жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әлдтлеген әлемді бесігімен
Тақырыбы:«Әлдилеген әлемді бесігімен»
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Керек құрал – жабдықтар: бағалар көрсететін таяқшалар, шарлар көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.
жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
Құрметті ұстаздар, аналар және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
Бүгін мерекеге орай сыныбымызда өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Әлдилеген әлемді бесігімен» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1. Жақсылықова Эльвира және оның анасы Сарсенбаева Алма
2. Нажмаддин Назым және оның анасы Қазақ Лейла
3. Турганбай Ардақ және оның анасы Байталасова Нұрия
- Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық: Енді көрермендерімізді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің анасы» яғни өз - өзін таныстыру. (өздерін таныстыру)
2. «Кім тапқыр?» Қызықты жұмбақтар шешу сайысы (Бұл сайыста әр топқа жұмбақтар қойылады. Топ мүшелері тез жауап айту керек. )
3. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. (аналарға үй тапсырмасы сайысы).
4. Өнер сайысы.(аналар мен қыздар өз өнерлерін көрсетеді)
- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
- Иә, бұл әрине ана!
Мұстафа:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде,
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Райымбек:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.
Оспан:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Серікқали:
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір алладан саулығыңды тілеумен,
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
«Сәлем – сөздің анасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде ма, қимыл ретінде ма таныстырып өтеді.( танысу)
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» орындалады.
Сайысымыздың 2 – кезеңі «Қызықты жұмбақтар» сайысы. Әр топ сиқырлы қоржыннан жұмбақтар алады, дайындалуға 1 минут уақыт беріледі. Жұмбақ жауабын дәл тапқан сайыскер ұпай иеленеді.
1.Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады. / пияз /
2.Мұз сынды түрі, тәтті дәмнің бірі. / қант /
3.Әжем уыстап сығып,далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін, кім бар жеп көрген? / құрт /
4.Өзі ащы бірақ дәмді етер асты. / тұз /
5. Шыр көбелек айналар, беліне жіп байланар. / ұршық /
6.Көзіңе көрінбейді,қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,жол бойын сыпырады. /жел /
Ән «Мам» Іңкәр
Гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.
Ақылбек:
Қымбат жансың ,мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменнен мәңгі шалқып бақытқа,
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
Азамат:
Бақытымсың жаным анам,жан анам,
Мен өзіңді періштеге балағам.
Ауырмашы,қартаймашы ешқашан,
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.
Лейла:
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі,
Аман жүрсең-маған сол ғой керекгі.
Бақытты бол,ауырма деп тілейді,
Қызыңның жұдырықтай жүрегі.
- Аналарымыздың, әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түрлі - түрлісін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге бейім. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік.
Би «Қосалқа» : Мадияр,Әдемі,Нұрбол,Тұрсынай, қошемет көрсетейік.
- Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын бергенше «Көңілді күн» атты би ұсынамыз.
- Рахмет, балалар мынадай әдемі би көріп расында да көңіліміз де бір көтеріліп қалды - ау.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Бұл сайыста әр сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілетін болатын, ендеше өнерлерін тамашалайық.
Ән «Дастарқан» :Нұрхан,Әли,Әмірбек,Данияр
- Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы бағаларын дайындағанша ортаға балапандарымызды шақырайық.
жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.
ән соңынан кейін тақпақ жолын хормен айтып сыйлықтарын аналарына табыстау рәсімі.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!
Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы шарамызды аяқтаймыз.
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған шарамыз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар!
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген