Материалдар / Алаштың мақтанышы-Әлихан Бөкейханов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаштың мақтанышы-Әлихан Бөкейханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өркендеп даму үстінде. Ал осы тәуелсіздікке менің елім қалай жетті? Оған кімдер себепкер болды деген сұрақтарға мен осы тақырыпты жазу барысында түсінгендей болдым. Қазақ тарихында ашылмаған сырлар өте көп. Нағыз шындық ол біздің еліміздің 1991ж 16 желтоқсанда алған тәуелсіздігі. Біз бүгінде егемен елдің туының астында өмір сүрудеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
87
2 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Зерттеу тақырыбы: Алаштың мақтанышы-Әлихан Бөкейханов

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы «Еркеншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Оқушының аты-жөні

Түйіндеме: _"_" сынып оқушысы ______________

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен оның Тәуелсіз Қазақстанмен байланысы жайлы ғылыми жобасымен толыққанды таныстым. Оқушы бұл тақырып бойынша көптеген ізденістер жасағанына көзім жетті. Алаш арыстарының ішіндегі тұғыры биік Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының болашағы үшін, бүгінгі тәуелсіздігім барысында аяанбай тер төкен бір туар тұлға болғанын зеріктеп зерделеп шыққанын көруге болады.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: __________
























МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ....................................................................................................................4


І АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫШЫ - ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

    1. Әлихан Бөкейхан – өскен орта ...................................................................5-6

1.2 Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі ........................................6-8


ІІ Ә. БӨКЕЙХАННЫҢ АРМАНЫ БОЛҒАН - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

2.1 Тәуелсіздік - тәтті ұғым..........................................................................9-12

2.2 Мерейі асқан - тәуелсіз Қазақстан ......................................................12-14


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................14


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................15






























КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өркендеп даму үстінде. Ал осы тәуелсіздікке менің елім қалай жетті? Оған кімдер себепкер болды деген сұрақтарға мен осы тақырыпты жазу барысында түсінгендей болдым. Қазақ тарихында ашылмаған сырлар өте көп. Нағыз шындық ол біздің еліміздің 1991ж 16 желтоқсанда алған тәуелсіздігі. Біз бүгінде егемен елдің туының астында өмір сүрудеміз. 1991 жылға дейін отар ел болсақ та Әлихан Бөкейхандар өз елі үшін шаршамай қызмет еткендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан ел тарихында ойып тұрып орын алатын тарихи тұлғаларымыздың өмірі мен қазақ халқы үшін атқарған қызметі туралы жан-жақты оқып біу біздің қасиетті парызымыз екенін белемін. Қазақ елінің тәуелсіздік алуын армадаған тарихи тұлғалардың ішінде Әлихан Бөкейханның орны ерекше деп айта аламын. Себебі ол кісі ел үшін көптеген қиындықтарды басынан кешірген. Бүгінгі Тәуелсіздік - бостандық үшін болған күрестердің жеңісі екенін түсіндім. Тәуелсіздік ұғымы – қасиетті ұғым екенін түсіне келе, оның әлемге тәуелсіздігі арқасында танымал болып жатқанына қуанамын және елімді мақтан тұтамын. Ел тарихын оқу арқылы біз ұлы тұлғалардың өмірі мен қазақ үшін атқарған қызметі туралы білеміз. Бұл біздің міндетіміз. Тәуелсіздік үшін күрескен Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін білу әрбір қазақ азаматының бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу мақсаты:

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен оның Тәуелсіз Қазақстанмен байланысы жайлы оқып, түсіну.

Зерттеу міндеттері:

  • Зерттеу жұмысын жүргізуді үйрену;

  • Әлихан Бөкейханның – өмір деректерімен танысу;

  • Тәуелсіздік ұғымын түсіну;

  • Тәуелсіз Қазақстан және оның жетістіктері туралы оқып үйрену;

Зерттеу әдісі: оқу, салыстырмалы талдау, өз көзқарасын білдіру, жүйелеу және қорытындылау.

Зерттеу жұмысының практикалық қолдануы: жұмыс нәтижелерін сынып сағаттарында, ұлттық-патриоттық тәрбие беруде, қосымша сабақтарда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан , қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.




І АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫШЫ – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

    1. Әлихан Бөкейхан – өскен орта

XIX ғасыр соңы мен ХХ ғ.басындағы қазақ зиялыларының,қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов-1866жылы Семей облысы, Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша бұл елдімекен Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы “Қаратал” совхозына қарайды.

Әлиханың үлкен атасы – Бөкей, атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі – Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары Мырзатайдан Нұрмұхамед туады. Әлиханның әкесі-Нұрмұхамед , анасы-Бегім ханым. Олар оқу-білімге жақын,парасатты адамдар болған.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы . Бөкейден батыр , одан Мырзатай,одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданынң қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүрендердін сауаттылығын аңғарып, қаладағы 3 сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886жж Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.1886-1890жж Омбыдағы техникалық училищеде оқып,оны “техник ” мамндығы бойынша бітіріп шықты.

1890-1894жж Санк-Петербургтегі орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікір таластарға қатысып,ХХғ. Босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды,өз ойын да шыңдай түсті.

Сөйтіп ол жиырма жасында дала генерал губернатор кеңесінің ұсыныс хаты мен қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж Ресей империясының елордасы,Санк-Петербургға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика фактультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби экономикалық және т.б үйірмелердің жұмысына қызу араласып , студенттік толқуларға қатысады,Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдары қатты толғандыра бастайды. Қараңғыдық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін , білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.


1.2 Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі

Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Ұлттың негізгі құндылығы ұрпақ болғандықтан ұлттық идея ұрпақ рухына қызмет етуден алшақ кетпеуі керек. Оқуын бітіріп ,Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасын қалыптасқан,марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған,саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген , күрес тартыстан біршама тәжірбиесі бао саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік , қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода»(Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп , өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық – демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында саясатына қарсы Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша үкіметінің отаршылдық өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петинциясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н.Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.

Абақтыдан шығып Санк-Петербургға жеткенде, дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н.Бөкейхан да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға таратылып, Санк-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи» , «Омич» және «Иртыш» газеттеріне 1908 жылы Санк-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь» , «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.


1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық тісінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аудырылып, онда тек ғылыми - шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр боды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. 1927 ж Мәскеуге жер аударады. 1937ж қыркүйекте 67 жасында ату жазасына кесілді. 1989ж ақталды.




ІІ Ә. БӨКЕЙХАННЫҢ АРМАНЫ БОЛҒАН - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

2.1 Тәуелсіздік - тәтті ұғым

Жұмыр жердегі қай халық үшін болса да азат­тық­тан асқан ұлы ұғым, тәуелсіз­дік­тен биік тұғыр жоқ. Сондықтан, Тәуелсіздік  – біз үшін қашан да киелі құндылық, асыл қазына. Осыдан 25 жыл бұрын, 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы  Нұрсұлтан На­зарбаев « Қазақстан Республи­ка­сы­ның Мемлекеттік тәуелсіздігі тура­лы » Конституциялық заңға қол қой­ды. Сөйтіп, Еуразияның Ұлы Дала­сын мекендеген кешегі көшпен­ді­лер­дің бүгінгі ұрпағы әлем картасында «Қазақстан» деген егемен мемлекет құрды. Бұл  тамырын тереңнен тарт­қан қазақ елінің бай тарихындағы ең басты оқиға болды.

Қазақстан бүгінде әлемдегі 3500 халықтың ішіндегі тәуелсіз мемлекет аталу бақытына ие болған 193 мемлекеттің бірі саналады. Елбасы  «Бүгінгі тәуелсіз­дігі­міз­дің қайнар көзі  қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында» деп атап көрсетті. Бүгінгідей байтақ жері, терең қазыналы тарихы бар Қазақ елі шын мәнінде жұлдызы жанған бақытты елге айналды.

Тәуелсіздік жолында ұлтының өркение­тін сақтап қалуға ұмтылған батыр бабаларымыздың қайсар мінезі мен асқақ рухы мен мұндалайды. Бізге бабалар жүріп өткен жолдың берекесі – ел бірлігі мен ұлт тұтастығы екендігін айқын көрсетіп берді. Ерен ерліктер өнегесі тарихи мүмкіндікті жібермей, халқымызды тәуелсіз Қазақ­стан мемлекетін құруға жұмыл­дырды.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері өткен.

Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен төл мәдениетін сақтап қалып, өз мемлекеттігін қалыптастырды. Мемлекеттілік – қазақ халқы үшін ұзақ жылдардағы асыл арман мен асқақ мұраттың жемісі еді. Тарихқа жүгінсек, Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп, хан сайлаған кезеңнен бері де сан түрлі соқтықпалы-соқпақты жолдардан жүріп өттік.  550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі мен маңыздылығы – халық бірлігін дәлелдейді. Біз осылайша тарихта тұңғыш рет ұлт мұраты – Тәуелсіздікке қол жет­кіздік. Осы тәуелсіздік арқылы Қазақ елі әлемге танылып жатыр. Тәуелсіздік – талай ғасырлардағы күрестердің жеңісі. Тәуелсіздік – Абылай, Кенесары, Әлихан тағы басқа аталарымыздың арманының орындалуы.

Мен бүгінде тәуелсіздігімізге тірек болатын тәуелсіздік белгілеріне тоқталып, әрқайсысын мақтанышпен айта аламын.



Тәуелсіздік жылдары еліміздің ше­ка­расы бекемделді. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті  нығай­ды, еркіндік пен демократиялық жолмен ішкі және сыртқы саясатымыз дами түсті. Осы жылдары әлемнің 138 елі­мен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО және Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымы  сияқты бәрқатар ірі халық­ара­лық ұйымдарға мүше болып, Бала биден Дана биге айналып, төрелік ай­тып, төріне шықтық. Мемлекетіміз Ба­тыс­қа да, Шығысқа да бірдей танылып, бірдей құрметке ие болуда.

Өткен жиырма бес жылда Ұлы Дала­ның терең философиясынан бастау алар Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы­ның Конституциясы қабылданды. Мемлекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз биіктей түсті. Халқымен арасы ажырамаған «Менің Қазақстаным!» әні ел Гимніне айналды. Қос палаталы кәсіби Парламент елімізде заңдар қабылдау жүйесін қалыптастырды. Ұлттық валюта – төл теңгеміз қолданысқа енді. Тәуелсіздік таңы ұлтымыздың аса бай рухани құндылықтарын  ортамызға әкел­ді. «Алтын адам» бейнесінен бастап, тарих керуені жүріп өткен жол бой­ындағы ұлттық құндылықтарымыз қайта оралды. Менің тәуелсіз елімді мақтан тұтамын!

« Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана » - деп Әлихан Бөкейхан айтпақшы Бүгінде ұлттық идеяға айналған өзара келісім мен бірлік, татулық пен достық – елімізді мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің жүрегінің түбінен орын алды.Тағдыр жазуымен қазақ жерінде басы тоғысқан түрлі этнос­тардың өзара сенімі мен досты­ғы­ның, татулығы мен біртұтастығының арқа­сында болашаққа қарай сенімді қадам жасауға бастады. Міне, жиырма бес жыл ішінде Қазақ халқы – Күннің шуағымен нұрланып, тал бесіктей тербелген Тәу­ел­сіздігінің бетінен қақпай  белін буды, қабағын түсірмей  маңдайын ашты, та­банын ауыртпай  қадамын нықтады

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін аса маңызды осы күн туралы кезінде Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев: «…Уақыт – зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл – жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде ғаламат сәті. Сол сәт аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін», – деген болатын.

Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым. Себебі, қаншама халық бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды. Ал, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттердің әрқайсысы өз мемлекеттілігін құруда сан қырлы белестерден өтті. Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болуды аңсаған халқымыз 200-ден астам көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарды басынан өткерді. Сондықтан, әрбір бүгінгі ұрпақ үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың басы – Тәуелсіздік күні екендігі даусыз, әрі солай болуы да тиіс.

2. 2 Мерейі асқан – бүгінгі Қазақстан

Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.


XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты. Қазақстан әлем мойындаған елдер қатарында екеніне көзім жетті.

2010 жылы - Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтвмақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.

2017жылы Экспо — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы – Қазақстан Республикасының басты ірі жобаларының бірі болып тұр.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.  Тәуелсіздігіміздің 25 жылды­ғын­да қол жеткізген жетістіктерді кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі - Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Елбасы жас ұрпақтың жақсы оқу мен денсаулығына қатты назар аударады. Себебі ел болашағы осы жас ұрпақтың қолында деген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға» айналдыруымыз, «қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек», – екендігін ескертті. Сонымен қатар, «Mәңгілік Ел елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. ХХ ғасыр басында қазақ мемлекетін қайта қалпына келтіріп, ұлтының дара тұлғасы болған Әлихан Бөкейханның қазақ тарихында алар орны ерекше екендігін осы жұмысты жазу барысында түсіндім.

Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар. Еліміздің болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та тәуелсіздік жолында көптеген істер атқарды. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана да күннен күнге гүлденуде. Оған куә алып Бәйтерегіміз, Тәуелсіздік сарайы, салынып жатқан көрме ЭКСПО- 2017. Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді. Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сөз соңында айтарым, Ұлы тұлғаларымызды есте мәңгіге сақтау үшін менің айтар ұсынысым: Талдықорған қаласындағы бір көшеге Әлихан Бөкейханның есімі берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Биыл егеменді елімізге- 25 жыл. Ендеше, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Назарбаев Н.Ә Тарих толқынында Алматы, Атамұра 1994ж

2 «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы,

3. Ә.Бөкейханға 150 жыл „ Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы “ І том Астана, 2016 жыл

4. Б.Ғ.Аяған., М.Ж.Шаймерденова., 9-сынып Қазақстан тарихы, Атамұра 2013.

5. ТоғысбаевБ., Сужикова А., Тарихи тұлғалар, Алматыкітап,2005ж


















17


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!