |
П |
|||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
|||||||||||||||
Р |
С |
Т |
У |
Ф |
Х |
Ц |
Ч |
Ш |
Щ |
Ъ |
Ы |
Ь |
Э |
Ю |
Я |
||||||||||||||||
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
||||||||||||||||
1 15 1 - |
1 32 - |
6 5 6 15- |
17 1 18 20 1 - |
19 16 14 - |
19 1 20 29 - |
26 29 15 29 - |
8 1 9 - |
3. " Пішінді қайтала "
Мұғалімқолының ауадағы қозғалысымен бір заттың пішінін бейнелейді.
Балаға ауада бейнеленген сол пішінді қолымен қайталауы талапетіледі. Жаттығумоторикалық жадын дамытуғакөмектеседі.
7-сабақ
Тақырыбы: «Біз біргеміз, ажырамас іргеміз»
Мақсаты: оқушылардың оқу ынтымақтастығы жөніндегі дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Амандасайық»
Мақсаты: Қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату. Қол алысу – ашықтық пен ізгі ниеттің шартты белгісі. Бұл орайда, көзбен қарым-қатынастың болуы, жақын тартудың туындауына және жағымды ішкі әсердің пайда болуы үлкен маңызды рөл атқарады. Бұл іс-әрекет сөзсіз өрбитіндіктен, топ мүшелерінің назарының концентрациясын арттырады және іс-қимылға ғажап сонылықбереді.
Жаттығудың барысы: Психолог бір-бірімен қол алысып амандасуға ұсыныс береді, бірақ ерекше түрде болуын қалайды.Екі қолмен екі бірдей қатысушымен бір мезгілде амандасады, яғни қол жұмыссыз болмауы керек. Үшінші біреу амандасқысы келгенше қолды босатпайды және бұл іс-әрекеттерді үн-түнсіз жасау керек. Тапсырма –осылайша топ мүшелерінің бәрімен амандасып шығу керек. Ойын барысында ешкім де сөйлемейді.
Жаттығу «Шариктер»
Мақсаты: топтастыру, қатысушылардың арасындағы кеңістіктік кедергілерді жою.
Жаттығудың барысы. Қатысушылар үш-үштен топтасып мынадай тапсырма алады: үш ауа шарын алып тез үрлеу керек, одан кейін өзара араларына қойып қатты қысу арқылы тез жару міндеті қойылады. Шарды жарған кезде өткір заттарды немесе тырнақтарын, киім бөлшектерін қолдануға болмайды.
Жаттығу «Пингвиндер»
Мақсаты: Ұжымдық топтасу
Жаттығудың барысы: Пингвиндер топтасып өмір сүреді, қыстың қатты суықтары мен борандарында бір жерге ұйлығып, бірін-бірі қорғаштау арқылы жан сақтайды. Сол ұйлыққан топтың ортасы әрқашанда жылы, ал шет жақтары салқын болады, бірақ табиғаттың қатал мінезін бәрі аман-есен көтеріп шығады. Олар мұны қалай істейді? Сіздер қазір пингвиндердің тобы боласыздар. Сіздердің міндеттеріңіз суықтан үсіп қалмау. «Басталды» деген белгі берілген кезде бәрі бөлменің ішінде қыдырып жүреді де, «Боран» белгісі берілген кезде ұйлығып бір топқа жинала қояды.
Кеңес: Сыртқы шеңберде тұрған пингвиндер тоңа бастағанда ортаға қарай ұмтылады да, іште тұрғандар сыртқа қарай қозғалып, ауысып отырады.
Жаттығу «Пішін қалыптастыру»
Мақсаты: балаларды топпен жұмыс істеуге үйрету, топ мүшелерінің өзіндік жеке мүмкіндіктерін бағалауына, топпен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне қолайлы жағдай туғызу.
Жаттығудың барысы: топ бірнеше топшаларға бөлінеді (2-5 адамнан). Әр топ түрлі-түсті геометриялық фигуралары бар конверттер және нұсқаулықтар алады. Нұсқаулық: «Сіздердің орындайтын тапсырмаларыңыз үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен әр топ қандай түсті геометриялық фигура салатындығын анықтап алады. Сол түсті фигура салу үшін қажетті барлық бөлшектерді басқа топтармен өзара алмасу арқылы жинастырып алады.Үшінші кезеңде сол жинастырған бөлшектерден толық бір фигура жасап шығарады.
Қай топ бәрінен бұрын орындаса, сол топ жеңімпаз болып табылады».
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
«Ортақ атауын тап»
Мақсаты: жалпы білімдерін жинақтап дамыту.
Жұмыстың барысы: Сөздер тобына ортақ атауын тауып қой.
Үй шәркесі, қысқы етік, ескі пима _____________________________________________
Шырынды алма, жабайы алмұрт, мароккалық апельсиндер ________________________________________
Балқарағай, күмісшырша, қйың
___________________________
Сіркіреме жаңбыр, шағанқар,ірібұршақ_______________________________________________
Ангоралық мысық, немісовчаркасы, аққой_____________________________________________
8 сөз шығатындай етіп, сөздердің бөліктерін қос.
тас |
|
мұрт |
су |
ертең |
|
Ал |
тер |
|
ең |
кей |
|
таң |
бақа |
|
дәп |
ық |
|
шәр |
бек |
|
қай |
рет |
«Нүктелерді қосып сурет сал».
8-сабақ
Тақырыбы: «Біздің сынып - тұтас топ»
Мақсаты: ұжымның топтасуы,бір «сынып» болып біріккен оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын қалыптастыру.
Сабақтың барысы.
Жаттығу «Мейірімді есім»
Мақсаты: қолайлы эмоционалдық атмосфера қалыптастыру.
Жаттығу барысы. Әр балаға оң жақтағы көршісінің есімін мейірімді сөздермен айту ұсынылады, ал оған көршісі «рахмет» деп жауап беруі тиіс. Осылайша шеңбер бойынша бәрі бірін-бірі мейіріммен атап шығады.
Жаттығу «Жұлдызқұрт»
Мақсаты: Ойын өзара сенімділікке баулиды.
Жаттығу барысы. Көбінесе әріптестерімізді көрмейміз, бірақ естиміз. Барлық істің нәтижелілігі өз мүмкіндіктерін басқа қатысушылардың мүмкіндіктерімен үйлестіре күш жұмсауында болуы мүмкін. «Балалар, бәріміз қазір үлкен бір жұлдызқұрт боламыз да осы бөлменің ішінде қозғалып жүреміз. Бәрің бір тізбекке тұрып, қолдарыңызды алда тұрған құрбыларыңның иығына қойыңыздар. Араларыңызға, яғни біріңіздің іш тұстарыңыз бен арқаларыңызға шар немесе доп қойып қысып ұстап жүреміз. Шар немесе допты қолмен ұстауға болмайды. Тізбекте бірінші тұрған қатысушы өз шарын немесе добын алға қарай созып ұстап тұрады. Осылайша бір ұзын тізбек болып, бірақ қолдың көмегінсіз, бір айналып шығуымыз керек. Бақылаушыларға: лидерлердің, яғни «тірі жұлдызқұрттың» қозғалысын реттеп отыратын балалардың орналасуына көңіл бөліңіздер.
Жаттығу «Оқушының портреті»
Мақсаты:алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтап бекіту.
Жаттығу барысы. Психолог «Оқушы болу дегеніміз не екенін кім айтып береді? Ол үшін не істеу керек? Сендер қандай ақылдысыңдар. Сендер қалай көп білесіңдер! Тағы айтар болсақ нағыз оқушы болу дегеніміз – өз құрбыларыңмен дос болу, оларға барлық жақтан көмек беру.
Жаттығу «Аяқ жол»
Мақсаты: балалардың арасында жылы қарым-қатынас орнату, моторикалық координацияны дамыту.
Жаттығу барысы. Психолог. «Сіздерге мынадай ойын ұсынамын. Барлықтарың ... (белсенді және тез тапқыш бір оқушыны мұғалім жүргізуші қылып өзі таңдап алады) сыртынан теріс қарап тізіліп тұрыңдар. Ойынға қатысушылар сол теріс қараған күйі алдыңғы жетекшінің артынан ойша құрылған аяқ жолмен жыланша ілесіп жүреді. Ойша құрылған кедергілерден де сол теріс қараған күйінде өтуі керек. Ойша құрылған кедергілерді психолог өзі айтып отырады. Мысалы: ойша құрылған орлардан секіріп өту, қалғандары соны қайталайды. Қолмен шапалақтап белгі берілген кезде жетекші жыланның соңына барады да, одан кейін тұрған бала алға бұрылып, әрі қарай қозғалысты бастап кетеді т.с.с.». Бұл ойында барлық қатысушылар жетекші рөлінде болып көруі керек. Ойынды әннің сүйемелдеуінде өткізген өте жақсы.
Жаттығу «Біздің сынып – бұл бәріміз!»
Мақсаты:оқушылар бойында бір сыныптастар ретіндегі ұйымшылдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, тайқақсу, мектептен қорқу сияқты сезімдерді жою.
Жаттығу барысы: Психолог. Қараңыздар бәріміз бірге бір сынып болып саналамыз. Біз әртүрліміз. Әрқайсыларымыздың өзіндік дағдыларымыз, әуесқойлықтарымыз бар, бірақ бәріміз бірігіп бір тұтас боламыз. Гүлдің әр күлтешелері сияқты. Олай болса, қазір әрқайсыларыңыз өз күлтешелеріңізді қиып, аттарыңызды айтып маған келесіздер де, бәріміз күлтешелерді жинап, қосылып үлкен бір гүл жасаймыз. Байқаңдаршы, қандай әдемі гүл пайда болды. Біздің сынып міне қандай – бұл бәріміз!
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығулар барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерінбілдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы жаттығулар: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайшаөтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
9-сабақ
Тақырыбы: «Менің мектептегі көңіл-күйім»
Мақсаты: үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, психикалық тонусын, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сабақтың барысы.
Жаттығу: «Тамшылар».
Мақсаты: психогимнастикалық жаттығу
Жаттығу барысы: Жаттығу әннің сүйемелдеуімен жүргізіледі. Психолог: «Қараңдаршы, аспаннан бір нәрсе құлап келеді. Сол қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Оң қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Алақандарыңызбен жаңбырдың тамшыларын ұстап алыңыздар. Жоғары созылыңыздар. Терең дем алыңыздар. Қолдарыңызды төмен түсіріңіздер. Су тамшысын сілкілеңдер. Терең тыныс шығарыңдар. Тағы қайталаймыз».
Жаттығу «Көңіл-күйімді тап».
Мақсаты:балаларды адамдардың көңіл-күйін танып білуге үйрету.
Жаттығу барысы. Психолог әртүрлі көңіл-күйдегі адамдардың суреттерін көрсетеді, ал балалар суреттегі кейіпкердің көңіл-күйін тауып алуы керек.
Жаттығу «Көңіл-күйді бейнеле»
Мақсаты: көңіл-күй түрлері жөніндегі білімдерін бекіту.
Жаттығу барысы. Қатысушылар үлестірмелерді кезектесіп алады да, онда пиктограммалар көмегімен бейнеленген көңіл-күй бейнелерін басқаларға өзі істеп көрсетеді. Бала өз эмоциясын көрсетеді. Басқалары оның қандай көңіл-күйді бейнелеп тұрғанын табады.
Жаттығу «Хрустальді саяхат»
Мақсаты. Релаксация
Жаттығу барысы. Психолог. Өздеріңе ыңғайлы отырып алып, көздеріңізді жұмыңыздар да, тыншыңыздар. Ойша көз алдарыңа мынаны елестетіп көріңіздер. Сіз көктемгі алма бағына кіріп келесіз, ақшыл-қызғылт гүлдердің жұпарына терң дем алып, рахаттана жалғыз аяқ жолмен баяу қозғалудасыз. Жіңішке аяқ жолмен бір қақпаның алдына келіп тоқтадыңыз, баяу ашып жұпар иісті жап-жасыл алаңқайға тап болдыңыз. Жұмсақ шөп ақырын ғана теңселіп тұр, жәндіктердің ызыңдаған дыбыстары естіледі, баяу жел бетіңізден өбіп, шашыңыздан ақырын ғана сипайды.... Алдыңызда көл .... Суы күмістей таза, әрі мөп-мөлдір, бетінде күн сәулелері бірін-бірі қуалап ойнап жүр. Сіз баяу ғана аралға қарай келе жатырсыз, көл бұлақшаларын жағалап келіп, сарқырамаға келіп тоқтадыңыз.... Сіз сарқырамаға кірдіңіз, жарқыраған су ағындары сізді тазалауда, сізге күш-қуат пен энергия беруде.... Сарқырама сыртында жарық үңгір, тыныш әрі жайлы, сіз өзіңізбен-өзіңіз жалғыз отырып демалудасыз. Ал енді кері қайту керек. Ойша жаңағы жүріп өткен жолды кері бағытта тағы бір жүріп өтіп, алма бағынан шыққанда ғана көзіңізді ашыңыз.
Жаттығу «Көңіл-күй түстері»
Жаттығу барысы. Психолог адамның көңіл-күй түрлері белгілі бір түске сәйкес келуі мүмкін:
қызыл түс - сүйсінуге сәйкес келеді;
қызғылт сары –қуаныш, көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді;
сары – ашық, жағымды көңіл-күйге сай;
жасыл – тыныш, сабырлыжағдай;
көк – уайым, сенімсіздікжағдай;
күлгін – үрейлі жағдай;
қара – құлазу, қайғыруға сай;
ақ – қорқыныш.
Әрі қарай балалар мимикамен көңіл-күй түстерін бейнелейді.
Жаттығу«Менің мектептегі көңіл-күйім»
Мақсаты: баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі уайымы және оқу мотивациясының деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар.
Жаттығу барысы.Психолог балаларға «Менің мектептегі көңіл-күйім» деген тақырыпта сурет салуларын ұсынады. Салып болған соң оқушылар, өздерінің қандай көңіл-күйді бейнелегендіктерін айтып береді. Суреттер бойынша көрме ұйымдастырылады.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерінбілдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы жаттығулар:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
10-сабақ
Тақырыбы: «Оқушы болу қандай керемет»
Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Майшам»
Мақсаты: сәлемдесу, ұжымдық топтасу.
Жаттығу барысы: Тыныш қана әуен ойнап тұрады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Психолог майшам жағады. Психолог: Қайырлы күн, балалар! Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Кәне бір-бірімізге өзгеше сәлем беріп амандасайық! Қазір әрқайсыларыңыз жылу шашқан майшамды бір-бірлеріңізге кезекпен бересіздер. Майшамды оң жақтағы көршіңізге бере отырып, «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын!» деген сөздермен жүрек жылуларыңызды бір-бірлеріңізге білдіріңіздер.
Жаттығу «Бірінші сынып оқушысына арналған сиқырлы жастық»
Мақсаты: өзін-өзі бағалауын көтеру.
Жаттығу барысы. Психолог. Мен сиқырлы жастық әкелдім. Әрқайсыларыңыз сол жастықтың үстіне отырып, бірінші сыныпқа барғаннан бастап өмірлеріңізде қандай өзгеріс болғанын айтасыздар. Жастықтың үстінде отырған оқушы өз әңгімесін: «Мен енді бірінші сынып оқушысымын, енді менде...». Басқалары ұйып тыңдайды.
Жаттығу «Бірінші сынып оқушыларының аралы»
Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жаттығу барысы:Психолог. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Ойша күздің жаймашуақ күнін елестетіңіздер. Сіз әдемі желкенді қайықпен жүзіп келе жатырсыз. Толқындар қайықты оңға, солға жай ғана тербетеді. Бір кезде көкжиектен арал көзге шалынды. Сіз аралға жүзіп келіп тоқтадыңыз да, аралдың үлкен екенін, онда жайқалған көп шөп пен ағаштар барын байқадыңыз. Бірақ арал жан баспаған екен. Қазір біз осы жан баспаған аралдан, бірінші сынып оқушыларының әдемі аралын жасаймыз. Елестеттіңіздер ме? Көздеріңізді ашып тақтада салынған аралға қараңыздар. Тақтадағы арал сіздер елестеткен аралға ұқсай ма? Жоқ. Олай болса тақтадағы сиқысыз аралдан, сіздер елестеткен әдемі бірінші сынып оқушыларының аралын бірлесе жасайық.
Жаттығу «Тамаша бақша»
Мақсаты: арт-терапия, жаттығу өзін сезініп түсінуге көмектеседі, өзі өзі болып өз ойын және өзіндік сезімін еркін жеткізе білуге, әркімнің өз алдына өзгеше екенін ұғынуға, өз орнын көре білуге, бұл өмірдің алуан түрлілігін ұғынып, сол әдемі өмірдің бір бөлшегі ретінде сезінуге көмектеседі.
Жаттығу барысы:қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші жайбарақат отырып, көзді жұмып, өзін гүл ретінде елестетуді ұсынады. Сен қандай гүл болар едің? Жапырақтары қандай, сабағы қандай, тікенді ме? Биік пе, аласа ма? Ашық түсті ме әлде онша емес пе? Бәрін көз алдыңа елестетіп болсаңыздар, сол гүлдің суретін салыңыздар. Бәріне түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаздар таратылып беріледі.
Әрі қарай қатысушыларға өз гүлдерін қиып алу ұсынылады. Әрі қарай қиған гүлдерін аралға апарып жабыстырады. Сол арқылы аралда әдемі гүлдер бақшасын жасайды.
Сол «Тамаша бақшаға» тамсана қарап, әдемі көріністі естерінде сақтауға кеңес беріледі, сонда ғана әдемі көрініс өзінің жағымды энергиясын береді. Байқасаңыздар, гүлдер көп болса да, бәріне орын жетті, себебі әркім өзіне ұнаған жерге ғана гүлдерін орналастырған болатын. Қарасаңыз, сіздің гүліңізге ұқсамайтын басқа да көп гүлдердің ортасында сіздің де гүліңіз өсіп келеді. Бірақ, бірінің түсінен, бірінің көлемі мен пішінінен немесе жапырақтарының пішінінен ұқсастықтарды да байқауға болады.
Жаттығу «От»
Мақсаты: қысылуды алып тастау, көңіл-күйді білдіру.
Жаттығудың барысы: Психолог: Міне біздің де арал жанданып, көңілді бола бастады. Балалар, көңіл-күйлеріңізді сөзбен немесе сөзсіз де жеткізуге болады. Кәне өз көңіл-күйлерімізді әр түрлі фигуралардың пішіндерін қозғалыспен салу арқылы білдірейік. «От» деген кезде бәріміз көңілді әуенге ілесіп билейміз, секіреміз, ал “1,2,3-қатып қал!” деген белгі берілгенде сіздер өз көңіл-күйлеріңізді білдіретін фигураның пішінін келтіретін бейнеде қатып қаласыздар(балалар көңілді әуенмен билейді де, белгі берілгенде фигураларды келтіреді)
Жаттығу «Күн сәулелері»
Мақсаты: топтың ұйымшылдығы.
Жаттығу барысы: Психолог. Өзіміздің аралға қайтып оралайық. Арал үстінде күн жарқырап тұр, бірақ жылытпайды, себебі сәулелері жоқ. Ал жер бетіндегі барлық тіршілікке, гүлдерге де күн сәулесі мен көңіл бөлу өте қажет. Олай болса, жылуын кімге арнағыларыңыз келсе, соған бағытталған күн сәулелерін салайық. Өзіңіз салған күн сәулелерін кімге арнайтындықтарыңызды атын айтып атайсыздар. (Балалар күн сәулелерін салып, өздерінің достарының атын атайды)
Жаттығу «Көбелектің ұшуы»
Мақсаты: релаксация, эмоционалдық диагностика
Жаттығу барысы: Психолог. Біздің гүлдерімізге күн сәулелері шуақ шашуда, жылуын төгуде, олай болса көңіл-күйлеріңіз жақсы болуы тиіс. Аздап тыншып демалып алуға болады.
(Табиғи дауыстар, теңіздің толқындарының дауысы, шағалалардың қиқулаған дауысын келтіретін релаксациялық әуен естіледі)
Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі терең дем алыңыз... Тыныш. Көз алдарыңызға ойша елестетіңіз: күздің жаймашуақ күнінде шалғын үстінде жатырсыз. Дәл алдыңызда бір гүлден бір гүлге ұшып қонып жүрген әдемі көбелекті көрдіңіз...
Көбелектің қанаттарының қозғалысына зер сала қараңыз. Қанаттарының қозғалысы қандай әдемі, қандай сұлу. Енді әрқайсыларыңыз өздеріңізді сол көбелектің орнында елестетіп көріңіз. Сіздің қанатыңыз үлкен әрі әдемі... Сіз қанатыңыздың баяу және бірқалыпты жоғары-төмен, жоғары-төмен қалықтағанын сезініңіз...
Ауада баяу және бірқалыпты қалықтау сезімімен рахаттаныңыз. Ал енді өзіңіз ұшып бара жатқан төмендегі шұбар шалғынға көз тастаңыз. Әдемі, ашық гүлдердің көптігіне көңіл бөліңіз... Көзіңізбен өзіңіздің гүліңізді тауып алып, баяу ғана оған жақындаңыз. Жақындаған сайын өз гүліңіздің иісін де анық сезіне бастайсыз. Баяу және бірқалыпты гүлдің жұмсақ, жұпар иісті дәл ортасына қондыңыз... Өз гүліңізге бір қарап, маңайындағы басқа гүлдерге бір қарайсыз...Өз гүліңіздің жұпар иісімен терең бір тыныс алыңыз..., көз алдыңызға көбелектің түсін елестетіп, көзіңізді ашыңыз. Үстел үстінде түрлі-түсті көбелектер жатыр. Өз көңіл-күйіңізге лайық түстегі көбелекті таңдап алып, біздің тамаша аралымызға апарып жабыстырыңыз. (Әрқайсысы бір көбелекті таңдап алып, тақтадағы суретке апарып жабыстырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Баяу ән ойнап тұрады.)
Жаттығу «Жүректеріміздің жылуы»
Мақсаты:аяқтау жаттығуы.
Жаттығудың барысы:Психолог: бір-бірлеріңізге оң қол алақаны төмен қаратып, сол қол алақанын жоғары қарата тигізе отырып,жүрек жылуларыңызды сақтаңыздар. Сабақ барысындағы еңбектеріңіз үшін шын алғысымды білдіремін. Өзіміз үшін қол соғып қояйық.
(Балалар оң қол алақандарымен көршісінің сол қол алақанын шапалақтап ұрады да, барлығы бірін-бірі иықтарымен құшақтап тығыз бір шеңберге біріге қалады).
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ред. Пилипко Н.В. «Здравствуй, школа! Адаптационные занятия с первоклассниками», Москва, УЦ «Перспектива», 2008 г.
Пилипко Н.В. Приглашение в мир общения. Программа по психологии общения для учащихся начальной школы. М., УЦ «Перспектива», 2000 г. 1.ОвчароваР.В.Практическая психология в начальной школе. – М.:ТЦ Сфера, 2005. – 240с.
Семенака С.И.Социально – психологическая адаптация ребенка в обществе. – М.: АРКТИКА,2006. -72с.
Коноваленко С.В. Как подготовить ребенка к школе: психологические тесты и упражнения. – М.: Изд-во Эксмо, 2003 – 192с.
Истратова О.Н. Психологическое тестирование детей от рождения до 10 лет. Ростов –на-Дону.: Феникс, 2011 - 317с.
Ховрина Г.Б. Психологические особенности коррекционной работы с детьми, не готовыми к обучению в школе. – М.: Педагогический университет «Первое сентября», 2006г.
Глазунов Д.А.Психология Развивающие занятия 1 класс, М 2008
Хухлаева О.В. Школьная психологическая служба, М,2008
Афонькин C. Ю.. Учимся мыслить логически. Увлекательные задачи для развития логического мышления. СПб.: Издательский дом «Литера», 2002.
Безруких М.М., Ефимова CJJ., Князева М.Г. Как подготовить ребенка к школе и по какой программе лучше учиться. М., 1993.
Гельфан ЕМ. Игры и упражнения для маленьких и больших. М., 1961.
Гилъбух Ю.З.Темперамент и познавательные способности школьников. Киев, 1993.
Готовность детей к школе. Диагностика психического развития и коррекция его неблагоприятных вариантов / Отв. ред. В.И. Слободчиков. Томск, 1992.
Минский ЕМ. Игры и развлечения в группе продленного дня. Пособие для учителя. М., 1985.
Зак А.З. Занимательные игры для развития интеллекта у детей 5-12 лет. М., 1994.
Заика Е.В. Комплекс интеллектуальных игр для развития мышления учащихся // Вопросы психологии, 1990, № 6.
1000 веселых загадок для детей. М.: ООО Издательство «ACT», 2003.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген