400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Алаш арманы” туындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қылқалам шебері Қанат Шүкірбековтың “Алаш арманы” атты көркем туындысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш арманы

Қанат Шүкірбеков



«Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы».

-Нұрсұлтан Назарбаев


Шындық қанша бұрмаланса да , тарих таразысы ертелі - кеш өзі туралы ақиқатты жырлайтынына көз жеткізіп келеміз. Сондай тың тақырыптардың бірі мәңгі өлмейтін Алаш рухы. Алаш қайраткерлерінің бейнесі ұлттық құндылықты дәріптеудің басты символына айналған бірегей көрініс.. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шеберінің майталманы атанған профессор Қанат Шүкірбековтың шығармашылығынан да шындыққа толы тарихи сюжеттерді көптеп кездестіреміз. Сондай көркем туындыларының бірі - 2017жылы жарық көрген “Алаш арманы”.

Жарқын болашаққа сеніп, Отанымыз бен халқымыздың сұлулығын жырлаған ұлы тұлғалар - Әлихан Бөкейханов , Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дұлатұлы сынды туындыдағы басты кейіпкерлер мүмкіндігінше табиғи әрі тұлғалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарымен бірге кескінделген.

Қазақ халқына тән ерекше көріністер картинада жанданып, әдемі идея төңірегінде әсерлі шешім тапқан. Шаңырақпен аспанның тұстатып кетуі,шаңырақ астында көрініс тапқан алты алаштың алып тұлғалары, ал оның төменгі бөлігінде еліміздің елордасының бейнеленуі - Алаш рухы мен ұраны туралы өзіне тән философиялық ойларды баяндайды.

Шаңырақ- тарих тереңіне тән ерекше символды сипаттап,өткен күннің елесі туралы сыр шертсе, Астана - бүгінгі күні бейбітшіліктің бас қаласына айналған киелі мекен. Жайқалған зәулім үйлер, архитектурасы ерекше көзге түсетін алып Байтерек сынды биік -биік ғимараттар, тәуелсіздік тұғырына тұрғызылған монументтік кешендердің барлығы жаңа заман дамуының үрдісі. Тарих пен жаңа дәуірдің ортасында орналасқан алаш қайраткерлерінің образы - екі кезеңнің кездесуі іспетті өте әсерлі сомдалып, дәуір шындығы жайлы еріксіз сөз қозғап тұрғандай.

Түспен, кеңістікпен және сызықпен батыл жұмыс істеген көркем туынды авторы Қазақстанның таңғажайып әдемі табиғатын, оның заттық әлемін бейнелеуде қанық түстерге баса назар аударғаны да көрерменнің назарынан тыс қалмайды. Жанды колоритпен темпераментті жазуы арқылы суретшінің қолтаңбасы одан әрмен айқындала түседі.

Картинада ұлттық демократиялық мемлекет құру Алаш арыстары ұсынған идеяның негізі екені анық баяндалып, тәуелсіз мемлекет құру деген мақсаттың орындалғанын, және ол азаттық қазақтың маңдайына біткен бақыты, ел ағаларының аманат екені айқын көрініс тапқан.

Қанат Шүкірбеков қазақ ұлттық және бейнелеу өнерінің үздік дәстүрлеріне жаңа образдар жасаудың қас шебері. “Алаш арманы” - отанды адал және риясыз сүюге бағыттайтын, ұрпаққа үлгі болған озық туындылардың бірі де бірегейі.






Темірбек Жүргенов атындағы ҚҰӨА

Тұрсынғазы Гина

“Өнертану” 2курс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі