Материалдар / Әлем айнасы: ҚазҰУ әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнының қатарында
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлем айнасы: ҚазҰУ әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнының қатарында

Материал туралы қысқаша түсінік
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы
Авторы:
03 Желтоқсан 2023
101
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сердалы Алтынай

1 курс магистранты

Оқытушы: Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ


Әлем айнасы: ҚазҰУ әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнының қатарында


Тарихы қазіргі заманмен тоғысқан Орталық Азияның жүрегінде зияткерлік ұлылық пен мәдениттің символына айналған білім ұясы, шығыстың ұлы ойшылы, философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы жетекші жоғарғы оқу орны, сонымен қатар білім мен ғылымға ұмтылушылар үшін шабыт көзі болып табылады.

1934 жылдан бастап бұл университет әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерге жол көрсетіп, әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Өзінің тоқсан жылдық жолында ҚазҰУ білім, ғылым және мәдениеттің барлық аспектілерінде кемелдікке ұмтылуды жалғастыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-еліміздің ең көне жоғары оқу орны, ерекше мәртебеге ие және QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына кіреді және Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша 16-орында. ҚазҰУ "QS Stars Rating System" халықаралық рейтингінде "бес жұлдызды"жеңіп алған Орталық Азия өңіріндегі алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны болды. Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - жетекші ұлттық университет деп мақтана айта аламыз. Бұл жетістіктерге жету ғылым ордасы үшін оңайға түспегені анық. Бұл осындағы қызмет ететін әрбір ұстаздарға, білім алушыларға, ғылым жолында жетістікке жетіп жүрген әрбір азаматқа тікелей байланысты деп ойлаймын. Бұл Ең алдымен, білім және ғылым жолында еңбек етіп, Жас буынға сапалы білім беруде, мамандыққа баулуда аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздардың еңбегі деп білемін.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі заманғы отандық білім беруді дамытудың жаңа векторларын белгілей отырып, Әл-Фарабидің "тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген сөзі барлық педагогтардың басшылық қағидаты болуы тиіс деп тұжырымдайды. Біздің еліміздің жастары өзін тұлға ретінде дамытумен қатар, озық инновацияларға сәйкес мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосуы тиіс. Бұл қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдында тұрған маңызды міндет. Осы міндет негізінде ҚазҰУ университетінде шәкіртінің бойына білім нәрін сусындатып жатқан ұстаздар үшін сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналған.

Университеттін мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.Қайнар білімнің қара шаңырағы – әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас мамандарды даярлауда озат тәжірбие, оңтайландырылға оқу үдерісі қолданылып, ең үздік оқытушылар құрамы еңбек етуде. Қазіргі таңда университетте сұраныстағы түрлі мамандықтарды қамтитын факультет, 67 кафедра, 8 Ғылыми зерттеу институттары, 29 ғылыми орталықтары бар. Соның ішінде «Ақпараттық технологиялар» факультеті еңбек нарығындағы жоғары бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, мамандандырылған білікті маман дайындауда.

Ақпараттық технологиялар факультеті 2018 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Менде осы жылы 11 – сыныпты аяқтап, факультеттің «Информатика» кафедрасының, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қатамасыз ету» мамандығына оқуға түстім. Қазір кафедра аты «Компьютерлік ғылымдар» деп өзгеріп, жаңа бастама алған. Ал қазіргі таңда оқуымды осы факультеттің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша жалғастырып келемін. Мұнда мамандарды дайындау халықаралық талаптарға сай жүргізіледі. Оқыту тілін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде студент өз қалауы бойынша таңдай алады. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы ҚазҰУ – дің жоғары білікті мамандары және АҚШ, Еуропа және Азияның үздік университеттерінен ғылыми тағылымдамадан өткен, ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында ҚР бойынша білікті мамандар қызмет көрсетеді, оның ішінде 7 доктор, 17 ғылым кандидаты, 17 доктор PhD. Ақпараттық технологиялар бүгінде әлемде де, Қазақстанда да білім беру жүйесінің сапасына күшті әсер ететін негіз және маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сол себептен де жоғары дәрежеде мамандандырылған кафедра ұжымы мыңдаған студенттерге ақпараттық технологиялырдың озық үлгілері бойынша терең білім алуына жағдай жасайды. Кафедра түлектері кез келген ұйымдарда, банктерде, сақтандыру компанияларында, коммерциялық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, оқу орындарында оқытушы, өңдеуші – программист, менеджер, желі және МБ администраторы болып жұмыс істей алады.

Кафедра оқытушылары инновациялық – коммуникациялық, әдістемелік – ақпараттық проблемаларды шеше алатын, студентпен бірлесіп орындайтын жаңа үлгілерін жасай алатын тұлға болуы бүгінгі басты міндет екенін жете түсіндіреді. Бүгінгі күні заманауи технологиялар күн сайын жаңарып отыр, ал заман талабына сай білім беру үшін кафедра оқытушылары да үнемі ізденіс үстінде. Бұның барлығы шәкіртіне сапалы да, озық білім жүйелерін жеткізу.

Бүгінгі таңда кафедра Түркия, АҚШ, Франция, Германия, Грузия, Болгария, сияқты мемлекеттердің жоғары оқу орындары және ұйымдарымен өзара ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа қол жеткізген. Бұл студенттерге жасалған өте үлкен мүмкіндік десек те болады, себебі студенттер осы мемелекеттерге ғылыми тәжірбиелерге бара алады немесе академиялық ауысым бойынша, шетелдік ЖОО-да оқу тәжірибесін және бір мезгілде шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл артықшылық озық технологияларды, инновациялық зерттеулерді және ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға деген ұмтылысты біріктіреді. Бұл кафедрада оқитын студенттер теориялық базаны ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың динамикалық әлемінде табысты өмір сүру үшін қажетті практикалық дағдыларды алады.

Әрбір талапкер үшін дұрыс таңдалған мамандық болашақтың жарқын кепілі. Мамандық таңдау әрбір адамның ең маңызды шешімдерінің бірі. Заман талабына сай сұранысқа ие мамандық таңдағаныма өкінбеймін. ҚазҰУ – адамның тұлға болшып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан – жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!