|
Күні:23.10.2018ж
|
Сыныбы: 9
|
Пәні: Қазақстан тарихы
|
|
Сабақ
тақырыбы: «Алаш» партиясының
құрылуы
|
|
Сабақ
мақсаты: Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш
партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси
ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру. Алаш қозғалысы туралы
оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын
қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын
түйіндеп айта білу қабілеттерін
дамыту. : Алаш
қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа,
патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай
жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете
білуге үйрету.Алаш қозғалысы саяси күрес екендігін, осы саяси
күрестің мәні мен мақсаттарын білу.
|
|
Сілтеме: күнтізбелік жоспар, оқу жоспары,
оқулық.
|
|
Оқыту
нәтижелері: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына
нақты пікір қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын айта
білу қабілеттерін дамыту. Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға
келтіріп ұлтжандылыққа, партиоттыққа тәрбиелеу,ұлт көсемдерін
құрметтеуге, істерін үлгі ете білуге
үйрету.
|
|
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
|
|
Әдісі: СТО, АКТ, топтық жұмыс, жеке жұмыс,
түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
|
|
Көрнекіліктер: слайд, кестелер, бейне-ролик,
суреттер, «Алаш» қайраткерлерінің портреттері, стикерлер
ватман.
|
|
Кезеңі /уақыты/
|
Мұғалім
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
|
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сергіту сәті.
Сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар үш топқа
бөлінеді.
«Шаттық
шеңбер» тренингі
|
Оқушылар
сәлемдеседі. Сабаққа дайындалады. Зейінін сабаққа аударады. Үш
топқа бөлінеді.
|
|
Үй
тапсырмасын тексеру.
|
«Тұлғаны тану»
1. Ә.Бөкейханов
2. А.Байтұрсынов
3. М.Дулатов Сұраққа жауап беру арқылы өрмекші торын
құрамыз. 1. 1917ж Ресейде
неше мемлекеттік төңкеріс болды. (
екі) 2. Алғашқы қандай
төңкеріс болды. (ақпан) 3. Ақпан төңкерісінде кім тақтан құлады. ( II
Николай) 4. II Николай
тақтан құлатылды орнына қандай мемлекет құрылды? (уақытша
үкімет) 5. Оны кімдер
басқарды? (министрлер) 6. Большевиктер кімдерге үгіт - насихат
жүргізді? (солдаттар мен
жұмысшыларға) 7. Көтерілісшілер
не деп ұрандады? 8. Қандай талаптар
қойылды? 9. 1917жылы
24қазанда қандай төңкеріс болды? (қазан
төңкерісі) 10. Қазан
төңкерісінде қандай үкімет құлады? (уақытша
үкімет) 11. Уақытша
үкіметтің орнына қандай мемлекет құрылды? (кеңес
үкіметі) 12. Кеңес
үкіметіне басшылық еткен кім? (В. И Ленин)
|
Оқушылар әр бір тұлға жайлы жеке
мазмұндайды.
|
|
Жаңа
білімді игеру
|
1.
Ассоцация «Алаш»
сөзіне түсінік беру
2. Постер құру
1 топ «Алаш» партиясының
құрылуы
2 топ «Алаш» партиясының
бағдарламасы
3 топ «Алаш» партиясының
мақсаты
Дескриптор
Оқушылар «Алаш» сөзіне түсінік
берді.Бағдарлама құрды.
Пресс-конференция
Талдау
тақырып:
1 топ «Нұр Отан»
партиясы
Алаш зиялылары сол
кездегі қоғамдық сұранысқа сай партия құра
білді.
Бағдарламасын жасап, жалпы
қазақ съездерін өткізді......
2топ «Ақ жол»
партиясыТалдау тақырып:
«Алаш» қозғалысы – ХХ ғасырдың басында оянған дәуіріміздің
ұлы оқиғасы. Сонау 1920 жылдардағы күйреуге қарамастан, «Алаш»
идеясы ұлттық мемлекетіміздің іргелі негіздерін қалады және жаңа
тарихи жолы – Тәуелсіз Қазақстан жылдары қайта
жаңғырды.............
4.3 топ «Ауыл»
партиясы.Талдау
тақырып:Тарихи
жылдарды сөйлету.
Дескриптор Бірін бірі
тыңдады,талдады,ортақ шешім тапты.
|
Оқушылар «Алаш» сөзінің
мағынасын ашады.
Оқушылар өзара топтармен
пікірлесе отырып, постер жасап, жауап
береді.
Әр партияға қойылған сұраққа оқушылар топтасып
жауап береді.
Оқушылар ХХғ.
басындағы тарихи оқиғаларды атауы керек.
|
|
Жаңа
білімді бекіту
|
«Бейне ролик»
көрсету «Алаш арыстарының соңғы сөздері мен соңғы
суреттері»
|
Оқушылар көрген бейне ролик бойынша өз ойларымен
бөліседі.
|
|
Бағалау
|
Оқушылар
бір-бірін бағалайды, қойған бағаларын талдай отырып, бағаларын
қоямын.
|
Оқушылар
бағаларын күнделікке қойғызады.
|
|
Кері
байланыс
|
Оқушыларға
стикерлер таратамын. «Менің ойымша бүгінгі сабақтың
маңызы .....»Оқушылар сабақ туралы өз ойларын бір сөйлеммен
білдіреді.
|
Оқушылар таратылған стиктерге сабақтан алған ойларын
жазады. Тапсырады.
|
|
Үй
тапсырмасы
|
Эссе жазу.
Тақырыбы: «Алаш арыстары»
|
Оқушылар үй
жұмысын күнделікке жазып алады.
|
|
Рефлексия
|
«Бас
бармақ»
|
|
|
Дескриптор
|
«Алаш» сөзіне түсінік
берді.Бағдарлама құрды. Бір бірін
тыңдады,талдады,ортақ шешім айтты ,ойларын жазды
.
|