Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алаш көркі - Астана
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Алаш көркі - Астана.
Орындаған : Акылбекова Р.Д.
ТАРАЗ-2018 ж.
Тақырыбы: Алаш көркі – Астана.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның Астанасын таныстыра отырып, олардың туған елге, қалаларымызға,отанымыз Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: дисктер, интерактивті тақта, ребус.
Сабақтың барысы:
Қазақстанның астанасы төрт рет ауысты,оларды атайтын болсақ:
1920-1924жж Орынбор қаласы;
1925-1929жж Қызылорда қаласы;
1929-1997жж Алматы қаласы;
1997ж Ақмола қаласы;
1998ж 10-маусымда Қ.Р. Астанасы ретінде ресми тұсаукесері өткізілді;
-
Қызылорда тарихы: Қызылорда-қала , Қызылорда обл-ң әкімшілік ,экономикалық және мәдени орталығы (1938ж).Сырдария өзен-ң оң жағалауына орн-н. Тұрғыны 196,1мың адам.Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817ж. салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1853ж тамызынан басқыншы , генерал В.А.Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды.1867 Перовскіге қала мәртебесі беріліп ,уезд орталығына айналды. 1901-06ж Орынбор-Ташкент т.ж. салынған тұста қала халқы тез қарқынмен өсті.1922ж.қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-ң астанасы мәртебесі берілді (1929ж дейін).
-
Алматы:
Алматы облысының орталығы-Алматы қаласы,республикалық мәртебесі бар қала.Қазақстанның оңт. Шығысында,Іле Алатауының солт. Баурайында орналасқан.Аумағы 190 шаршы шақырым,тұрғыны 1,06млн адам 1929-1997ж дейін Қазақстанның астанасы болды. 6-қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Алматы Іле Алатауының бастау алатын Қарғалы,Үлкен және Кіші Алматы,Есентай,т.б.өзендер атырабында орналасқан.Қаланың айналасы, негізінен, таулы,сайлы-жыралы келеді.Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м)бедері тік жартасты,терең құзды ,құлама беткелі. Бір сөзбен айтқанда Алматы табиғаты әсем деуге болады.
-
Алматы тарихы:
Алматының 2.5мың жылдық тарихы бар.Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен.Іле Алатауының етегінде Алмату қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид әд-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық , Алмату қалалары туралы жазады. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар,кейінірек үйсіндер,орта ғасырларда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар,Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр.Ал 1929-1997ж дейін Қазақстанның астанасы болды.
-
Алматы рухани орталық:
Алматыны республиканың рухани орталығы деуге болады.1990ж бері Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық конкурстар өнер мерекесіне айналған.1994-1996ж Алматыда Тәуелсіздік монументі ,Әбу-Насыр әл-Фарабидің , Райымбек батырдың , Жамбылдың , Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш – мүсіндері ашылды.
-
Алматы қаласы ( видеофильм ).
-
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы.
Қала жөніндегі негізгі мәлеметтер:
Қаланың құрылған жылы - 1832жылы;
Теміржол бекетінің атауы Ақмола станциясы;
1961жылға дейін Ақмола қаласы;
1961-1992жылға дейін Целиноград;
1993-1998жылға дейін Ақмола қаласы;
1997жылы 20-қазанда Қ.Р. Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан астанасы болып жарияланды;
1998жылы мамырда Қ.Р. Президентінің Жарлығымен Ақмола аты өзгертілді;
-
Тарихи - Астана ( видеофильм ).
-
Ақмола қалашығы, Целиноград, Ақмола, Астана…
Ақмола қалашығы бір кездері бірнеше ғана шикі кірпіштен тұрғызылған үйі бар шағын ғана елді-мекен шенеуніктердің назарына ілінеді деп кім ойлапты?
1994жылдың 6-шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы , Астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды.1997жылы қаланың ауданы 258шаршы шақырым болса бүгінде Астана 710,2шаршы шақырым жерді алып жатыр.
1998 жылдың 6-мамырында Қ.Р. Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді . Бүгінде Астана – саяси , эканомикалық және әлеуметтік – мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.
-
Астана – Еуразияның қиылысы ( видеофильм ).
-
Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы идеяның жүрегі - Елбасымыз.
Осы бір шешім тәуелсіздік алғанына көп бола қоймаған Қазақстан үшін мынадай түйіндерді шешіп берді :
Біріншіден, Үкіметті Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған 1994ж ортасында тәуелсіздігін баянды ету , мемлекеттің біртұтастығын , елде тұрақтылық пен келісімді сақтау мемлекеттің алдында тұрған кезек күттірмейтін міндет еді. Президент бұл мәселеде дұрыс шешім қабылдай білді. Табандылық таныта білді.
Екіншіден, астананың Алматыдан Ақмолаға ауысуы нарықтық жүйеге көше бастаған шақтарда экономикаға демеу болды. Астана құрылысы елдің ертеңгі күнге деген сенімін күшейтті.
Республика аумағында халық пен өндіргіш күштердің біржақты орналасуы Қазақстан астанасы ауысқаннан кейін ғана түзеле бастады. Болашақта республиканың солтүстік және орталық аумағы тың технологиялық жаңалықтар орталығына айналуына , ауылшаруашылығы машиналарын жасауға бағыт алуына , ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге осы аймақтарда дамытутуға негіз жасалынды. Бұл жұмыстар жүргізілуде.
Үшіншіден, елді басқару институттарының Алматыдан Астанаға
көшуі елдің қауіпсіздігін нығайтуға берік негіз қалады. Мемлекеттің орталығы шекарадан алыстау жерге ауысты , Орта Азиядағы шиеленісті аймақтардан қашықтау қоныстанды. Көрші елдердегі дағдарыстар кезінде елдің Астанасы мемлекеттің орталығына қарай ауысқаны бірден – бір дұрыс шешім болғаны дәлелденіп отыр.
Төртіншіден, Қазақстанның сыртқы саясаты қазір әлемнің Солтүстігіндегі, Оңтүстігіндегі , Батысындағы , Шығысындағы елдермен бірдей дәрежеде жүргізілуде. Үкіметті Астанаға көшіру , біз дүниенің төрт жағына да жағымды саясат жүргізетін елміз , дегенді білдіретіндей.
Бесіншіден, Алматыда бұрын да орасан зор ауқымды шығын әкелген жер сілкіністері болған. Мұндай қауіп әлі де бар екенін айтушылар аз емес. Елдің басқару органдарын қауіпсіз аймаққа ауыстыру төтенше жағдайларда мемлекетті басқару мүмкіндігін арттырады. Мұндай қадамды әлемдік қауымдастық әліл бағалады. Әрине, қазіргі құрылыс индустриясын осыдан бір ғасыр бұрынғымен салыстыру мүмкін емес. Жер сілкінісі бола қалған жағдайдың өзінде Алматыдағы материалдық шығындар , тұрғындардың зардап шегуі осыдан жүзден астам жыл бұрынғыдай бола қоймас. Бірақ мемлекеттің басқару органдары қауіпті аймақтан орналасуының маңызы орасан зор.
Алтыншыдан, астананың Алматыдан Астанаға ауысуы қазақстандықтардың жүрегінде отаншылдық сезімінің алауын тұтатты . Миллиондаған қазақстандық Астананы тамашалап , тәуелсіздік алғанына небәрі 15 жыл толған жас мемлекеттің осыншалықты дәрежеде өскеніне көз жеткізіп отырмыз.
-
Астана көріністері ( видеофильм ).
Оқушыларға арналған сұрақтар:
-
Қалай ойлайсыңдар, өткен Ақмола қаласымен бүгінгі Астанананың айырмашылығы бар ма?
-
Ақмоланы Астана етіп жариялау , Алматыдан Ақмолаға көшіру дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
-
Астанамыз бүгінгі таңда қандай?
Қорытынды.
Астанамыз бүгінгі таңда Алаш қауымының мақтанышы болып отыр.
Себебі, Жас Астананың сұлулығы күн санап артуда. Астана ел экономикасының күре тамырына айналып отыр. Астананы «қиялдағы қала» деп айтқандар көп болатын. Ал қиялдың шындыққа айналғанын көрген адамға қанат біткендей болады. Сонымен, Астана – еліміздің жүрегі , Тәуелсіздігіміздің – тірегіне айналып отыр. Алаш көркі – Астана.