400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Албанбаева Сандуғаш Абеновна

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатына ҚМЖ құруға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

«Еңбек - бәрін де жеңбек»сайыс

Күні

5.12.2019 жыл

Негізгі мақсаттар

 «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;

Құндылықтарды дарыту

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сынып сағатының негізгі кезеңдері.

Сайыстағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сайыстың тақырыбымен мақсатымен таныстыру

Оқушыларды шаңырақ бойынша топтарға бөлініп тұру.

Сайыстың басы



























Сайыстың ортасы











Слайд

Құрметті ұстаздар, оқушылар,көрермендер! Бүгінгі «Еңбек - бәрін де жеңбек » атты тақырыпта өтетін жүз мақал сайысына қош келдіңіздер.

Еңбек дегеніміз не?
- Еңбек ету адамға қажет пе?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді. Сайысымызды бастамас бұрын

әділқазы алқасын сайлап алайық.

  1. Мектеп директоры Салиева Б.А

  2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жакенова А.З
    Топқа бөлу:

Ал енді сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Шаңырақ атауларына қарай және түстеріне қарай бөлінген.

  1. Топ Бірлік шаңырағы

  2. Топ Достық шаңырағы

  3. Топ Сүйінбай шаңырағы

  4. Топ Жақсылық шаңырағы

  5. Топ Ғибрат шаңырағы

  6. Топ Жамбыл шаңырағы

  7. Топ Қанипа шаңырағы


Бүгінгі сайсымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1-кезең «Сөздің басы сәлемнен»

Бұл кезеңде әр шаңырақ өздерінің аттары мен ұрандарын айтады және сәлемдеседі. (сәлемдескеніне-1бал,топтың атына-1бал,ұранына-1бал беріледі)

2-кезең «Кім біледі?» әр шаңырақ еңбек жайында жаттаған мақалдарын айтады.(1 минутта қанша мақал айтса сонша бал беріледі)

3-кезең «Мен бастаймын сен қоста» Берілген мақалдың жалғасын табады ( Мақалдың жалғасын тапса 1 бал беріледі)

4-кезең «Жасырамын жұмбақ» тапқан сөзді қазақ тілінде,орыс тілінде,ағылшын тілінде айту ( Тапқан сөзге -1бал, ағылшын тілінде -1бал, орыс тілінде-1 бал. 30 с)

5-кезең «Жаңылтпашты жаңылма» Жаңылтпашты қайталап айтады -1 бал. 1мин)

1-кезең «Сөздің басы сәлемнен»

Бұл кезеңде әр шаңырақ өздерінің аттары мен ұрандарын айтады және сәлемдеседі.

2-кезең «Кім біледі?»

үлгі - өнеге ретінде айтылатын қысқа, әрі нұсқа нақыл сөзді не дейміз?- Мақал


3-кезең «Мен бастаймын, сен қоста».

1.Еңбек етпеген( ішіп жемейді)
2. Еңбектің көзін тапқан( байлықтың өзін табады).
3. Еңбек бәрін (жеңбек)
4. Еңбегі аздың (өнбегі аз)
5. Ердің атын( еңбек шығарады)

6.Еңбек еткен ( мұратқа жеткен)

7. Еңбек етпей елге өкпелеме (егін екпей жерге өкпелеме)

4-кезең «Жасырамын жұмбақ»

- бір зат жайды ойлап табу үшін астарлап айтылатын қысқаша өлеңді не дейміз?
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.

(Сөз)


Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

(Үтір)


Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.

(Сұрақ белгі)


Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.

(Есік)

Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.

(Электр шамы)


Инесі көп,
Тігуге икемі жоқ.

жауабы

Кірпі


Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)


5-кезең «Жаңылтпашты жаңылма»

- Балалардың тілін жаттықтыру үшін шапшаң айтылатын бір шумақ өлеңді не дейміз?
- Жаңылтпаш
Қазір мен жаңылтпашты тақтадан көрсетемін балалар жаңылмай, қатесіз оқу керек

1. Алғыс алғыш - тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс

2. Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен

3. Балалар көп тентек,
Күшіміз теп - тең деп,
Күреспе тектен - тек.
Құлайсың көптен - көп,
Аяғың көктен кеп

4. Ішті,Тісті
Ауыртқан көк өрікке
Ренжулі Берік те,
Ренжулі Серік те

5. Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ па?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!


6. Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!


7. Досым тойға араласты,

Көшім қойға араласты.

Қойға араласқан бала

Қойшыға қой қораласты.


Қорытындылау

Сайыстың соңында сөз мектеп директоры Салиева Б.А беріледі.

Марапаттау қағазын беру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі