жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы
|
Бөлім |
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі. Тарау Білім. Ғылым. Инновация. |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Жұбанышева Айнұр Серікқалиқызы |
|
|
Күні |
|
|
|
Сынып |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|
Сабақтың тақырыбы |
Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы |
|
|
Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.2.6.1 -белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу 10.3.6.1 - тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
|
|
|
Сабақтың мақсаты |
Берілген мәтін мазмұнын түсініп оқиды, ақпаратты анықтайды, стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдайды. Мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді. Мәтіннен ақпаратты анықтайды, мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді, үзіндіден әсерін баяндап, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып хат жазады, өлең шығарады, мәтіндегі мәліметті өмірмен байланыстырып эссе жазады. |
|
Құрманғазы атындағы саз колледжі
_________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Сабақ жоспары
Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы
__________________________________________
(сабақтың тақырыбы)
-
Сабақ кезеңі/
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
3 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
-амандасу, жағымды психологиялық ахуал тудыру
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
Ұ. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздері мен лебіздерін білдіреді.

Бағалау критерийі:
- берілген мәтін мазмұнын түсініп оқиды
-мәтіннен ақпаратты анықтайды
- мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді
Жаңа сабаққа кіріспе
3 мин
Бастапқы стимул тудыру
Ұ.
«Кинометафора» әдісі
«Әлем ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. Тесланың түйсігі» тақырыбын ашатын бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянды көргеннен кейін жетекші сұрақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын (Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы ) болжап, анықтайды.
Оқушылар бейнебаян бойынша өткен тақырыпты еске түсіреді.
- Бейнебаяннан қандай ақпарат алдыңыздар?
-Бейнебаяндағы ғалымның ғылымға қосқан қандай үлесі бар?
-Осы ғалым сияқты қазақтың ұлттық ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіздер?
-.........
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда ұлттық ғылымымыздың іргетасын қалаған Алаш зиялыларының ғылыми еңбектерімен танысамыз.
.
ҚБ: Мадақтау сөздер
Жарайсың! Бәрекелді !
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. АКТ
Түсініп, жауап беріп отырған оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Бейнебаян
Сабақтың ортасы
20 мин
ТЖ. Тапсырма
Топ үш топшаға бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі.
1-топ. Мәтін
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 1911–1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Әр топ өздеріне берілген мәтінмен оқып танысады.
Дескрипторлар:
-мәтін мазмұнын түсініп оқиды
-мәтіннен ақпаратты анықтайды
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазады
Тапсырма бойынша саралау:
«Сүйсіну» әдісі бойынша сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.
Жағымды қоғам қайраткерлерін оқығанда қолданады. Өзіне
ереше ұнайтын қасиеттерін табады, оларды атау не үшін екенін түсіндіреді.
Төмен қабілетті оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Жақын арада даму аймағы» әдісі бойынша жағдай ұймдастырдым.
Жұптық диалог жүргізеді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
Нәтиже бойынша саралау:
-А.Байтұрсынұлының еңбектеріне ассоциограмма құрастырыңыздар
https://kk.wikipedia.org/wiki/Ахмет_Байтұрсынұлы https://qazaqtimes.com/article/2766
2-топ. Мәтін
Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы , әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: «Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы » іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал».
Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын былайша аңғартады: « Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым » («Педагогика», Алматы, 1922 ). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегін толық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу – еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған, елең еткізер туынды екені анық.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: «дене тәрбиесі, жан тәрбиесі , ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі». Расында да, адам баласының кемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Ол үшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. «Жан тәрбиесі» деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» -деп жазады ақын.
Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның «педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер жазуы осының айғағы.
М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің де астары терең. Сондықтан оны оқып – білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше.
Дескрипторлар:
- берілген мәтін мазмұнын түсініп оқыңыздар
- алаштанушы ғалымдардың еңбектері мен бүгінгі ғылым дамуының байланысы туралы өз көзқарасыңды білдір
«Дауыстап ойлау» әдісі
Қосымша сұрақтар
арқылы тез орындап
отырған оқушыларға
берілетін тапсырма
Оқи отырып ой түю,
ой бөлісу
Оқылым, тындалым
дағдылары қалыптасады
Оқи отырып ой түю, ой бөлісу.
Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.
қарқын бойынша саралау:
Түсініп оқу стратегиясы жүзеге асады.
Өз ойларын ортаға салып ақпарат алмасады.
Қарқын бойынша саралау
«Еркін әнгіме» әдісі бойынша
«Ұлт тәрбиесі-жан тәрбиесі» тақырыбына мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып шағын әңгіме жазу.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Мағжан_Жұмабай
https://stan.kz/kazak-adebietinin-zharyk-zhuldyzy-magzh/
Материалды Word форматында жүктеп аласызТарифке кіреді12 ұстаз жүктеп алған23 қараша5715Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадаларАттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласызМинистірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген