400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Алаштың Ахметі

Материал туралы қысқаша түсінік
1916-1917 жылдардағы Алаш қозғалысы және Ахмет Байтұрсынов жайлы мағлұмат беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштың Ахметі – ғұламасы

Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған,

Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.

«Алашым, ұйқыңды аш» деп ұран салды,

Бір арыс ел бағы үшін жаратылған.

Жат пиғыл таптамасын, жасқамасын,

Алаштың оқытсам деп жас баласын

Қайрат қып қаруымен, қаламымен

Қайыспай соқты тауға, тасқа басын.

Ахаң боп түн түнегін жара көктеп,

Сөйледі «Қазақ», «Айқап», «Жаңа мектеп»:

«Қалдырмай өз көшіңнен, ей болашақ,

Менің момын халқымды ала кет» деп.

Көз жасы бодандықтан жиі ағатын,

Күнді аңсап қазақ есін жыя алатын.

Кетті әке ақ патшаның тепкісінде,

Бұл көрді қызыл қоғам қиянатын.

Ауыр сын тағдыры оған қылды несіп,

Мұқалмас өр рухы бірге ілесіп.

Қалды алыс қайран Аққұм, ару Ақкөл

Мұз-қарын Ақ теңіздің жүрді кешіп.

Осылай өтсе де Ахаң қам көңілмен,

Күн жетті көкжиектен таң көрінген.

Оқ тескен от жүректің бір ғұмыры

Оралды ортамызға мәңгі өмірмен.

Бұғауын сұм заманның үзіп қашып,

Бұл күнмен әні астасып, жыры ұштасып,

Алаштың Ахметі – ғұламасы

Барады ғасырлармен иықтасып.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.01.2018
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі