Материалдар / Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға арналған Әлихан оқулары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға арналған Әлихан оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Алаш арысы» Мақсаты: Алаш көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның тарихи ерліктерін насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті күшейту, Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту. Көрнекілігі: Слайд, портрет,кітаптар көрмесі. Өткізілу барысы: 1–жүргізуші:Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,білім алушылар! Алаш қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі, жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырушыларының бірі, публицист, ғалым, аудармашы, қазақтың зиялы азаматы, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейханның тәуелсіздікке жету жолында талмай күрескені, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, атқарып кеткен ісі, артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі ме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
51
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға арналған Әлихан оқулары


Тақырыбы: «Алаш арысы»

Мақсаты: Алаш көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның тарихи ерліктерін насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті күшейту, Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: Слайд, портрет,кітаптар  көрмесі.


Өткізілу барысы:


1–жүргізуші:Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,білім алушылар! Алаш қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі, жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырушыларының бірі, публицист, ғалым, аудармашы, қазақтың зиялы азаматы, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейханның тәуелсіздікке жету жолында талмай күрескені, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, атқарып кеткен ісі, артта қалдырған орасан мол мұрасына бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ал ұлт тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа насихаттау біздің негізгі міндетіміз!

2–жүргізуші:

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған,

«Қайткенде Алаш көркейер» деген ойдан,

Басқа ойды өмірінде қолданбаған– дей отырып,біз Алаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған Әлихан оқуларын салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер! (би)

1-жүргізуші: Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейханға арналған Облыстық «Әлихан оқуларының» шымылдығын ашу құрметі, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің директоры Еркінбек Ысқақұлы Қоняновқа беріледі.

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Орманова Лаура Байгазиевнаға беріледі.

Видеобаян көрсетіледі

1-жүргізуші: Алаш қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі болған Әлихан Бөкейхан туралы өз пікірін білдіруге,бүгінгі іс шараға жиналып отырған жас жеткіншектерге үлгі насихат ретінде жол көрсетуге келіп отырған филология ғылымдарының докторы, профессор Имангазинов Мұратбек Мубыракханұлына сөз беріледі.

2-жүргізуші:  Әлихан Бөкейхан қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті.


1–жүргізуші: Облыстық Әлихан оқуларының қатысушылары «Алаш арысы» тақырыбында жазған арнау шығармаларын Сіздердің назарларыңызға ұсынады.


2–жүргізуші: Әлихан Бөкейханның 155 жылдығында Алаш көсемінің тарихи ерліктерін паш еткелі отырған Әлихан оқуларының қатысушыларын қошаметпен қарсы алайық!


1–жүргізуші:

-Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін

Жаңа күш, жаңа қуат тілеуменен

Өзіңе басымды ием көрерменім –дей келе жиналған қауымның назарына өз өнерлерін ұсынатын жас ақындардың реттік санын анықтап алайық. (ән)


2–жүргізуші: Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп айтып кеткен. Шынында, өмірінің соңына дейін елі мен жері үшін, халқы үшін аянбай күш-жігерін сарп еткен Әлихан Бөкейханның ерлігін жырлағалы отырған жас ақындардың өнерін бағалайтын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық және Республикалық сқақшылар байқауының лауреаты Кәрім Турлыхан бастаған әділқазы алқасымен таныс болыңыздар!



1–жүргізуші:

Әділқазы алқасы:

1. Сатирик, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық және Республикалық сқақшылар байқауының лауреаты: Кәрім Турлыхан.

2. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері: Орманова Лаура Байгазиевна.



3. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы: Имангазинов Мұратбек Мубыракханұлы.

4. Ақын, жазушы, журналист Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының және Авторлар қоғамының мүшесі, «Талдықорған» газетінің аға тілшісі: Айдын Кәрімхан.

5. Педагогика ғылымдарының магистрі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс доктаранты: Тохтанова Асель Керимовна.

2–жүргізуші: «Әлихан оқулары» мәресіне де келіп жетті . «Тура биде туған жоқ дегендей» шындықты бетке айтып, әділ төрелігін беретін әділқазылар алқасы шешімдерін шығарғанша , колледжіміздің жоғарғы санатты оқытушысы Еркимбаева Гульмира Бердешовна жетекшілік ететін «Актерлік –шеберлік» үйірмесінің дайындаған Алаш орда арыстарына арналған Мұхтизар Титаковтың «Мұрат үшін майдан» пьесасын назарларыңызға ұсынамыз. Гүльмира Бердешовна Мұхтизар Титаковтың нағашы немересі болып келеді. Мұхтизар Титаковтың әкесі Әлихан Бөкейханның жеке тілмашы және аудармашысы болып қызмет атқарған.

Марапаттау рәсімі өткізіледі.

1–жүргізуші: Ең керемет күн – бүгін! Келіп, тамашалағандарыңызға үлкен рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын! Сау болыңыздар!
























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!