400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Александрия шамшырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа қысқа мерзімді жоспар. Өзімнің әдіс-тәсілдеріммен бөліскім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: №24

Мектеп: №42

Күні: 25.10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Егембердиева К.А.

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Әлемнің жеті кереметі


Тақырыбы:

Александрия шамшырағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

6.3.1.1 – әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: көтерілген мәселені жан-жақты талқылайды;

Оқушылардың көпшілігі: тақырыптан ауытқымай, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;

Оқушылардың кейбіреуі: жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Бағалау критерийі

эссе тақырыбынан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша жазады;

тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік дағдылар

Пән лексикасы және терминология:

Жеті кереметтен маңызды дүниелер, адам еңбегінің жемісі және т.б.

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша...

Менің пайымдауым бойынша...

Мен бұл мәселеге қатысты мынадай пікірдемін...

Өз сөзіме дәлел ретінде, негізінен, әсіресе.... және т.б.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, елжандылық, ұлтжандылық тәрбие, сыни тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, жаратылыстану

Алдыңғы білім

Зевс мүсіні

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, топқа бөлу, топ ережесі.

Алма суретімен 3 топқа бөлу

1-топ

2-топ

3-топ


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәттілік тілеу» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып, достық сезімдерін білдіреді.

Үй тапсырмасы:

5-жаттығу 50-бет

«Жұлдызша» суретімен бағалаймын





Алма суретімен 3 топқа бөлу





Сабақтың ортасы

«Сіз білесіз бе?» әдісі. Тыңдалым және айтылым.

Әлемнің жеті кереметі. (бейнематериал көрсету)

1. Осы бейнематериалда әлемнің неше кереметін көруге болады?

2. «Жеті ғажайып» аталу сырынан нені аңғардыңдар?

3. Астананы сегізінші керемет деп қосуға бола ма?


Жаңа тақырып: Александрия шамшырағы.

Тапсырма:

«Кәне бөлісейік» әдісі. Оқылым.

Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтаңдар.

1. Александрия шамшырағы қандай мақсатта салынды?

2. Неге шамшырақты «Жеті кереметке» қосады?

3. Александрия шамшырағы туралы бұрын білетіндерің бар ма?

«Жұлдызша» суретімен бағалаймын

Дескриптор:

  • мәтіндегі негізгі ақпаратты табады;

  • әлемнің жеті кереметін біледі;

  • өз пікірін білдіреді.


Тапсырма:

«Білгеніңді сарала» әдісі. Жазылым.

Оқылым мәтініне қарапайым жоспар құрыңдар.

«Жұлдызша» суретімен бағалаймын

Дескриптор:

  • мәтіндегі ақпаратты қолданады;

  • мәтінге жоспар құрайды


Тапсырма:

«Ой қозғау» әдісі. Жазылым.

Жақша ішіндегі берілген сөздерді бөлек, бірге не дефис арқылы жазыңдар.

Сары (арқа), Бура (бай), еш (уақытта), Хан (тәңірі), шек (ара), киім (кешек), ер (тұрман), жоғары (төмен).

«Жұлдызша» суретімен бағалаймын

Дескриптор:

  • бірге жазылатын сөздерді табады;

  • бөлек жазылатын сөздерді табады;

  • дефис арқылы жазылатын сөздерді табады.


Қорытындылау:

«Не білдің» әдісі. Сұрақ-жауап.

«Александрия шамшырағы» мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.

1. Мәтінде қандай сандар айтылады?

2. Мәтінде қандай тірек сөздер бар?

3. Шамшырақ қалай салынды?

4. Шамшырақты сипаттаңдар.

«Жұлдызша» суретімен бағалаймын

Дескриптор:

  • сұрақтардың дұрыс жауабын табады;

  • мәтіннен тірек сөздерді табады;

  • өз пікірін білдіреді.






































Сабақтың соңы

Кері байланыс


Барлығын түсіндім Сұрағым бар Түсінбедім

Үйге тапсырма

5-жаттығу 51-бет






Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс. Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс.







Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

5.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

6.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі