Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алаш идеясындағы «Мәңгілік ел құндылықтары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Казахский язык класс 9 рус
1. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Айрандай ұйыған.
B) Көмектесу.
C) Жақсы көрген.
D) Құрметтеген.
E) Бала бағу.
2. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Қара көзді.
B) Жылқы мінезді.
C) Ата-ананы.
D) Әкені тыңдау.
E) Ережені сақтайды.
3. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Денсаулық.
B) Адамның ақылы.
C) Қой аузынан шөп алмас.
D) Салт-дәстүрді сақтау.
E) Қыран бүркіт.
4. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Үйлену тойы.
B) Әдет-ғұрып.
C) Құрметті қонақ.
D) Тойған қозыдай.
E) Сәлем берді.
5. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Отбасы мүшелері.
B) Алдағы уақыт.
C) Сүт тағамдары.
D) Тамақ пісіру.
E) Сүт пісірім уақыт.
6. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Бөрікпен ұрып алу.
B) Үлкенмен амандасу.
C) Киіз үй тігу.
D) Төрге отырғызу.
E) Сөздерді аудару.
7. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Матадан тігу.
B) Су жүрек.
C) Жолақтап тоқу.
D) Киім кию.
E) Қымыз ішу.
8. «Айрандай ұйыған» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Ерте тұру.
B) Қалада тұру.
C) Астанаға көшу.
D) Тату-тәтті тұру.
E) Үйден шығу.
9. «Қой аузынан шөп алмас» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңілді.
B) Мейірімді.
C) Ақылды.
D) Белгілі.
E) Момын.
10. «Бөркін аспанға лақтыру» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Қатты қуану.
B) Қатты ренжу.
C) Қатты қорқу.
D) Қатты таңдану.
E) Қатты сыйлау.
11. «Көзі ілінбеу» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Ұйықтамау.
B) Күлмеу.
C) Ойнамау.
D) Тамақ ішпеу.
E) Жүгірмеу.
12. «Бетінен оты шығу» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Ақылдасу.
B) Ұялу.
C) Басқару.
D) Зерттеу.
E) Дайындау.
13. «Тілінен бал тамған» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
A) Әдепті.
B) Атақты.
C) Шешен.
D) Жомарт.
E) Мәдениетті.
14. Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
B) Жігіт жолдасынан белгілі.
C) Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
D) Әке - балаға сыншы.
E) Сүт пісірім уақытта барлық жұмысты бітірді.
15. «Жүрегінің түгі бар» тұрақты тіркесінің антонимін белгілеңіз.
A) Ақ саусақ.
B) Көзі ілінбеу.
C) Жылқы мінезді.
D) Қоян жүрек.
E) Бөрікпен ұрып алу.
16. Әкемнің үлкен ұлы маған кім болатынын анықтаңыз.
A) Іні.
B) Аға.
C) Нағашы.
D) Жиен.
E) Әке.
17. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Басшы.
B) Отбасы.
C) Қолөнер.
D) Тағамдар.
E) Думанды.
18. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Туыстары.
B) Мектебі.
C) Елтаңба.
D) Немеренің.
E) Сүттен.
19. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Тапсырманың.
B) Тұлпарлар.
C) Жазшы.
D) Шығармашылық.
E) Тұрмыста.
20. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Мерекеге.
B) Алашаны.
C) Адамдар.
D) Шаңырағы.
E) Әдебиеттер.
21. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Қазақтың.
B) Кілемді.
C) Баспана.
D) Жастар.
E) Кітабы.
22. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Сәрсенбі.
B) Балалары.
C) Құрметті.
D) Қыздар.
E) Алтынның.
23. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Таңертең.
B) Ақерке.
C) Асқар тау.
D) Туған жылы.
E) Еркеназ.
24. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Салт-дәстүр.
B) Бес үй.
C) Жүз жыл.
D) Әке-шеше.
E) Киіз үй.
25. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Үлкен мереке.
B) Тату-тәтті.
C) Алтын ұя.
D) Ер жігіт.
E) Көк ала.
26. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Менің добым.
B) Ұлдың баласы.
C) Жақсы көру.
D) Берен мылтық.
E) Ақылды адам.
27. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Құмай тазы.
B) Он бес.
C) Адамның ақылы.
D) Сұлу қыз.
E) Жасыл жер.
28. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Әдіс-айла.
B) Асыл бұйым.
C) Баланың бесігі.
D) Мейірімді бала.
E) Қыран бүркіт.
29. Кейінді ықпалдың нені білдіретінін белгілеңіз.
A) Қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етуі.
B) Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
C) Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан болып үндесуі.
D) Қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының алдыңғы дыбысқа ықпал етуі.
E) Сөздің айтылған кездегі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
30. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Киіз бүкіл үйді қар-бораннан қымтайды.
B) Қазақтардың үйі көшпелі тұрмысқа арналған.
C) Киіз үйдің шаңырағы арқылы ішке жарық түседі.
D) Қонақтарға арналған киіз үй сәнді әрі салтанатты болады.
E) Киіз үй – тез жиналып, тез құрылатын баспана.
31. Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Сабағын оқыды.
B) Сурет салды.
C) Кітап қарады.
D) Киіз үй.
E) Құмай тазы.
32. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Өзеннің жанында.
B) Сүт тағамдары.
C) Құрметті қонақ.
D) Қазақ халқы.
E) Басты тақырып.
33. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Үлкен үй.
B) Қаланың сырты.
C) Тәтті тағам.
D) Қара шаңырақ.
E) Туған жер.
34. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Асқар тау.
B) Кенже бала.
C) Ауылдың іші.
D) Білім алу.
E) Досқа көмектесу.
35. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Айтып жүр.
B) Үлкен отбасы.
C) Ұлттық тағам.
D) Үйдің маңында.
E) Ас әзірлеу.
36. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Жақын адам.
B) Сенімді дос.
C) Жүйрік ат.
D) Өнерлі адам.
E) Терезенің алды.
37. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Шкафтың арты.
B) Өмір сүреді.
C) Жеті ырыс.
D) Сұлу қыз.
E) Ер жігіт.
38. Көмекші есімді белгілеңіз.
A) Қазақ отбасы.
B) Үстелдің үсті.
C) Жеті қазына.
D) Бесікке салу.
E) Тұсау кесу.
39. Көмекші есімдердің нені білдіретінін анықтаңыз.
A) Заттардың жекелеген атаулары.
B) Басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалатын зат есімдер.
C) Кемінде екі сөзден тұратын зат есімдер.
D) Лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші сөздің жетегінде қолданылатын зат есімдер.
E) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар пен құбылыстардың атаулары.
40. Лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші сөздің жетегінде қолданылатын есім сөздерді белгілеңіз.
A) Деректі зат есімдер.
B) Дерексіз зат есімдер.
C) Жалқы есімдер.
D) Жалпы есімдер.
E) Көмекші есімдер.
41. Көмекші есімі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жау жоқ деме, жар астында.
B) Батыр туса, ел ырысы.
C) Еңбек ет те, міндет ет.
D) Асылдың бірі – асылдық.
E) Қонақ аз отырып, көп сынайды.
42. Көмекші есімі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Ердің екі сөйлегені – өлгені.
B) Ел іші – алтын бесік.
C) Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
D) Досы көпті жау алмайды.
E) Қонақ – құдайдың еркесі.
43. Сөйлемдегі көмекші есімнің қай септікте екенін анықтаңыз.
Наурыз мейрамының алдында дайындық жұмыстары болады.
A) Барыс септік.
B) Ілік септік.
C) Жатыс септік.
D) Шығыс септік.
E) Көмектес сөйлем.
44. Сөйлемдегі көмекші есімнің қай септікте екенін анықтаңыз.
Ауылдың үстінен қаз-үйректер ұшып өтті.
A) Барыс септік.
B) Ілік септік.
C) Жатыс септік.
D) Шығыс септік.
E) Көмектес сөйлем.
45. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойыңыз.
Ақылдының ... , ақымақтың ... жүр.
A) Алдындағы, қасындағы.
B) Жанына, ішіне.
C) Үстінің, қасының.
D) Сырты, іші.
E) Алдымен, артымен.
46. Әлі тәуелсіздік алмаған есім сөздерді белгілеңіз.
A) Көмекші есімдер.
B) Дара зат есімдер.
C) Жалқы есімдер.
D) Негізгі зат есімдер.
E) Деректі зат есімдер.
47. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Аяқтаса.
B) Түсіндіргісі келеді.
C) Жасаған еді.
D) Айналысады.
E) Тігіп жатыр.
48. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Келуге болады.
B) Жүгіріп келе жатыр.
C) Бастағысы келді.
D) Өткізбейді.
E) Оқыпты.
49. Берілген мақал-мәтелдерден қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
B) Отан отбасынан басталады.
C) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
D) Жаманды мақтағың келсе, алысқа жібер.
E) Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай.
50. Қалау райдың жұрнақтарын анықтаңыз.
A) –а, -е, -й.
B) –са, -се.
C) –ған, -ген, -қан, -кен.
D) –ып, -іп, -п.
E) –ғы, -гі, -қы, -кі.
51. «–ғы, -гі, -қы, -кі» жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің райын белгілеңіз.
A) Қалау рай.
B) Шартты рай.
C) Бұйрық рай.
D) Ашық рай.
E) Осы шақ.
52. Көп нүктенің орнына тиісті қалау рай жұрнағын қойыңыз.
Менің Астанада оқы...м келеді.
A) – қы.
B) – ғы.
C) – кі.
D) – гі.
E) – са.
53. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Сыйлаған екен.
B) Тұсау кесу.
C) Оқығысы келді.
D) Көмек көрсету.
E) Тойлайды.
54. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Көшіп-қону.
B) Киіз басу.
C) Оқып шықты.
D) Салғысы келді.
E) Бесікке салу.
55. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Кенже бала – шаңырақ иесі.
B) Оны ешкім өзгерткісі келмеді.
C) Бесікке салу – халқымыздың елеулі дәстүрі.
D) Әке – балаға сыншы.
E) Мерекелік дастарқан жайылды.
56. Неологизмді анықтаңыз.
A) Суретші.
B) Жарнама.
C) Өнер.
D) Тағам.
E) Шешен.
57. Неологизмді анықтаңыз.
A) Отбасы.
B) Ата-ана.
C) Құжат.
D) Бұлақ.
E) Дәстүр.
58. Неологизмді анықтаңыз.
A) Бесік.
B) Немере.
C) Құрмет.
D) Ұшақ.
E) Қонақ.
59. Неологизмді анықтаңыз.
A) Үлкен.
B) Домбыра.
C) Ыдыс-аяқ.
D) Зергер.
E) Зейнетақы.
60. Неологизмді анықтаңыз.
A) Пайыз.
B) Халық.
C) Шапан.
D) Сөйлем.
E) Киім.
61. Неологизмді анықтаңыз.
A) Алаша.
B) Мұражай.
C) Кітап.
D) Алтын.
E) Жаттығу.
62. Неологизмді анықтаңыз.
A) Күміс.
B) Мектеп.
C) Әнұран.
D) Кілем.
E) Бүркіт.
63. Көп нүктенің орнына тиісті неологизмді анықтаңыз.
Ә.Қастеевтің есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, ... берілді.
A) Ұшақтарға.
B) Нарыққа.
C) Аулаларына.
D) Мұражайларына.
E) Ғарышқа.
64. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Халықтар бірлігі жасасын
B) Сен радио тыңдайсың ба
C) Кино шығаруда режиссердің ролі зор
D) Көп білу үшін көп оқу керек
E) Балалар кітапханадан журнал алды
65. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Ит өлген жер.
B) Жасыл дала.
C) Жазғы табиғат.
D) Қызыл өрік.
E) Алыс жер.
66. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Жеңіл жүк.
B) Көз ілмеді
C) Дәмді ас.
D) Қара же.
E) Алыс аймақ.
67. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Көк аспан.
B) Әділ адам.
C) Қоян жүрек.
D) Туған жер.
E) Қызық кітап.
68. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Көгілдір экран.
B) Тіл қатпау.
C) Белгілі адам.
D) Туған өлке.
E) Қара торғай.
69. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Су жүрек.
B) Көздің нұры.
C) Үлкен қала.
D) Сұлу қыз.
E) Жақын адам.
70. «Көз ілмеу» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Отыру.
B) Ұйықтамау.
C) Ояну.
D) Қорқу.
E) Қуану.
71. «Қоян жүрек» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Батыл.
B) Күшті.
C) Қорқақ.
D) Әділ.
E) Мықты.
72. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Қуану.
B) Ренжу.
C) Қорқу.
D) Жылау.
E) Айқайлау.
73. «Бетіне келмеу» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Қарсы келмеу.
B) Ренжітпеу.
C) Қорқытпау.
D) Жыламау.
E) Айқайламау.
74. «Бетінен оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Қысылу.
B) Ұялу.
C) Қорқу.
D) Күлу.
E) Үндемеу.
75. «Аузын ашпау» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Қуану.
B) Ұялу.
C) Қорқу.
D) Күлу.
E) Үндемеу.
76. «Таяқ тастам жер» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Алыс.
B) Жақын.
C) Биік.
D) Шалғай.
E) Ұзақ.
77. «Ит өлген жер» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Алыс.
B) Жақын.
C) Биік.
D) Шағын.
E) Ұзақ.
78. «Тепсе темір үзеді» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Әлсіз.
B) Жақсы.
C) Мықты.
D) Ширақ.
E) Ұзын.
79. «Фразеологизм» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.
A) Мақал.
B) Мәтел.
C) Көнерген сөз.
D) Тұрақты сөз тіркесі.
E) Сөз табы.
80. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Көктем келді.
B) Күн жылынды.
C) Оқушы кітабын ашты.
D) Дала суық.
E) Өте жақсы.
81. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Қонақтар келді.
B) Оның жүрегі ауырды.
C) Дүкен ерте ашылды.
D) Досым келді.
E) Өткен күндер.
82. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Қара жорға.
B) Аламан бәйге.
C) Шаңырағы биік.
D) Оның досы.
E) Кешкі жиналыс.
83. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Баланың добы.
B) Әжемнің туыстары.
C) Атамның немересі.
D) Анамның інісі.
E) Досымның қарындасы.
84. Кейінді ықпалды табыңыз.
A) Баланың киімі.
B) Әкемнің достары.
C) Атамның медалі.
D) Қыздың көйлегі.
E) Қарындасымның лентасы.
85. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Үйдің терезесі.
B) Даланың гүлі.
C) Батырдың ерлігі.
D) Анамның сырғасы.
E) Досымның үйі.
86. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Теңіздің толқыны.
B) Күннің көзі.
C) Біздің егемендігіміз.
D) Қазақстанның табиғаты.
E) Студенттер үйі.
87. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Ауылдың адамы.
B) Күннің сәулесі.
C) Сенің болашағың.
D) Қазақстанның өзендері.
E) Адамның ойы.
88. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жас ұрпақтың келешегі.
B) Ақынның суреті.
C) Ата-ананың арманы.
D) Көлдің жағасы.
E) Ағаштың тамыры.
89. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Алтынның бағасы.
B) Ақынның кітабы.
C) Баланың ойыны.
D) Өзеннің суы.
E) Қаланың шеті.
90. Екі сөз арасындағы кейінді ықпалды анықтаңыз.
A) Он бес.
B) Отыз екі.
C) Жиырма бес.
D) Отыз бір.
E) Тоқсан алты.
91. Екі сөз арасындағы кейінді ықпалды анықтаңыз.
A) Оның ойы.
B) Ақ лақ.
C) Жуан дыбыс.
D) Отырар сазы.
E) Той иесі.
92. Екі сөз арасындағы кейінді ықпалды анықтаңыз.
A) Арманның ойы.
B) Арыстанның құлағы.
C) Көк аспан.
D) Дарынды сазгер.
E) Мереке күндері.
93. Екі сөз арасындағы кейінді ықпалды анықтаңыз.
A) Көп жазылды.
B) Тез әкелді.
C) Аспанға ұшты.
D) Әңгіме оқыды.
E) Досымен кездесті.
94. Көмекші есімді анықтаңыз.
A) Алдында.
B) Алаңда.
C) Үйде.
D) Қалада.
E) Досында.
95. Көмекші есімді анықтаңыз.
A) Биікте.
B) Үстінде.
C) Далада.
D) Үстелде.
E) Адамда.
96. Көмекші есімді анықтаңыз.
A) Жерде.
B) Сыртында.
C) Бөлмеде.
D) Орындықта.
E) Аулада.
97. Көмекші есімді анықтаңыз.
A) Жағада.
B) Ортасында.
C) Білімде.
D) Орманда.
E) Арманда.
98. Көмекші есімді анықтаңыз.
A) Айналасында.
B) Орындықта.
C) Балада.
D) Жанында.
E) Аралда.
99. Көмекші есім бар сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Үйдің терезесінде.
B) Үйдің есігі.
C) Үйдің төбесінде.
D) Үйдің бөлмесінде.
E) Үйдің қабырғасында.
100. Көмекші есім бар сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Қаланың үйлері.
B) Қаланың адамдары.
C) Қаланың көшелері.
D) Қаланың сыртында.
E) Қаланың алаңында.