Материалдар / "Алаштың айбоз ұлы- Ғұмар Қараш" (баяндама)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Алаштың айбоз ұлы- Ғұмар Қараш" (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алаштың айбоз ұлы- Ғұмар Қараш" (баяндама)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2018
310
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғұмар Қараш (1875-1921) - діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Кейіннен Уфа қаласындағы жоғары діни білім беретін медресесінде оқыған. Кейбір деректерде Ыстамбұлда оқып білім алған.Ақын өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, тағы басқа мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екі жүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттаған.1902 жылдан өз ауылында бала оқытқан. 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында, Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен, ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялаған.Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар, «Қарлығаш», «Тумыш», «Ағатұлпар», «Тұрымтай» деп аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.Ғұмар Қараш 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына», «Неден қорқам?», «Күн туды» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. 1917 жылғы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды.1918 жылы Ордадағы педагогикалық техникумда сабақ береді.  Бөкей губерниялық атқару комитеті мұғалімдерінің 1-съезіне (24қыркүйек, 1918 жыл), 1918-1920 жылдары өткен Бөкей губерниялық атқару комитеті кеңестерінің 1-, 2-, 3-, 4-съездеріне делегат болып қатысқан.1919 жылы Бөкей  губерниялық атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогикалық журналы «Мұғалімге» басшылық етіп, сол журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1920 жылы Бөкей  губерниялық атқару комитетінде бөлім басқарған. 1921 жылғы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза табады.Ғұмар Қараш - ХХ ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет, журналдарда «Бұл қай заман?», «Тірішілік таласы», «Тәнсіз жан жоқ», «Жастарға», «Әрине күнелту керек», «Ұлт және туған ел», «Әсер», «Қазақтар хақында», «Заң мәселесі», «Жүгенсіздік адамға жол ма еді?», тағы басқа мақаларын жариялаған.Ғұмар Қараш шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғұмар әл-Қараши», «Бөкей елінің баласы», «Ғұмар Қараш», «Ғ.Қ», «Ғ.Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашев» деген есімдермен жариялап отырды.Ғұмар Қараш шығармалары қазақ тілінде мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.Өлең, толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары 1994 жылы жарық көрді («Замана», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1994).

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!