400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10-сынып. Ашық сабақ жоспары. қазақ тілі Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет Музыканың үлкен кітабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет Музыканың үлкен кітабы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:


Қай аптаның нешінші сабағы

1- тоқсан, 6-апта, №12 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім: Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет

Сабақтың тақырыбы:

Музыканың үлкен кітабы

Оқу мақсаттары:

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаты:

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

  • Мәтіндегі ақпаратты өмірмен ұштастыру

  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазып, сөйлемде орынды қолдану.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Бағалау

Ресурстар

1-2 минут


Қызығушы-

лықты ояту

Сәлеметсіздер ме?

Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабақта:

Сіздердің білетіндеріңіз:

  • Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

  • Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сіздердің меңгеретіндеріңіз:

  • Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайсыздар

  • Мәтіндегі ақпаратты өмірмен ұштастырасыздар

  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазасыздар, сөйлемде орынды қолданасыздар.


Видео-аудио суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.



































7 минут


































Мағынаны тану

Мұғалім жаңа сабақ тақырыбын суреттер мен жетекші сұрақтар арқылы анықтатқызады.

Оқушылар, мына суреттерге қарай отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап көрейік.

  1. Екі суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?

  2. Б үгінгі сабағымызда нені тілге тиек етпекпіз?




Иә, балалар, дұрыс айтасыздар. Біз бүгін «Шығыстың Аристотелі» атанған атақты философ Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі жайында біле алады екенбіз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Музыканың үлкен кітабы»


1-тапсырма Мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыздар. Негізгі ойды анықтай отырып, мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыздар.

Әл-Фарабиді дүниеге танытқан – музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, қателеспеген боламыз. Оған Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыз да бар.

Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.

«Музыканың үлкен кітабы», «Музыка өнеріне кіріспе», «Музыка өнерінің негіздері», «Музыкалық аспаптар», «Музыкалық композиция» деген үлкен-үлкен тараулардан тұрады.

Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. 1930-1935 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Р.д’Эрланже «Музыканың үлкен кітабын» француз тіліне аударған.

Әл-Фарабидің бұл еңбегі – музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи және мәдени мұра. Ендеше бізге Аристотельден басталып, әл-Фараби, Құрманғазы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Шәмші т.б. жалғастырған қуатты мәдени-философиялық, музыкалық дәстүр туралы білмеуге болмайды. Біздің ұлттық ой-санамыздың, мәдени өнеріміздің төл бастауы да осылар.

Ж.Алтаев

Дескриптор


  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтінге жоспар құрып, ондағы басты ойды анықтайды

  • Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады


Өзіңді тексер!

Жоспар:

  1. Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі

  2. Ғалымның музыка саласындағы еңбектерінің мазмұны

  3. Еңбектің музыка өнерінің дамуына әсері

2-тапсырма

Мәтін мазмұнына сүйене отырып, дұрыс-бұрысын дәлелдеңіздер.


№

Тапсырма

Дұрыс

Бұрыс

1

Әл-Фарабидің бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіруі сөз болады.



2

Ол музыкалық аспаптарды қолдан жасағанымен, аспаптарда ойнай алмаған.



3

Қазақ домбырасын дүниеге келуі музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби есімімен тығыз байланысты.



4

Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдей келе, оның тәрбиелік мәнінің ұшан-теңіз екендігіне де тоқталды.



5

Ғұлама-ғалымның еңбегін кішігірім тараулар құрайды.



6

Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи және мәдени мұра болып саналады.




Дескриптор


  • Мәтін мазмұнына сүйенеді;

  • Ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтайды


Өзіңді тексер!

№

Тапсырма

Дұрыс

Бұрыс

1

Әл-Фарабидің бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіруі сөз болады.

+


2

Ол музыкалық аспаптарды қолдан жасағанымен, аспаптарда ойнай алмаған.


+

3

Қазақ домбырасын дүниеге келуі музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби есімімен тығыз байланысты.

+


4

Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдей келе, оның тәрбиелік мәнінің ұшан-теңіз екендігіне де тоқталды.

+


5

Ғұлама-ғалымның еңбегін кішігірім тараулар құрайды.


+

6

Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи және мәдени мұра болып саналады.

+



1-5 минут




























1-5 минут


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
18 сәуір
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі