Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллин 130 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллин 130 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллин 130 жыл толуына орай өткізілген ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:

8 желтоқсан 2023 жыл

Сынып 2 – 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллин 130 жыл толуына орай мәнерлеп оқу жарысы

2 – 3 сыныптар

Тәрбие жұмысының бағыты

Ұлттық құндылықты бойға сіңіру;

Мақсаты

көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің өмірімен,шығармаларымен таныстыру.

Бағалау критерийлері:

Жарыс сабақ


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу



1 - жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай өткізіліп отырған әдеби кешімізге қош келдіңіздер

2 - жүргізуші:

Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын - жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз - ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 - сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан - дүниесі болады.


1 - жүргізуші:

Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым - қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, мектебіміздің Сәкен есімімен аталуының өзі, шығармалары, өлеңдері бізбен бірге.

1 - жүргізуші: Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек.


2 - жүргізуші:

Атыңнан айналайын қайран Сәкен,

Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.

Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,

«Тар жолда, тайғақ кешіп болдың көсем»- деп Сәбит Мұқанұлы жырлағандай, С. Сейфуллин ұрпақтарға ұлан - ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға аян.


1 - оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазан айының 15 - інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған облысы Ағадыр ауданы) көшпелі кедей шаруасының семьясында туған. Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты.


2 - оқушы: Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.


3 - оқушы: 1937 - 1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С. Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығынға душар етті.


4 - оқушы: Дәл осы кезде де өз басына қауіп - қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі - осы Сәкен Сейфуллин еді. Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24 - інде тұтқынға алып, 1938 жылғы ақпанның 25 - інде атып тастады.


Көрініс:

Сәкеннің монологы


1 - Жүргізуші:

Таудағы тасқындаған ағын судай,

Өлеңім басталады таудан ұдай,

Әсемін әңгіменің көп таратқан,

Айтылмай қалған екен тау мынадай:


2 - жүргізуші:

Көк орман, көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас

Төгіліп көк жиекке саудыраған, - деп Сәкен жырлағандай, келесі кезекте табиғат, туған жер жайлы жазылған өлеңдерінен жыр шумақтарын тыңдайық.

(Оқушылар сахнаға шығып, жыр шумақтарын оқиды.)


Мәнерлеп оқу жарысына қатысушылар:



Бас жүлде:

2а- Орынбасар Ұлмекен, Қалмақан Мөлдір.

«Біздің жақта»

«Тергеген болсаң айтайын»


1 – орын

2ә- Оспан Сұлтанәлі

Қалдыбек Мансұрәлі

«Қырда»

«Бурабай»

2б- Бисенбаева Айару

Шахан Айсұлтан

2 – орын

3а- Ержанова И

Өтепов Н

«Күздігүні далада»

«Ақсақ киік»

3 – орын

3ә- Алмас Сүйрік

Жарқынқызы Еркемай


«Тау ішінде»

«Көкшетау»



Слайд








Shape1


Shape2



Shape3








Shape4









Shape5



























































Қоры

тынды

10 мин



Рефлексия


«Киіз үй» әдісі

Қажетті білімді толық меңгердім бе? Қай дағдыларды қалыптастырдым? Сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды




Shape6 Shape7





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
5747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі