"Әлем - біздің айналамызда" .

Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Әлем - біздің айналамызда" .

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта, жанда және жансыз табиғат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтілетін күні: 22.01.2025ж

Дағды: физикалық, таным, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік дағдыны дамыту.

Тақырыбы: «Әлем біздің - айналамызда»

Мақсаты: Адам мен табиғаттың бір-бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу. Оған қамқор болу керек, қорғау қажет, ормандағы, табиғаттағы тәртіп шараларымен таныстыру. Айналадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын дамыту. Жанды және жансыз табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал қанекей балалар

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме апайлар.

Тақырыбы: «Әлем біздің - айналамызда»

Слайд: Жанды, жансыз табиғаттардың суреті

Сұрақ-жауап:

-Ал, табиғатқа нелер жатады?

-Қанекей айналамызға қарайықшы,нелерді көріп тұрмыз?

-(күн, бұлт, тау, су, өзен )

-Күн не береді?

-Күн бізге жылу ,жарық,сауле береді.

-Бұлт болса жаңбыр жауады, қар жауады.

-Енді міне суреттерге назар аударайық.

-Не көріп тұрмыз.

-(тас, су, тастар, құм, жануарлар, өсімдіктер)

Слайд: Балалар табиғат екіге бөлінеді: жанды табиғат және жансыз табиғат .

Жанды табиғат : адамдар, жан-жануарлар, ағаш, өсімдіктер жатады.

Неге оларды жанды табиғат дейміз? Себебі олар өседі, қозғалады, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді.

Жансыз табиғат: тау, тас, су, топырақ, бұлт, жатады.

Ал жансыз табиғат өспейді қозғалмайды, қоректенбейді, тыныс алмайды, көбеймейді.

Табиғат құблыстарының дыбысы.

Балалар қандай дыбыстарды естідіңдер:

(құстың сайрағаны, желдің ,жаңбырдың дыбысы)

Бұл — табиғат дыбыстары.

  1. Енді  балалар бақылау жасап көрейік..

Балалар мұнда екі ыдыста су бар. Бірініші аквариумды ыдысымызға жансыз табиғатқа жататын тасымызды салайық (балалар аквриумды ыдысқа тасты салады). Қарайықшы тастар  суға батып, қозғалмай жатыр.

Ал енді екінші аквриумдағы ыдысымызға жанды табиғатқа жататын балықты салайық.

Балық жыбырлап, қозғалып жатыр. (жем салады, жем салып едік балық жем жеп жатыр.

Енді балалар тжанды табиғат және жансыз табиғат түрлерін ажыратып ойын ойнап алайық.

  1. Дид  ойын: « Ажырата  біл »

Шарты: Балаларға жеке-жеке үлестірмелі материалдар беріп ондағы жанды және жансыз табиғаттағы бейнеленген суреттерді жіпке тізбектеу арқылы топтастырады.

Балалрдан суреттерді сурау. (балаларды мақтау,мадақтау)

  1. Қимылды ойын: «Табиғатты аялайық»

Шарты: Төрт түсті қорапшалар беріледі. Жерде төселіп жатқан жер шарымызда шашылып жатқан қоқыстарды түсіне қарай қорапшаларға апарып саламыз. (балаларды мақтау,мадақтау)

Сергіту сәті: көңілді әуен арқылы сергіп аламыз.

  1. Зертеу жұмысы: «Мөлдір су»

Шарты: Балаларға жеке-жеке сусын ішетін ыдыс, сүзгіш, ақ мата, топырақ беріледі. Осы заттарды қолдана отырып тәжірбие жасайды.

Сиқырлы мұз: Балалар қарандаршы қыс мегілінде су мұзға айналады екен. Мына жердегі мұздар сиқырлы екен оларды суға салсақ жанады екен. Ал енді байқап көреміз ба?

(балаларды мақтау,мадақтау)

  1. Шығармашылық: «Қызықты суреттерді бояу»

Шарты: Балаларды екі топқа бөлеміз. Бірінші топқа тақтайша арқылы суреттерді қылқалам арқылы бояу. Ал екінші топқа сиқырлы боямақ арқылы таяқшаны оңға, солға қозғау арқылы суреттер бейнелейміз.

(балаларды мақтау,мадақтау)

Қорытынды:

Сұрақ-жауап слайд арқылы қортындылау.

-Бүгінгі іс-әрекетімізде нелермен таныстық?

-Жанды және жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Біз қандай қызықты ойындар ойнадық?

-Іс-әрекетке қатысқан балаларды мақтау, мадақтау. Балаларға сыйлық беру. Қонақтармен қоштасып топқа қайтамыз.
























4 «Балдырған» бөбекжай-бақшасы











Ұйымдастырылған іс-әрекет:

«Әлем біздің - айналамызда»





1 «Балбөбек» ортаңғы топ







Тәрбиеші: Мұратова Н

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі