400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Алақанмен сурет салу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің бір түрі. Дәстүрлі емес сурет салу техникасы. Алақанмен сурет салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алақанмен бейнелеу»

Сабақтың мақсаты:

1.Сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

2.Алақанмен күнді,көгершінді,қызғалдақты бейнелеу;

3.Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,

сөздік қорын молайту.

4. Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету.Әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор, акварель бояуы, гуашь, т.б.

I.Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Сергіту сәті: Алақанмен айналаға

Шуақ нұрын шашайық

Сәттілік тілеп күлімдеп

Біз сабақты бастайық.



Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық

Сабақ барысы:

Оқушыларға алақан арқылы салынған көрнекілік суреттер көрсетіледі.

Алақанмен сурет салу барысын түсіндіру(видеоролик көрсетіледі)











Ең алдымен ақ қағаз, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті қарындаштарды дайындап аламыз. Алақанымызды керекті мүсін шығару үшін саусақтарымызды бүгіп, айналасын бастырып аламыз.

Бастырып болған соң, жануарларымызға көз, кұлақтарын саламыз.



Қажетті түстерді қолданып, жануарларымызды боямыз

Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа «жұлдызша» ұсынамын.

Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.02.2025
173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі