400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Албанбаева Сандуғаш Абеновна

Материал туралы қысқаша түсінік
әдептілікке тәрбиелеу ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

«Жүз мақал» сайыс «Әдептілік адамгершілік айнасы»

Күні

16.10.2019 жыл

Негізгі мақсаттар

Әдептілік адамгершілік жайында мақал мәтел жаттау,есте сақтау,мағынасын түсіне білуге үйрену.

Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңірту;

Құндылықтарды дарыту

Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;

Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Сынып сағатының негізгі кезеңдері.

Сайыстағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сайыстың тақырыбымен мақсатымен таныстыру

Оқушыларды шаңырақ бойынша топтарға бөлініп тұру.

Сайыстың басы



























Сайыстың ортасы











Слайд

Құрметті ұстаздар, оқушылар,көрермендер! Бүгінгі «Әдептілік адамгершілік айнасы» атты тақырыпта өтетін жүз мақал сайысына қош келдіңіздер.


Біздің мектебімізде үлкен жоба жүргізілуде бастауыш сыныптар шаңырақтарға бөлінген .Сол шаңырақтар бойынша сайысқа түсеміз. Әр шаңырақ өздерінің бағыты бойынша әр түрлі түстермен ерекшеленеді.

Бұл сайыстың барысында әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа,достыққа,бауырмал болуға үйренеміз. Бір бірімізді сыйлауға үйренеміз.


Әділқазы алқасын сайлау

  1. Мектеп директоры Салиева Б.А

  2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жакенова А.З

Топқа бөлу:

Ал енді сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін. Шаңырақ атауларына қарай және түстеріне қарай отырып бөлемін.

  1. Топ Бірлік шаңырағы

  2. Топ Достық шаңырағы

  3. Топ Сүйінбай шаңырағы

  4. Топ Жақсылық шаңырағы

  5. Топ Ғибрат шаңырағы

  6. Топ Жамбыл шаңырағы

  7. Топ Қанипа шаңырағы


Бүгінгі сайсымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.


1-кезең «Сөздің басы сәлем»

Бұл кезеңде әр шаңырақ өздерінің аттары мен ұрандарын айтады және сәлемдеседі. (сәлемдескеніне-1бал,топтың атына-1бал,ұранына-1бал беріледі)

2-кезең «Кім біледі?» әр шаңырақ әдептілік адамгершілік жайында жаттаған мақалдарын айтады.(30 секунтта қанша мақал айтса сонша бал беріледі)

3-кезең «Жалғасын тап» Берілген мақалдың жалғасын табады

( Мақалдың жалғасын тапса 1 бал беріледі)

4-кезең «Мақалды толықтыр» тапқан сөзді қазақша,орысша,ағылшынша айту( Тапқан сөзге -1бал, ағылшасына -1бал, орысшасына-1 бал)




Қорытындылау

Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлемдесуден жалықпайық.
Сәлем беру – кішіліктің белгісі.
Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.
Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!


Сайыстың соңында сөз мектеп директоры Салиева Б.А беріледі.

Марапаттау қағазын беру.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі