Материалдар / Алашқа 100 жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алашқа 100 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алаш қозғалысына 100 жыл» дөңгелек үстел



Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы: «Алаш қоқғалысына 100 жыл» дөңгелек үстел
Мақсаты: Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу.
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик, қанатты сөздер
Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар: Тарихшы ғалым, саясаттанушы, әдебиетші, жазушы, тарихшы, 9-11 сынып оқушылары.

1 — жүргізуші: Бүгінгі 4 парақ бойынша жүргізіледі.

1 парақ: Бейнеүзінді көру.  «Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы»

2 парақ: Баяндама оқу

3 парақ: Сұрақ – жауап

4 парақ: Көркем шығарма оқу


1– жүргізуші:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақ елі,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған! – деп ауызша журналымыздың 1 парағын бастаймыз.

1 парақ: Бейнеүзінді көру.


Жүргізуші:
Құрметті « дөңгелек үстелге» қатысушы қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Алаш қозғалысына 100 жыл толуына байланысты бұл мереке ретінде аталып өтілуде. Біз де өз тарапымыздан үлес қосудамыз. Біздің дөңгелек үстелдің мақсаты Әлихан Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері туралы пікір алмасу. Біз Алаш ардақтысы туралы не білеміз?

Жүру барысы:«Алаш қозғалысына 100 жыл» атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстелдің жоспары.
1. Ә. Бөкейхановтың өмір баяны туралы не білеміз?
2 Ә. Бөкейхановтың қоғамдық - саяси әрекеттері туралы не білесіңдер?
2. Қай жылдары Ә. Бөкейханов Алаш Орда төрағасы болды?
3 Ә. Бөкейхановқандай ғылыми әрекеттер мен айналысты?

Жүргізуші: Пікір алмасуды әрі қарай сұрақтармен жалғастырайық. Оқушыларға келесі

Ә. Бөкейханов туралы сұрақтарды қонақтарға берсек қалай болады?

Біздің «Дөңгелек үстелге» қатысушы қонақтар: Тарихшы ғалым, саясаттанушы, әдебиетші, жазушы, тарихшы келіп отыр. Сұрақтарыңыз болса осы кісілерге беруге болады.
Әлихан Бөкейханов сіз үшін қандай тұлға?
Әлихан Бөкейхановтың жер аударылуына не себеп?
Әлихан Бөкейхановтың қандай кітап шығарды?
Әлекеңнің отбасылық жағдайы туралы не білесіз?
Әлихан Бөкейханов сіз үшін қандай тұлға?

Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға.

2 Әлихан Бөкейхановтың жер аударылуына не себеп?

Ә. Бөкейхан найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкіметке қызмет етуден бас тартады. Ә. Бөкейхан бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы қылығы үшін 1920 - 22 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды.

Әлихан Бөкейханов 1922 - нші жылы Семейде ұсталғаннан кейін Мәскеуге апарылды. Ол кісіге ресми биліктің шешімі бойынша, бір бөлмелі пәтер берілді. Сол үйден шығу құқынан айырды. Содан 1937 - нші жылы ату жазасына кесілгенге дейін 15 жыл үйқамақта отырды. Одан бұрын патша үкіметі 1908 - нші жылы Бөкейхановты Қазақстаннан Самараға жер аударды. Сөйтіп, 1917 - нші жылға дейін Бөкейхановты Қазақстанға келу құқынан айырды. Бірақ сол Самарада тұрып қазақ ұлт - азаттық қозғалысының теориялық, практикалық негізін қалады.

3 - сұрақ ғалымға 1909 жылы қандай кітап шығарды?
1909 - ншы жылы Петербордан Абайдың тұңғыш кітабын шығарған Бөкейханов болатын және «Қазақ» газетін шығару идеясы да Әлекеңдікі. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі орасан зор.

Тарихи деректердің бірінде Әлихан: «Байтұрсынов екеуіміз сөйлескенде: «Совет өкіметіне қарағанда, патша үкіметі жақсы екен. Олар бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін еді», деп айтатынбыз», дейді. Ал, совет өкіметі олардың басын жұтты.

4. Ғалымға сұрақ: Біз жиырмасыншы ғасырда жеңілген ұлтпыз ба?
Оны мойындауымыз керек. Алаш қозғалысының жеңілісі соның айғағы. Бізді қандай тұңғиыққа ұрындырды кеңестік жүйе, коммунистік идеология. Біз қандай тереңнен шығып келе жатырмыз. Қандай апатқа ұшырағанымызды түсінуіміз керек. Біз белгілі дәрежеде қағынан жеріген киік сияқтымыз. Өзінің ұлттық идеясынан, ұлттық тарихынан жеріген ұлтқа ұқсаймыз. Ендеше, біз күрестің, идеологияның жаңа әдіс - құралын үйренуіміз керек. Алаш қозғалысы, Алаш көтерген идеямен қазіргі біздің мемлекеттік, қоғамдық жүйе арасындағы байланыс әлсіз. Оны мойындау керек.

5. Сұрақ ғалымға — сіздің қандай үсынысыңыз бар? Мыңбаева
Менің ұсынысым:
Алашқа байланысты мемлекеттік сұраныс жасалу керек; Алаш қайраткерлерін, Алаш тарихын насихаттауға байланысты мемлекеттік сұраныс неге жоқ? «Мәдени мұра» бағдарламасының ең маңызды саласы — Алаш идеясы және Алаш мұрасын насихаттау болу керек Осы нәрсе іске аспай жатыр. Сондықтан Алаш идеясын жоғарғы деңгейде насихаттауға көңіл аударуын талап етуіміз қажет. Өйткені, Алаш идеясы — біздің идеямыз. Халықтың, ұлттың идеясы.

Сұрақ саясаттанушыға: Біз неге осы күнге дейін Алаш зиялыларын ұлықтамадық?
— Бізде ұлттық сана жоқ, мемлекеттік сана жоқ дейміз. Тарихи сана қалыптаспай ешқандай өзгеріс болмайды. Тәуелсіздік алған бойда экономика мен саясаттың көшін түзейміз деп, ұлттық мүддеден адасып қалдық. Тек жиырмасыншы ғасырда ғана Алаш идеясы Қазақ идеясымен бірікті. Алашордашылар неге мықты болды? Өйткені, олардың әрқайсысы тарихты тамаша түсінді, тарихты білді. Ал, біздің тарих туралы санамыз таяз.

Сұрақ әдебиетшіге: Алаш кім?
Алаш — қазақтың саяси элитасы Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш көсемдері өте көркем, шешен сөйлеуі жағынан біздің бүгінгі басшыларды он орап кетеді. Олардың ең басты мақсаты қазаққа қызмет ету болды. Иә, тек қана қазаққа қызмет ету. «Біле білсеңіз, анамыз халық, ана сүтін ақтайық» дейді Ахмет Байтұрсынов. Қазіргі министрлердің ішінде Әлихан Бөкейханов сияқты халық қамын ойлап жүрген кім бар?!

8. СҰРАҚ: Жазушылардың Алаш туралы ойлары қандай?
Әлиханды насихаттау үшін көптеген іс - шаралар жасау керек. Деректі фильмдер түсірілуі керек, көркем фильмдер түсірілуі қажет. Түрлі танымдық шығармалар болуы керек. Ол бүгінге дейін, өкінішке, орай жасалған жоқ. Соны қолға алу керек. Шынында, 150 жыл өтседе Әлихан Бөкейханға арналған шараның біразы жасалып, ел білетіндей болуы керек. Болашақ ұрпақ білетіндей болуы тиіс. Жалпы, бүкіл халық ұлт - азаттық қозғалыстағы Әлиханның орнын, оның еңбегінің бүгінгі күнгі қай салада өзекті, соны түсіне білу керек. Әрі болашақта ел басқаратын жастар одан тәлім алатындай етіп, ол үшін елге танытатын, ағартушылық жұмыстар жүргізілуі қажет. Оған, менің ойымша, көп ат салысқан дұрыс. Мына заманда жаңа тұрпатты жас жігіттер қалыптасып келе жатыр. Осы жерде айтылып отырғандай, жалпы қазақ азаматтары қандай болу керек? Шынында, осы бүгінгі журналистердің атқаратын міндеті де сол, осы бүгінгі жаңа азаматтың дүниетанымында алаш идеясы қаншалықты орын алғандығын анықтау, соған ат салысу. Осы жағынан бізде үлкен кемшілік бар Өйткені, қай жағынан қарасаң да, бұл мәселе әлі күнге дейін елдің санасына жете қоймаған нәрсе. Осыны, елдің құлағына, көкірегіне дейін жеткізу мәселесі өте маңызды. Өйткені, өкінішке қарай, алаш идеясын тарату керек. Алаш идеясы, арқасында қазақ өзінің қазақтығымен ғана мына әлемде аман қала алады. Өзін асқақтап, мыңжылдық мемлекет құра алады. Осыны халықтың санасына жеткізу, деген үлкен шаруа. Ол үшін барлық буындағы біздің азаматтар соған мүдделі болуы кере

9. Тарихшыға сұрақ: Бөкейхановтың тарихтағы орны қандай?

Біздің негізгі айтып отырған нәрсе, әрине, алаш идеясын елге жеткізу, олардың өмір жолы мен шығармашылығын әртүрлі көркем, көпшілік фильм жолымен елге танытып отыру керек. Бұл үлкен шаруа, істелуі керек шаруа. Бұны жекелеген адамдар істей алмайды, тек қана үлкен жүйелі бағдарламамен ғана істелетін шаруа. Бұндай ұсыныстар көптеп айтылуы керек, орындалуын талап ету керек,. Совет тұсында біздің қоғамдық формация өзгерді, көшпенді халық отырықшы болды. Ол аздай мына заманда капиталистік рельске түстік. Осы кезде маңызды нәрсе — осылардан қандай құндылықтарды алып қалуымыз керек, не нәрсе біздің жастардың бойында болуы керек, жаңа қалыптасқан ұрпақтың бойында қандай қасиеттер қалуы керек еді?

Жинақтау:
1. Ә. Бөкейханов кім?
Ә. Бөкейхановтың отбасы жайлы не біесіз?
3.«Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымы кімнің не деген кітабында жазылған?
4. Ә. Н. Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында өшпес із - қалдырған еңбегі.
5. Қай жылы ақталды?

1- жауап. ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлттық интеллигенциясы біртекті болмады, Санкт - Петербург, Мәскеу және Ресейдің басқа да орталықтарында жоғары білім алған, көпшілігінде отаршылық әкімшілікте қызмет еткен және дәрігер, мұғалім, адвокат және т. б. ретінде жұмыс істеген, сұлтан, би, бай және ауқатты қазақ шаруалары отбасыларынан шыққандар болды. Ресей демократиялық идеалдары және Батыс еуропалық прогрессивті ойларының ықпалымен тәрбиеленген, басқа топтарға қарағанда, саны жағынан көп және жақсы ұйымдасқан бұл топ «Алаш» партиясының негізін құрады. Бұл топты Ә. Бөкейхан «Батысшылдар» деп атайды.
Ұлттық интеллигенцияның демократиялық тобының танылған көсемі сөзсіз ірі ғалым (экономист, орман маманы), қазақ өмірі, тұрмысының, мәдениеті мен тарихының білгірі, төре - Шыңғыс нәсілінен тарайтын Бөкей ханның ұрпағы болып табылады, ол Санкт - Петербургте білім алған — сол жерде Императорлық Орман институтын 1894 ж. бітірген. Одан бөлек ұлттық - демократиялық зиялылар қауымы ақын, жазушы

2- жауап. Әлихан Бөкейханов «Степной край» газетінде жұмыс істеп жүрген кезінде Сібірге қоныс аударылғандардың ұрпағы Яков Севостьяновпен танысады. Екеуінің өмірге деген, саясатқа деген көзқарастары бір - біріне ұқсапты. Яковпен араласып жүріп, Әлихан оның қызы Ольгамен танысады. Күндердің күнінде Ольгаға «Аяулы қызым! Саған ешқашанда Әлиханнан артық қалаулы жарды тілемес едім. Бірақ екеуің де алдыларыңнан шығатын қиыншылықтарға дайын­ болуларың керек. Әлихан – қазақ, сен – орыссың. Сенің қандастарың басқа ұлтқа тұрмысқа шықты деп өзіңді үнемі сөгетін болады. Орыстың қызын алғаны үшін Әлиханды да елі кінәлайтын болады. Бақтарың ашылсын, шыдамды болыңдар, өздеріңе махаббаттарың қорғаныш болсын», – деп Яков батасын беріпті. Осылайша, олар үйленеді.

– 1903 жылы өмірге қызы Елизавета (қазақтардың арасында оны Зейнеп деп атайтын) келеді. Лиза апай әкесінің өмірінің соңына дейін қасында болған. Ол кісінің мамандығы дәрігер. Лиза апай 1942 жылы Солтүстік - Батыс майданының медициналық госпиталінде қызмет еткен. 1910 жылы Өкітай есімді ұлы дүние есігін ашады. Ол бертін келе үнемі орыстілділердің ортасында болып, Сергей аталады. Өкітай ағай тау - кен институтын бітірген.. 1918 жылы Ольга Яковлевна қайтыс болады. Үй тұтқынында жүрген Әлихан ұл - қызымен бірге Мәскеуде тұрады. Лиза апай Смағұл Сәдуақасовқа тұрмысқа шыққанда да, әкесімен бірге тұрған. Олардың ұлы Ескендір (Кенка) де өзінің аз өмірін сол үйде өткізген
3-жауап. Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным - Алаш» атты кітабынан

Қорытындылауға арналған сұрақтар. 
1. Алаш бағдарламасы жарияланған газет.(Қазақ) 
2. Заңгер, қазақтан шыққан тұңғыш магистрі? (М.Шоқай) 
3. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші қазақ сьезі қай қалада өтті? (Орынбор) 
4. Алашорда үкіметінің көтерген ұраны қалай аталды? (Оян қазақ) 

4 парақ: Бейнеүзінді көру. өлең


жүргізуші:Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.

Қорытынды : Мұғалім сөзі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!