жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алаш арыстары
«Алаш» партиясы «Алаш» партиясы съезінің қаулысы
20 ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-20). Алаш партиясының өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында (1905-07) қолға алды. ХІХ ғасырда патша өкіметі қазақ жерін бөлшектеп дүркін-дүркін әскери-саяси реформалар жасап, бір-тұтас қазақ халқын бірбірінен әкімшілік территориялық бөлінісіне қарай бөліп жіберді. Қазақ жері Орынбор, Дала, Түркістан генерал-губернаторлығына және Астрахан, Томск, Закаспий болып бөлініп басқарылды. Осы тұста 1917-1919 жылдары Алашорда үкіметінің көсемдері автономия жариялай отырып әр тұсқа шашырап кеткен қазақ халқының басын біртұтас мемлекетінің туы астына біріктіруге күш салып, Алашорда үкіметі құрды. Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды. Алдымен Ә.Бөкейхановтың жетекшілік етуімен Партияның облыстық ұйымдары кұрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы - Халел Ғаббасов), Омбыда (төрағасы - Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы - Әлихан Бөкейханов) облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералдыдемократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының
10
құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
«Алаш» партиясының басшылары, 1917, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы солдан оңға қарай: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені, Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттықмемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Бірінші бүкілқазақтық сеъзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым
11
көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар мыналар: 1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы 5. Жергілікті басқару 6. Оқу мәселесі 7. Сот мәселесі 8. Дін мәселесі 9. Әйел мәселесі 10. Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындық 11. Россия мұсылмандарының кеңесі (шураислам) 12. Қазақ саяси партиясын құру 13. Жетісу облысындағы оқиғалар 14. Киев шаһарында болған Россия Федералистерінің съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтардан өкіл жіберу Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясының құру проблемаларына аударды. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады». Бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп тұжырымдады. Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады.
12
І. Мемлекеттік қалпы. Бұл бапта мемлекеттік құрылыс мәселесінде Россияның терезесі тең мемлекеттердің Федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект өзінің егемендік құқы бар болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық деп аталған Алаш программасы жобасының екінші бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді және тең құқықты Федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады; екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпыадамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жақ, зорлыққа қас болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыртуға еркіншілік. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін ұстауға ерік, кіру-шығу жағына бостандық. V. Билік және сот. Билік және сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу... Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. VI. Ел қорғау. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету. VII. Салық мәселесі. Хал-ауқат, табысқа қарай: байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен таратылу. VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон пансында болу IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық, ақысыз болуы X. Жер мәселесі. Жерге бірінші кезекте түпкілікті халық ие болады. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Бұл кезең қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық мемлекет болып аз да болса өмір сүрген тарихи уақыты болып саналады. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 жылғы 5-12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақстандық екінші съезде қазақ халқының әртүрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің бірігіуіне саяси негіз жасады.
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды. «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық-аймақтық –федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы, көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелері қаралып бекітілді. Алаш партиясы ұлттық саяси күш ретінде Алашорда үкіметін құрып және Алаш автономиясын жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды көкседі. Тағдырлары қайғылы аяқталғанына қарамастан, Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп, оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген