Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аласа таулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: білімділік: Қазақстанның аласа таулары туралы түсінік бере отырып, таулардың ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін анықтау. дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру. тәрбиелік: География материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: География

Сыныбы: 8 а,ә Күні: 19.10.2017ж


Сағат саны: №14

Сабақтың

тақырыбы

Аласа таулар

Мақсаты


Мақсаты:

білімділік: Қазақстанның аласа таулары туралы түсінік бере отырып, таулардың ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін анықтау.

дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.

тәрбиелік: География материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Қазақстанның аласа тауларын біледі,таулардың ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін түсінеді және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолдануды үйрену. Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, тарих, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, Кестемен жұмыс «Мәтінді кестеге салу», «Таулар атулары», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту,. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе




2 мин










3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушылары аласа таулар атауы арқылы топқа бөлінеді



Психологиялық ахуал туғызу. Қазақстанның жазықтары қандай?


Кіріспе сұрақ: Жазықтардың негізгі түрлері?

Анықтаушы сұрақ: Жазықтардың түрлерін қалай анықтаймыз?

Нақтылаушы сұрақ: Ойпатттар мен үстірттердің айырмашылығы?

Тікелей сұрақ: Қыраттар мен үстірттердің ұқсастықтары қандай?

Түсінік беруші сұрақ:Үстіртер мен аласа таулы аймақтардың ұқсастықтары?

Ассоциацияларың: Ойпатттар дегеніміз не? Қазақстанда қандай ойпаттар таралған? Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары?

Жабық сұрақ: Экологиялық апатты аймақтар?

Ашық сұрақ: Жазықтар, ойпаттар, үстірттер мен қыраттардың басты өзендері ?


Оқушылар аласа таулар атауы арқылы топқа бөлінеді.Оқушылар бір-бірін сынып ішінде тауып, топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.


Әр топтан жауап сұрау, оны картадан көрсету

Тұсаукесер.

(POWER POINT)





3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Қазақстанның аласа таулы өлкелері бейнеленген бейнероликтер көрсетіледі

-Балалар, біз өткен сабақта нені қарастырдық?

-Дұрыс айттыңдар, Қазақстанның жазықтары мен ойпаттарын және үстірттері мен қыраттарын.

- Жазық аймақтарға қарама қайшы келетін аймақтар қандай аймақтар?

-Иә,Таулар. Ал тауларды өткенде ең бірінші қандай ерекшелігіне назар аударамыз?

- Дұрыс айтасыңдар, олардың биіктігіне.

-Олай болса, бүгін біз сабақта Қазақстанның тауларымен, оның ішінде аласа таулы өлкелерімен танысамыз.


Негізгі бөлім:

Білу





5 мин

Сарыарқа Қазақстанның аласа таулы өлкесі — Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Батыс Сібір жазығы.  Торғай үстірті. Сауыр-Тарбағатай,  Аягөз-Шар өзенінің  аңғары, Бетпақдала, Балқаш көлі, Тұран ойпаты. Ені — 1200 км, батысы — 900 км, шығысы — 350 км

Палеозойдың магмалық және шөгінді жынысынан (кварцит, гранит) құралған аласа таулы аймақ. Сарыарқадағы Қызыларай тауы оның ең биік жері — Ақсораң 1565 м, Ұлытау 1133 м, Шыңғыстау 1305 м, Қарқаралы 1403 м, Көкшетау 947 м.

Ұлытау — Сарыарқаның оңтүстік — батысында орналасқан шоқылы, орташа тау. Орташа биіктігі 400 – 600 м. Ең биік жері – 1134 м.

Мұғалжар тауы. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы — 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).

1.Оқулықпен жұмыс, 65-68 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша аласа таулы өлкелер туралы конспект жазып алады.


Түсіну





5 мин







Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Оқулықпен жұмыс. Берілген өлкелерге қысқаша түрде эссе жазу.

1 топ. Сарыарқа. Қазақстанның ұсақ шоқылары. Ұлытау таулары

2 топ.Мұғалжар таулары

3 топ. Маңғыстау таулары

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топ мүшелері эссені түсіндіреді.


Қолдану


5 мин









Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма. Картамен жұмыс.

1-топ. Қазақстанның үстірттері мен қыраттарын атап, оларды картадан көрсету.

2-топ. Сарыарқаны және оның биік нүктелерін көрсету.

3-топ. Мұғалжар таулары, оның сілемдерін және биік нүктелерін көрсету.



2 тапсырма. Оқушылар берілген кестені толтырады








Оқушылар кескін картаға белгілейді.


Белгіленген карталарды топтар бірін –бірі тексеріп бағалайды.


Әр топ оқулықты, географиялық атласты пайдаланып, берілген тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті






2 мин

Сергіту сәті.

«Таулар атаулары» ойыны.

Оқушылар бір Қазақстандағы тау атауын айтады, келесі оқушы сол таудың ең соңғы әрпінен басталатын тау атын айтып жалғастырады.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау





5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

1. «Таулар қандай критерийлер бойынша бөлінеді деп ойласындар?»

2. «Аласа таулар мен биік таулардың ұқсастықтары?»

3. «Аласа таулар еліміздің қандай аймағында көп таралған?».

«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар қатысты жауаптарды тауып, талдайды.


Жинақтау




6 мин

Мақсаты:

Аласа таулардың басты ерекшеліктері, жануарлар мен өсімдік әлемдері туралы бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптары толық емесболса оқушының өзі толықтырады.


Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды

Рефлексия

5 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?


Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.


Үйге тапсырма

1 мин

Кескін картаға Қазақстанның аласа тауларын белгілеп, ашық қоңыр түспен бояу.

§17. Қазақстанның биік таулы аймағы.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
















































1 топ. Сарыарқа. Қазақстанның ұсақ шоқылары.




2 топ.Ұлытау таулары




3 топ.Мұғалжар таулары




4 топ. Маңғыстау таулары




5 топ. Қазақстанның аласа таулары













1-топ. Қазақстанның жазықтары мен ойпаттарын атап, оларды картадан көрсету



2-топ. Қазақстанның үстірттері мен қыраттарын атап, оларды картадан көрсету.



3-топ. Сарыарқаны және оның биік нүктелерін көрсету.



4-топ. Мұғалжар таулары, оның сілемдерін және биік нүктелерін көрсету.



5-топ. Маңқыстау тауларын картадан тауып көрсету.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі