Тақырыбы: «Әлем және
мен»
Мақсаты: педагогтың топтасып жұмыс
істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Қажетті
құралдар: тақта, бор, доп, ватман,
фламастер.
Барысы:
-
«Хор»
жаттығуы.
Бір қатысушының сыртқа шыға
тұрғанын өтінемін, залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың
сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір,
екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады.
Сырттан келген адам қандай тақпақ екенін айтуы
керек.
2.«Мұғалім қандай болу
керек?» жаттығуы.
Екі топ қатысушылары : бірінші
топ – бастауыш сынып оқушысы, екінші топ – жоғары сынып білім
алушы. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге
қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып, көз
алдыңызға бастауыш және жоғары сынып мұғалімдерінің қандай
болатындығын елестетіңіздер. Енді әрбір топ өзара келісіп, шешімге
келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып
орталарыңызданбіреу шығып қорғап шықсын,- деген нұсқау
береді.
Қорытынды: «бастауыш білім
алушы» тобының пікірі: мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл
болу керек. «Жоғары сынып білім алушысы» тобының пікірі: өз
мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай
болу керек.
Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам
кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға дайын болу. Екі топ бірігіп,
мұғалімдерге берге білім алушының сапаларын талқылап ашып көрелік.
Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл, қатаң,
кәсіби шебер, ұйымшыл. Осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп
ойлаймыз.
3.«Шеңбер бойынша сурет»
арт-терапиялық жаттығу.
Біз қазір ақылдаспай біртіндеп
шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды:идеялды
мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... (әрдайывм көріп
жүрген мұғалімнің бейнесі). В.Вишневскийдің афоризмін еске
түсіретін болсақ: «Мен ғажапқа дейін жеткізбе!» дегендей,
«Ғажайыптылық өзіміздің жүрегінде болады». Біздің кездесуіміз таяп
келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын
болсақ, педагогтың мықты жағын тағы да бір еске түсіре отырып,
бір-бірімізге (Жылы сөз айтайық).