«Алаш қайраткерлерінің тілдік ұстанымы және қазіргі мемлекеттік тіл мәртебесі»
Бүгінгі таңда қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – Алаш арманының бір парасы орындалды деген сөз. Дегенмен, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, нақты мемлекеттік басқару, құқық, медицина, цифрлық технология, ғылым салаларында толық қолданылуын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Тіл – ұлттың жаны, рухы, болмысы. Бұл ұстанымды XX ғасырдың басында өмір сүрген Алаш қайраткерлері жүректеріне мықтап түйген. Олардың бар арманы – қазақ халқының санасын оятып, дербес мемлекет құру еді. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің мәртебесін көтеру қажеттігін терең түсінді. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Алаш қайраткерлерінің басты арманы – тәуелсіз ел, азат қоғам құру еді. Бұл мақсатқа жетудегі негізгі тетіктердің бірі – ұлт тілі болатын. Себебі Алаш зиялылары тілді — халықтың жаны, ұлттың болмысы, мемлекет тірегі деп таныды. Олар тіл мәселесін ұлтты ұйыстыратын негізгі фактор ретінде қарастырды. Алаштың ірі өкілдері – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғалар ана тілінің тағдырына ерекше мән берді. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқулығын жазып, қазақ тіл білімінің негізін қалады. Ол тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін нақтылап, қазақ тілінің грамматикасын ғылыми тұрғыда жүйеледі. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың басындағы ұлттың оянуына, саяси, мәдени және рухани тәуелсіздікке ұмтылған қазақ зиялыларының ұлы қозғалысы. Бұл қозғалыстың ең басты бағыттарының бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ұлттық мектеп пен ана тілінде білім беру жүйесін қалыптастыру болды. Алаш қайраткерлері қазақ тілін ұлттың ұйытқысы деп танып, оны дамытуға үлкен үлес қосты.Алаш қайраткерлері қалдырған рухани мұра – тілге деген адал көзқарас пен жанашырлық.
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Сайын Шапағат ауылы
Сайын Шапағат ЖББМ КММ
Бастауыш пәні мұғалімі
Малтабарова Нурсулу Нуржановна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Алаш қайраткерлерінің тілдік ұстанымы және қазіргі мемлекеттік тіл мәртебесі»
«Алаш қайраткерлерінің тілдік ұстанымы және қазіргі мемлекеттік тіл мәртебесі»
Бүгінгі таңда қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – Алаш арманының бір парасы орындалды деген сөз. Дегенмен, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, нақты мемлекеттік басқару, құқық, медицина, цифрлық технология, ғылым салаларында толық қолданылуын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Тіл – ұлттың жаны, рухы, болмысы. Бұл ұстанымды XX ғасырдың басында өмір сүрген Алаш қайраткерлері жүректеріне мықтап түйген. Олардың бар арманы – қазақ халқының санасын оятып, дербес мемлекет құру еді. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің мәртебесін көтеру қажеттігін терең түсінді. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Алаш қайраткерлерінің басты арманы – тәуелсіз ел, азат қоғам құру еді. Бұл мақсатқа жетудегі негізгі тетіктердің бірі – ұлт тілі болатын. Себебі Алаш зиялылары тілді — халықтың жаны, ұлттың болмысы, мемлекет тірегі деп таныды. Олар тіл мәселесін ұлтты ұйыстыратын негізгі фактор ретінде қарастырды. Алаштың ірі өкілдері – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғалар ана тілінің тағдырына ерекше мән берді. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқулығын жазып, қазақ тіл білімінің негізін қалады. Ол тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін нақтылап, қазақ тілінің грамматикасын ғылыми тұрғыда жүйеледі. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың басындағы ұлттың оянуына, саяси, мәдени және рухани тәуелсіздікке ұмтылған қазақ зиялыларының ұлы қозғалысы. Бұл қозғалыстың ең басты бағыттарының бірі – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ұлттық мектеп пен ана тілінде білім беру жүйесін қалыптастыру болды. Алаш қайраткерлері қазақ тілін ұлттың ұйытқысы деп танып, оны дамытуға үлкен үлес қосты.Алаш қайраткерлері қалдырған рухани мұра – тілге деген адал көзқарас пен жанашырлық.
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Сайын Шапағат ауылы
Сайын Шапағат ЖББМ КММ
Бастауыш пәні мұғалімі
Малтабарова Нурсулу Нуржановна
шағым қалдыра аласыз


