жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алаш үкіметінің құрылуы
Сабақтың тақырыбы: Алашорда үкіметінің құрылуы |
Сыныбы: 11 Пәні:Қазақстан тарихы |
Мұғалімі:Делек Базаргүл |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Білу:Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы еске түсіреді. Түсіну:Алашорда үкіметінің саяси бағдарын түсінеді. Қолдану:Алашорда үкіметінің орталығы болған және ІІ жалпықазақ құрылтайы өткізілген қалаларды картадан көрсетеді. Талдау: Алаш қайраткерлерінің саяси ұстанымдарының өміршеңдігіне талдау жасайды. Жинақтау: Алаш және Алашорда туралы ой қорытады. Бағалау: Алаш қозғалысы туралы эссе жазады.
|
||||||||||||||||||||||||
Көпір тапсырмалары |
1.Қазан төңкерісі қашан болды?Оның нәтижесі 2.Қазақстан Кеңес үкіметі қашан орнады? 3.Ең алғаш кеңес үкіметі орнаған қала.Оны картадан көрсетіңіз. 4. «Үш Жүз» партиясы қашан құрылды?Оның алғашқы төрағасы кім болды? 5. «Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. 6.Түркістан автономиясы туралы не білесіңдер?
|
||||||||||||||||||||||||
Ақпарат бөлімі 4 мин
|
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы бейнефильмді тамашалап алады.
|
||||||||||||||||||||||||
Жетелеуші сұрақтар |
Бейнероликті көріп болған соң мынадай сұрақтар қойылады -Не көрдіңіз? -Не сезіндіңіз? -Не ойландырды? |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
1.Екінші Жалпықазақ құрылтайы 2. «Алаш» партиясының бағдарламасы мен тактикасы 3.Алаш ардақтылары 4.Алаш қозғалысы |
||||||||||||||||||||||||
Бекіту |
1.Алаш партиясы қашан құрылды? 2.Алашорда үкіметі қашан құрылды? 3.Алашордашылардың баспасөз органы? 4. «Қазақ» газеті қай жылдары шығып тұрды? 5.Алашорда үкіметінің мүшелерін ата. |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы:
Деңгейлік тапсырмалары 10 мин |
І деңгей Білу Түсіну
ІІ деңгей Қолдану Талдау
ІІІ деңгей Жинақтау Бағалау |
1.1.Алаш партиясы туралы не білесің? 1.2.Алаш партиясының төрағасы кім болды? 2.1.Екінші жалпықазақ құрылтайы қашан және қай қалада болып өтті?Алашорда үкіметінің уақытша орталығы болған қаланы картадан көрсетіңіз. 2.2.Алашорда мен тәуелсіз Қазақ елін салыстырыңыз. 3.1. Алашорда қайраткерлерінің саяси бағдары туралы ой қорытыңыз. 3.2.Алаш қозғалысы туралы эссе жазыңыз. |
|||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмалар 10 мин
|
1-топ.Әлихан Бөкейханов тобы 2-топ.Міржақып Дулатов тобы 3-топ.Ахмет Байтұрсынов тобы 4-топ.Халел Досмұхамедов тобы |
1-топқа тапсырма - ІІ Жалпықырғыз-қазақ съезінде Алаш автономиясын құрудан басқа қандай мәселелер қарастырылды? 2-топқа тапсырма -Алаш партиясының бағдарламасы қандай баптардан тұрды? 3-топқа тапсырма -Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі 4-топқа тапсырма Алаш қозғалысының тарихи маңызы |
|||||||||||||||||||||||
Карта «Алаш қозғалысы» |
|
||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
Бағдарламаның
"Мемлекет қалпы"
атты бірінші тарауы
|
||||||||||||||||||||||||
«Қазақ» газетін құрастыру 5 мин |
Қандай мақалалар жарияланған болатын? |
||||||||||||||||||||||||
Қосымша тапсырма 5 минут |
Сәйкестендіру «Алаш» партиясының бағдарламасы
|
||||||||||||||||||||||||
жауаптары |
1-З 2-И 3-Д 4-Е 5-Ж 6-Г 7-Б 8-В 9-А 10-Ә |
||||||||||||||||||||||||
Көрініс «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» 4 минут |
Р-роль А-аудитория Ф-форма Т- тақырып
НКВД түрмесі.
Тергеуші столы, алдында басы таңылып,
қанға боялған Әлихан отыр. |
||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
1.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы білімдерін дамытады. 2.Екінші жалпықазақ құрылтайында қаралған маңызды мәселелермен танысады. 3.Алашорданың уақытша орталығы болған қалаларды біледі және картамен жұмыс жасай алады. 4.Алашорда үкіметі мен қазіргі еліміздің саяси бағыттарын салыстырады. 5.Алаш ардақтылары туралы жаңа білімдермен танысады. 6.Алаш қозғалысының мән маңызын айқындап эссе жазады. |
||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс 1 мин |
ББҮ стратегиясы
|
||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма 1мин |
«Алаш қозғалысының тарихи маңызы» эссе жазу. |
10-15 сөйлем |
|||||||||||||||||||||||
«Тұлғаны таны» қосымша тапсырма
1.Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. (Ә.Бөкейхан)
2. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген.Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. (А.Байтұрсынұлы)
3. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. (М.Дулатұлы)
4. Оның тарихи зор еңбегінің бірі — Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Онда ол Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл,отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Оккупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады. (Әлімхан Ермекұлы)
5. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. (Жүсіпбек Аймауытов)
6. Ол қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. 1900-1906 жж. Санкт-Петербург қаласындағы Императорлық жол қатынасы институтын бітіріп шыққан. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрылысына қызметке жіберілді. 1907 жылы ол ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан депутат болып сайланды.(М.Тынышбаев)
7. Оның өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған ол 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік жары Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.( Мұстафа Шоқай)
8. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. (Х.Досмұхамедов)
9. Ол қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін Кеңес өкіметінің солақай саясатын сынға алып, балама жол ұсынған С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақұлы, т.б. тобында болды. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Ф.Голощекиннің тапсырмасымен БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бақылау комиссиясы оның үстінен іс қозғады. Ол ұлтшыл атанып, сынға ұшырады.Балық шаруашылығын жандандырды, бұл кәсіпшілікке қазақтардың тартылуына жол ашты. Гурьевте электрстанса құрылысын салу жұмысына тікелей басшылық етті. 1929 жылы ауыр науқастан көз жұмды. (Жалау Мыңбаев)
Өзін-өзі бағалау бетшесі
р\с |
Оқушының аты-жөні |
білу |
Түсі ну |
Қолда ну |
Тал дау |
Жинақ тау |
Баға лау |
Топтық\ жұптық |
Жалпы ұпай |
баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғарғы ұпай -5 ұпай әр тапсырма бойынша.
Ұпайды бағаға ауыстыру 5-15 ұпай- «3», 16-25 ұпай- «4»,26-35 ұпай- «5»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген