жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алаш Орда

Алаш орда
(1917-1920)

ЖОСПАР
Алаш орданың құрылыуы
Алаш орда тарихы
Алаш орданың басшылары
Алаш ордасының қызметі
Кеңес одағының алаш ордасына қатынасы
Қортынды: Алаш ордасының тарихи маңызы

Алаш Орда – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық автономиясын құру
мақсатында құрылған үкімет. Оның негізі 1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында
Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезінде қаланды.Екінші жалпықазақ съезінің
шешімдері:1)Алаш автономиясын жариялау. 2) Ұлттық кеңес ретінде Алаш Орда
үкіметін құру. Оның құрамына 25 мүше енді, төрағасы болып Әлихан Бөкейхан
сайланды. 3)Мемлекеттік басқару жүйесін, сот пен құқықтық тәртіпті ұйымдастыру.
4)Жер мәселесі, ұлттық әскер (милиция) құру сияқты маңызды мәселелерді шешу.
Алаш құрылуы

Алаш тарихы
Алаш орда туы
Алаш орда территорясы
Негізін қалаушылар
Алаш Ұлттық Жерлі
Автономиясының мемлекеттік
туы туралы түрлі болжам, алып-
қашпа пікір бар. Қазіргі Қазақ
елінің аумағында алғаш рет
зайырлы мемлекет болып
дүниеге келген Алаш
Республикасының туы ислам
мемлекеті болғанын
білдіреді.Яғни Алаш
автономиясы толықтай ислам
дінің насихат еткен.
1917 жылы желтоқсанда
Орынбордағы екінші бүкіл қазақ
съезінде алаштықтар Алаш
автономиясының құрылғанын
жариялады. Бұл жаңа
формацияның құрамына мыналар
кіруі керек еді: Орал облысы,
Торғай облысы, Ақмола облысы ,
Бөкей Ордасы , Семей облысы ,
Каспий маңы облыстарының
аудандары мен Алтай
губерниясының қазақтар
мекендеген аудандары.
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26
шілдеде Орынбор қаласында ІI
Жалпықазақ съезінде құрылды.
Партия 1917 жылы 5 қазанда Алаш
деп аталды.Партия жетекшісі Ә.
Бөкейханов болды, партияны құруға
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.
Шоқай, Ш. Құдайбердиев, М.
Тынышбаев және т.б. алаш
зиялылары атсалысты.

АЛАШ ҚАЙРЕТКЕРЛЕРІ
Әлихан Бөкейханов
Міржақып Дулатұлы
Ахмет Байтұрсынұлы
Мағжан Жұмабаев
Мұстафа Шоқай

Әлихан Бөкейханов
(1866-1937)
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5 наурыз,Қарқаралы уезі,Семей
облысында дүниеге келген. Қазақтың мемлекет қайраткері. Алаш
партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы,
публицист, ғалым, аудармашы.1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-
демократиялық партиясының мүшесі.Қарқаралыда патша өкіметінің
отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып,14 500 адам қол
қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.1905
жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші
Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды.1911-1914 «Қазақ» газетін
ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек
сіңірді.1917 жылы ІI Жалпықазақ съезінде құрылған Алаш автономиясыны
тұңғыш төрағасы болып сайланады.Алаш автономиясы уақыты кезіндеде ол
ыдырағаннан кейін де Әлихан Бөкейхановтын Қазақ еліне тигізген пайдасы
өте көп.1926 жылы ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист,
жадағай белсенділердің көрсетуімен екі рет тұтқындалып, түрме азабын
тартты. 1927 жылы Мәскеуге жер аударылады,онда он жыл үй қамауында
отырған Әлиханды 1937 жылғы тамызда тұтқындап, бір айдан кейін жалған
жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.1989 жылғы мамырдың
14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы
жоқ болғандықтан, ақталды.

Міржақып Дулатұлы 1885 5
қарашада, Торғай облысында
дүниеге келген.Қазақтың аса
көрнекті ағартушысы, қоғам
қайраткері, ақын,
жазушы,либералды-
демократияшыл зиялылардың
бірі.Міржақып Дулатұлы —
әдебиеттің әр түрлі жанрына
қалам тартқан қаламгер.
Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!"
деген атпен Петербург
қаласындағы жарық көрген өлең
жинағы. Одан кейін 1913 жылы
Орынборда "Азамат", ал 1915
жылы "Терме" атты өлеңдер
кітаптары басылып шығады.
Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры
болды.Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға,
әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады.1910
жылы оның "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында
басылып шықты. Бұл - кейбір зерттеушілердің
пайымдауынша қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман еді.1913
жылы "Қазақ" газетін,басылымына белсене араласады. 1920
жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет
атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады.
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту
институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip
топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он
жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Міржақып Дулатұлы
(1885-1935)
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5
қыркүйек,қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай
облысында дүниеге келген.Қазақтың ақыны,
әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері,мемлекет қайраткері, қазақ тіл
білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін
салушы ғалым.1905 жылы жазылған
Қарқаралы петициясы авторларының бірі.
«Қазақ» газетін негізін қалады.Алаш Орда
құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-
ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы
етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1920 ж. тамызда
құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына
еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық
ағарту комиссары қызметінде жұмыс жасады.
Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса
жүріп, сонымен қатар өзінің оқытушылық-ұстаздық
жұмысынан да қол үзбеген.Ташкенттегі Қазақ халық
ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінен сабақ берді.1929 жылы Алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынды, 1931 жылы
қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж.
қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп
ұйғарылды.1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып,
екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.
Ахмет Байтұрсынұлы
(1872-1937)

АЛАШ ОРДАСЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ
Саяси қызмет
Алаш ордасы қазақ
халқының мүдделерін
қорғау және
Қазақстанның саяси
дербестігін нығайту үшін
күрескен.
Әкімшілік қызмет
Алаш ордасы
Қазақстанның әкімшілік
құрылымын
қалыптастырып, жергілікті
басқару жүйесін
ұйымдастырды.
Мәдени қызмет
Алаш ордасы қазақ
тілін дамыту, білім
беру жүйесін жетілдіру
бағытында үлкен
жұмыстар жүргізді.

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ АЛАШ ОРДАҒА
ҚАТЫНАСЫ
Кеңес одағының Алаш Ордаға қатынасы күрделі әрі қайшылыққа
толы болды.
Кеңес одағының Алаш Ордаға қатынасын үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады
1.Ынтымақтастық кезеңі
(1917-1919)
2. Қақтығыс кезеңі
(1919-1920)
3.Репрессия және Алаш
Орда идеяларын жою
кезеңі (1920-1930)

1. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
(1917–1919 ЖЫЛДАР)
Большевиктер билікке келгеннен кейін, Ресейдегі ұлттардың
өзін-өзі басқару құқығын мойындайтынын жариялады. Осыны
ескеріп, Алаш Орда қайраткерлері бастапқыда Кеңес
үкіметімен ымыраға келуге тырысты. Алаш Орда Кеңес
өкіметіне қолдау көрсеткенімен, нақты биліктің
орталықтандырылуы, қазақ халқының мүдделерін ескермеу
Кеңес Одағы мен Алаш Орда арасындағы қарым-қатынасты
қиындата түсті.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген