400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алатау Жамбыл Жабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне және де іс-тәжірибеден өтушілерге әдебиеттік оқу сабағын өткізуде керек болады. Сабақ жоспары 4 сыныпқа арналып жасалған. Сабақ жоспары кесте бойынша, жаңашыл технологиялармен қамтылған. Балаларға қызықты болу үшін тапсырмалар, ой-толғанысқа арналған тапсырмалар қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алатау. Жамбыл Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу. Спортқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Бағалау - мотивациялық кезең
а) Амандасу. Психологиялық дайындық.
Мағынаны ашу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1. Операциялық - орындаушылық кезең.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Сөз жұмбақты шеш.
1. Үлкен - үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
2. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
3. Сылдыр қағып,
Таудан құлап,
Жатыр ағып Мөлдір...
4. Үлкен балық суда жүзген
Таба алмас тұрақ жерден
5. Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы.
6. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта - ақ.
7. Қанаты бар тышқан
Жасырынып күндіз
Қараңғыда ұшқан.
Оқулықпен жұмыс. «Алатау»
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Дәптермен жұмыс:
Ну – қалың
Мұнар – бұлыңғыр
Кептес – тілдесу, сөйлесу.

1. Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.
Берілген сөз ----------------- Осы сөзге қатысты көркем сөз
Таудан аққан су ------------ дыбысы, қимылы
Таудағы жемістер: --------- олардың дәмі...
Таудағы аңдар: ------------- олардың қимыл - қозғалысы...
Тау суындағы жәндік ----- оның қимылы...
Сергіту сәті.
3. Рефлексиялық - бағалау кезең.
Шығармашылықпен жұмыс.
1. Берілген суретке зер сал.
Суретпен жұмыс:
– Суреттен не көріп тұрсың?
– Таудан су қалай ағады?
– Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?
– Жемістің дәмі қандай?
– Таудан аққан бұлақта не кездеседі?
– Оның қимылы туралы не айтар едің?
2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.
3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?
4. Ойланып жауап бер.
Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?
6. Өз ауылыңның ( қалаңның ) табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушыларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі