400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш зиялыларының елдік сана тұрғысындағы тұжырымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық рухты асқақтататын – елдiк сана. Елдiк сана – ұлттық идеологияның өзегi. Елдік сана ұлттық рухтың көрсеткіші. Елдік сана биік болса ана тiлi жат идеологияны таратушы құралға айналмай, өзiнiң дiттеген мақсатына жетедi. Елдік сана мен мемлекетшілдік сана егіз ұғымдар. Рухани тамырлар негізінде мемлекетшілдік сана тамырын тереңге жаяды. Мемлекетшілдік санаға жол ашатын тұлға бойындағы ұлттық рух.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаөзен қаласы

2 ЖББМ

тарих пәні мұғалімі: Орунбасарова Б



Тақырып : Алаш зиялыларының  елдік сана тұрғысындағы тұжырымдары

Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден».

Әлихан Бөкейханұлы

 

Ұлттық рухты асқақтататын – елдiк сана. Елдiк сана – ұлттық идеологияның өзегi.  Елдік сана ұлттық рухтың көрсеткіші. Елдік сана биік болса ана тiлi жат идеологияны таратушы құралға айналмай, өзiнiң дiттеген мақсатына жетедi. Елдік сана мен мемлекетшілдік сана егіз ұғымдар. Рухани тамырлар негізінде мемлекетшілдік сана тамырын тереңге жаяды. Мемлекетшілдік санаға жол ашатын тұлға бойындағы ұлттық рух. Адам саяси ілімдер, саяси теориялар мазмұнын зердесіне құйғанымен мемлекетшілдік санамен қарулана алмайды. Мемлекетшілдік сана ұлттық саяси білімдер арқылы қалыптастын дүние. Мәселен, тарихымыздағы  біртуар хандар өз заманының әлемдік саяси тұжырымдарын білмесе де, халқының төл тарихын, болмысын, түйткілдерін жетік білгендіктен, аласапыран уақыттарда елінің етек – жеңін жинап, елдікті бекемдеп, ұлттық рухтың қазығы бола білді. Билер мен жырауларымыз заманына қарай амалы деп, ұлт болашағын болжап, төніп келе жатқан қауіптен жұртын ұлттық рух сезімін күшейту, мемлекетшілдік сананы көтеру арқылы қорғай білді.

Ұлттық рухтың діңгегі – ұлттық намыс. Сөзімізге халқымыздың намыс категориясына қатысты этнографиялық мәні зор мақал-мәтелдер дәлел. Ұлттық намыс дегеніміз өзіңді жатқа қадірлету, ұрпағыңа ата-бабаңның тегін аяқ асты еткізбейтіндей биіктікте ғұмырлық тәрбие беру, еліңді өзге ниетке қор еткізбеу. Елдік сана ұлттық мінездің қалпына орай тамырын жаяды. Ұлттық мінезді қалыптастыратын бірнеше факторлар бар. Ұлт мінезінің мәйегі географиялық ортаның ерекшелігіне орай бейімделе қалыптасатын шаруашылық қалпы. Шаруашылық қалпының халықтың тұрмысын тікейте білу халіне қарай  әлеуметтік өмір көрініс береді. Егерде шаруашылық қалпы халықтың бақуатты өмірін қамтамасыз ете алмаса, онда сол елдің замана биігіне шығуы дүдәмәл болатындығы анық. Түйіндеп айтарымыз, кез-келген білім ұлттық тәрбиенің қуаттылығын күшейтуге қызмет етуі тиіс. Мәселен, «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларда елдік сана, ұлттық намысқа қатысты мәселелер көп көтерілген. «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақалада «Жұрт болудағы мақсат осы күнгі тірі жүрген адам баласына ғана емес, кейінгі нәсіл-нәсіп, үрім-бұтақтың кем – қор болмауы үшін керек зат. ... Кейінгі буынның ата – бабасы осы күнгі тірі жүрген біздер. ...Алла құзырында, тарих алдында біз жауапкер емеспіз бе?!...Алаш тілегіне қарсы болатын кімдер екені белгілі. Бұлар екі түрлі. Бірі – қаны қарайған, ұлт намысы дегеннен бейхабар, жамандықты кәсіп қылып қалған ант ұрғандар. ...Бұларға елдің тыныштығынан бүлінгені керек.  Жұрт тыныш болса, мұндайларға абырой жоқ. Осыны олар жақсы біледі. Екінші түрі – ел ішіндегі партия құмарлар. Бұар істеп жүрген істері жұртқа зиянды екенін ойламай, партия қуғанын, «баққа таласып жүрміз» деп адасып жүрген надандар. ...әркім бетімен жайылып, «баққа таласып», баяғы Иванға шауып баратын болса, Алаш тілегіне қарсы болды деген осы» [1, 440 б.],- деп жазылып, одан әрі бірлік – береке қылған ұлттың болашағы зор екендігі түйінделіп, халыққа ұғындырылған. Ұлттық намыс болған жерде Алаш идеясының өміршең болатындығы дәлелденген. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.03.2023
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12