400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әлем- нақты ғылымдар тілінде» атты математика кафедрасының онкүндігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әлем- нақты ғылымдар тілінде» атты математика кафедрасының онкүндігі,пән мұғалімдеріне бағыт.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Әлем- нақты ғылымдар тілінде» атты математика кафедрасының онкүндік есебі


Президент бастамасымен биылғы жыл- Ұлы ғұлама ойшыл «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабидің 1150 жылдығына бағытталды.

«Әл-Фараби» мерейтойын атап өтудің басты мақсаты: ғалымның мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау». ЮНЕСКО қамқорлығымен жыл бойы халықаралық ауқымда аталып өтілмек .Осыған орай Алматы қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның математика –информатика кафедрасы мұғалімдері мектебіміздегі өткізілген он күндік апталықтың жоспарын Ғұлама ойшыл «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабидің 1150 жылдығына бағыттады. Апталық жоспары бойынша белгіленгін барлық ашық сабақтар: Біріншіден, ұлы ойшылдың идеялары мен қағидаттары мен теориялық негіздерін жаңа заманға сай пайдалану мақсатында, екіншіден, ғұлама ғалым мұрасын өзекті ғылыми зерттеулерде және инновациялық білім беру үдерістерінде кеңінен қолдану , үшіншіден әл-Фараби идеяларының негізінде жаңа үлгідегі мемлекеттік ұстанымдарды зерделеу, төртіншіден, әл-Фарабидің мерейтойы заманауи білім жүйесінің ғылыми инновацияның дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа қуатты серпін береді деген мақсатта өткізілді. Көңілге жылу ұялататыны жас маман иелері және аға буын мұғалімдері дерлік соңғы ақпараттық технология элементтерін сабақтарында тиімді пайдалана біліп, жаңартылған білім мазмұнына сай сабақтар берді. Осы өткізілген ашық сабақтарға және сыныптан тыс іс-шаралардың дерлігі ғұлама ойшыл «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабидің 1150 жылдығына бағытталды.

№12 гимназияның әкімшілігі және математика –информатика әдіс бірлестігінің мүшелері және мектебіміздің жас мамандары қатысып, жіберілген кемшіліктерге өз ұсыныстарын айта отырып, қызу талқыға салды. Сонымен қатар сабақтың жақсы жақтарын жас мамандар іс-тәжірибе алмасу мақсатында өзлдеріне ой түйіндеді.Аға буын қатарынан ашық сабақ берген мұғалімдер Байтасова Лиза Сұлтанқызы «Қысқаша көбейту формулаларын» қолданып есептер шығару -7 «В» сынып,

9 «Ә» сыныбымен тәжірибелі мұғалім Қасымова Назгүл Бақытқызы «Үшбұрыштарды шешу» тақырыбына есептер шығару сабағын көрсетіп тәжірибе алмасты.

«Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана» 8 сыныптар арасында Мұхамедиева Жанар Абдиевна, Аубакирова Айгул Дәулетхановна заман талабына сай сыныптан тыс «Математикалық эстафета» өткізіп 8 сыныптың білімдерін саралады .

«Косинустар теоремасы» тақырыбында математика пәні мұғалімі Тоқтасын Сержан 9 «б» сыныбымен ашық сабақ берді .Сабақтың құрылымы кең көлемді, күрделі сабақ. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға дұрыс жеткізе білді. Мұғалімнің теориялық білімі жоғары, өзін сабақта еркін ұстайды және интерактивті тақтаны жақсы пайдалана білді. Сынып оқушыларының белсенділігі төмен болды.

Шәріп Шырын мен Оразбаева Айгерім 5сыныптар арасында сабақтан тыс «Математикалық футбол» өткізіп оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырса,Таупық Ажар,Оразбаева Гүлнар,Иманова Гулбану өз сабақтарын көрсетіп тәжірибе алмасты.Информатика пәні мұғалімі Азат Гүлнұр 8 сынып оқушыларымен ағылшын тілінде сабақ көрсетсе, Акимешова Қайниса және Сағыбекова Ардақ та жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақ көрсетіп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды.Апталықты қорытындылау мақсатында«МУИТ» университетінің 3-курс студенті тәжірибе алмасу барысында информатика пән мұғалімі Маметова Гүлназдың қатысуымен «Шыңдарды бағындырғың келсе,программалауды баста» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Семинарды гимназия директорының оқу –ісі жөніндегі орынбасары Бағила Қасымжановна қатысып көкейдегі жүрген күмәнды сұрақтарына жауап тауып өз ризашылықтарын білдірді.Семинар соңында апталыққы белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Бірлестік жетекшісі: Казахбаева Б.И. .







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі