400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Алдардың айласы әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

14,05

18 жыл


Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы:

3

Сабақ реті:3


Пән мұғалімі:




Сабақтың тақырыбы

Алдардың айласы

Жалпы мақсаты

Оқушылардың Алдар көсе туралы білетін ақпараттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.

Іс-әрекет

  • Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындату.

  • Оқушыларды тереңдете ойлауға тапсырмалар беру арқылы таланттылықты анықтау .


Ресурстар

Оқулық,тапсырма қағаздары , Ақ қағазы

Оқыту нәтижелері

Оқушылар өз қөзқарастарын дәлелдеуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. Алдардың іс - әрекетіне талдау жасайды.

Түйінді идеясы

жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білу


Сабақтың этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Миға шабуыл – 10 минут

Шаттық шеңбері

Досыма тілек


Топта тілек айтылады.

Білу

Үнтаспадан күлкі естіледі


-Балалар, біз бүгін күлкі әлеміне аттанамыз. Алдар көсенің қызықты хикаяттарын естігенде езуімізге еріксіз күлкі оралады.

Мағынаны тану -25 минут

Түсіну

Ал, енді Алдар көсе кім?

  • Алдаркөсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін Шықбермес Шығайбай атанған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді, оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Алдар көсе – бұл оған азан шақырып қойылған есім емес, халықтың қойған аты. Ал, оның нақты аты-жөні кім екенін, қай заманда өмір сүргенін, тіпті мұндай тұлғаның болған-болмағанын да ешкім дөп басып айта алмайды. Мүмкін біреу білер, біреу білмес Ш.Аймановтың «Алдар көсе» киносы Түркістанда түсірілген.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс.

1.Іштей оқу

2.Тізбекбей оқыту

3.Сұрақ-жауап

Сергіту сәті

Алдардың әніне билейді.

Талдау

Топпен жұмыс.

І топ. Сурет салу

ІІ топ. Алдардың бейнесін сомдаймыз


ІІтопта . Алдар кім?Оның іс әрекетіне баға бер


Топтар өзара ақылдасып, берілген тапсырма бойынша жұмыс жасалады..

Жинақтау

Алдар көсе атындағы көше (Алматы қаласында)

Алдар көсенің атында ескерткіш (Алматы қаласында «Наурызбай мен Қабанбай саябағында»)

Өмірде Алдаркөсе болған ба?

Салыстыру кестесі

Алдаркөсе мен Қожанасырдың ұқсастығы

Рефлексия -10 минут


Ой толғаныс



Бағалау




Кейінгі тапсырма:

Аңыз әңгімеден алған әсеріңді әңгімеле. «Менің алған әсерім»

«Аяқталмаған сөйлем»

Бүгінгі сабақта мен...білдім.

Бүгінгі сабақта маған....ұнады..

Ой толғау.


«Алдардың айласы» мазмұндау


Алдардың басқа да оқиғалары жайлы ізденіп келу.



Өз ойларын білдіріп,айтады.



Оқушылар бағалау бетшесіне смайлик жапсырады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі