400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың бағына туған батыр

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушылары үшін таңдаулы курс. Жеке тұлға болып қалыптасуда үлкен көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Түркістан облысы

Түлкібас ауданы

Б.Садықов атындағы жалпы орта мектеп












Тақырыбы: Алаштың бағына туған батыр.

9 сыныпқа арналған факультативтік курс











Құрастырған:

М. Ж. Күленова Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі







2018-2019 оқу жылы







Бағдарлама құрылымы:

  1. Түсінік хат

  2. Мақсаты мен міндеттері

  3. Күтілетін нәтижелер

  4. Тақырып жоспарының мазмұны

  5. Күнтізбелік жоспар

  6. Пайдаланылған әдебиеттер

Түсінік хат

1.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп , жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып ,«Рухани жаңғыру» арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлерімен көзқарасын білдірген. «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар...Еліне еңбегі сіңген замандастарымыздың жетістіктеріне назар аудара қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс деген. Сондай-ақ, «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр . Рухани жаңару арқылы әлемді мойындатар табысты ел болу жолында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр.

2. «Алаштың бағына туған батыр» оқу құралында қамтылған тапсырмалар Бауыржан батырдың нақыл сөздері, өлеңдері, батыр туралы жазылған авторлардың естеліктері мен өлеңдері арқылы азаматтық тұлғасын тануға лайықталып іріктелген. Оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғаның өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар батырдың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.

3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.

4 «Батыр бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында күн кеше жүріп, ақ білектің күшімен, ақ найзанйң ұшымен Алтай мен Каспий аралығындағы ұлан-ғайыр атырапты, Ұлы Даланы көздің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекет құрып, келешекке нық қадам басып келеміз. Ұлтымыздың даңқты перзенті,халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін »

деген. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - тәуелсіз Қазақстан. Баһадүр Баукең қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет етудің тамаша үлгісін өз ісімен толықтай паш ете білген азамат. Ал, ұлт мақтанышының әдеби шығармалары ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелейтін тағылымды дүниелер.

5. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан еш уақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істеген істері рухани тәрбиеге толы.

6. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік ұлы тұлға.

Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.

Ұлттың ұрпағы – өмірі «ашылмаған аралдай» саналатын батырын бұрынғыдан бетер тани түсуге аңсары ауып. шөліркеп отырғаны және ақиқат.


Мақсаты:



- ХХ ғасырда өмір сүрген һас батырдың өмір жолымен таныстыру;

- Жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұлы тұлғаның тарихтағы орнын көрсету;

- Б.Момышұлы жайлы әдебиеттер және жаңа деректермен таныстыру;

- оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту;

- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғамен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.



Міндеттері:


1. оқушыларды түркі халықтарының әскери әдебиетіне негіз салған жауынгер – жазушы Б.Момышұлының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
      2.
оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш тұлғалары тарихы арнасында қалыптастыру.     

3. оқушылардың «Алаштың бағына туған батыр» курсы бойынша ұлы тұлғаның бойындағы асыл қасиеттерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілерге, құбылыстарға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
      4. оқушылардың аты аңызға айналған қазақтың һас батыры Бауыржанға
қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
      5.
ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру, тұлғалық әлеуметтену үдерісіне ықпал ету;
      6.
мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;



      7. Курсты оқытуда мынадай оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асады:
      1) «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі; көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелердің болуы;   

3 «Қазақ әдебиетімен»: ХХ ғасырдағы саяси тарихи оқиғаларды бейнелеген әскери-жазушы Б.Момышұлының шығармалары;      8. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбында «Алаштың бағына туған батыр» курсын оқытуда оқытушы мынадай жалпыпедагогикалық қағидаларды ұстануы тиіс:
      1) қоғамтану мен тарих пәнін жете меңгеріп, басқа да гуманитарлық пәндерден (әдебиет, тіл, өнер, география т.б. пәнаралық байланыс) қабілетті болу;
      2) оқушымен дербес жұмыс істеу үшін оқушылардың қызығушылығын арттыратын, «мамандандыратын» (мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекетшілдік ізденіс тарихы, шығармашылық, мәдениет және т.б.) оқу материалына қосымша элементтерді қосу;
      3) оқушыларды нәтижелі және белсенді жұмыс түрлеріне тартатын ізденіс форматтарын (семинар, тренинг, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы, рөлдік ойындар, пікірсайыс, т.б.) тірек ету;
      4) деректерді, оқиғаларды, құбылыстарды, тұлғаларды тарихи пайымдау мен бағалауды қалыптастыратын өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
      Оқу жүктемесінің көлемі:
      9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат

Күтілетін нәтижелер:


- өмірде кездесетін қандай болмасын мәселені шешер кезінде үнемі ойларында Б.Момышұлының бейнесі тұратындай жағдай. Тарих, алғашқы әскери дайындық пәндері және тәрбие сағаттарын жүргізуде көп көмегін тигізеді.

- әлем тарихы бойынша ұлы тұлғаның қосқан үлесін бағалай біледі.




Тақырып жоспарының мазмұны:


Бағдарлама бойынша 9-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы сабақтары 34 сағатқа есептелген.


Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына - 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.


Жалпы 5 тараудан тұрады.


Кіріспе – 2 сағат

І-тарау: Қан майдан – 5 сағат

Б.Момышұлы әсмкери қызметте 1930-1955ж.ж. Бмомышұлы Мәскеу үшін шайқаста.

Б.Момышұлының әскери тактикасы. Б.Момышұлы даңты жауынгер.

ІІ-тарау: Соғыстан соң – 5 сағат

Б.Момышұлының әскери - әдеби шығармалары

ІІІ-тарау:Бауыржан туралы естеліктер мен өлеңдер– 16 сағат.

Ә.Нұршайықовтың: «Ақиқат пен аңыз»,А.Бектің «Волоколам тас жолы»,З.Ахметованың «Шуақты күндер».Қазақтың Бауыржаны. Деректі фильм.Естелікке толы ғүмыры. Фотоальбом.т.б.

IV-тарау: Өзге елге арман өз еліне мақтан болған тұлға – 2 сағат

Б.Момышүлы шетелде. «Бауыржан батыр» кітабы ағылшын, неміс, итальян грек, фин, араб тілдеріне аударылған.

Польшада «Бауыржан батыр» атты Александр Бектің кітабы «Абай жолы» романы сияқты инсценировка жасап, сахнаға қойылды.

«Бауыржан Момышұлының соғыс тактикасы » деген оқу пәні АҚШ, Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және сол пәннен емтихан тапсырады.

Финляндияда Бауыржанның әскери тактикасын әскери академияда арнаулы сабақ ретінде өтеді.

Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі.

Москвада Б.Момышұлы атынан мектеп ашылды.т.б.

Қорытынды: Бауыржанның шендері мен марапаттары» .

Баыржан Момышұлы құрметіне берілетін марапаттар: «Бауыржан Момышұлы» Құрмет белгісі, «Батыр шапағаты» медалі.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар




№


Сабақтың тақырыбы


Сағат

саны






1

Кіріспе. Б.Момышұлының балалық шағы

1

Әңгімелеу


2

Дана тұлға, дара тұлға

1


Қан майдан

5


4

Б.Момышұлы әскери қызметте 1930-1955ж.ж

1

баяндау


5

Б.Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста

1

Өзіндік жұмыс

6

Б.Момышұлының әскери тактикасы

2

Іздеу-зерттеу


7

Б.Момышұлы даңқты жауынгер

1

Дөңгелек үстел


Б.Момышұлы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш әскери әдебиеттің негізін салушы

5


8

Б.Момышұлы жазушы

1

конспект


9

Ұшқан ұя повесінің жазылу тарихы

2

Қосымша


10

Қанмен жазылған кітап

1

деректермен


11

Москва үшін шайқас

1

жұмыс


Қарулас серіктерінің Бауыржан туралы естеліктері мен өлеңдері

16


11

Ә.Нұршайықовтың: Ақиқат пен аңыз «Мен қалай дивизия командирі болдым»

2

Іздеу- зерттеу


12

Б.Момышұлы мен А.Бектің шығармашылық байланысы

«Волоколам тас жолы»

2

Шығармашылық


13

Бауыржан батыр .А.Бек

1



14

З.Ахметова «Шуақты күндер»

1

жұмыс


15

Б.Момышұлы мінезінің қай жақтары сізге ұнайды,қай жағы ұнамайды.

1

Дебат сабақ


16

«Қазақтың Бауыржаны»


Деректі фильм


17

Қол бастаған батыр

1

өлең


18

От шашқан жанарында

1

өлең


19

Елдік пен өрлік

1

өлең


20

Шерағаның батасы

1

өлең


21

Елдік пен өрлік

1

өлең


22

Естелікке толы ғұмыры.Фотоальбом


1

Деректермен жұмыс


23

Батыр ағам Бауыржан

1



24

Бауыржанды жоқтау

1

өлең


Өзге елге арман өз еліне мақтан болған тұлға

2


25

Б.Момышұлы шетелде

1

іздеу


26

Куба әсерлері

1

зерттеу



Қорытынды

4



27

Б.Момышұлының шендері мен марапаттары

2

іздеу


28

Б.Момышұлы атынан берілетін «батыр шапағаты» медалі:Мұрат Сауранбаев

«Б.Момышұлы» Құрмет белгісі

1

зерттеу


29

Б.Момышұлы қазіргі қазақтың сарбаздарына үлгі бола ала ма?

1

Дебат сабақ




Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» Алматы. «Жазушы». 1975ж. №1603.

2. А. Бек «Арпалыс» Алматы. 1977ж. №979.

3. А.Ормантай «Мәңгі тірі Момышұлы» Алматы. «Қазақақпарат»2000ж. №84.

4. З.Ахметова «Шуақты күндер»

5. Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»

6. Жұлдыздар отбасы журналы .2009ж.

7. Ә.Нысанбаев «Қазақ ұлттық энциклопедиясы» Алматы «Жазушы».

8. Б.Момышұлы «Қанмен жазылғын кітап».

9. А.Бек «Ақиқат пен аңыз».

10. М.Кәтімхан : Б.Момышұлы мен А.Бектің шығармашылық байланысы Қазақ газеті. 2010ж. 21 қазан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қыркүйек
614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі