400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Әлем мойындаған елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған "Тұңғыш президент" тақырыптық ашық сабағы. Ортаңғы топ балаларына Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер, отбасы жайлы және бас қаламыз Астана жайлы мәліметтер

Тақырыбы:  «Әлем мойындаған Елбасы»
Мақсаты:

А)Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Б)Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба

Билингвалды компонент:  Елбасы – президент- President ,ту – флаг - flag

Елтаңба – герб - emblem

Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:Мотивациялық-қозғаушылық:

Тәрбиеші:

  • Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.Шаттық шеңбер:Барша жанды құрметтеп,Бас иеміз біз

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.

  • Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

  • Тұңғыш президент күні

  • Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

  • Нұрсұлтан Назарбаев!

  • Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Ол біздің тұңғыш президентіміз!

  • Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші: 1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

  • Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

  • Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар

  • Астанада тағы да не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар!Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President 

  • Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы


Ақниет:Мақсатына жету үшін алдағы,Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.Сол азамат Нұрсұлтаның емеспе,Орындаған бабалардың арманын.Мансур:Күн өткен сайын құлпырып,Жайнадың гүлдей Астана,Елорда – менің Астанам,Елорда-менің бас қалам.Елдос:Ер болдық ерік алдық астаналы,Енді кімнен қазағым  жасқанады.Тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі,Нұсұлтанның атымен басталады.Айсұлтан:Елбасымыз жолдайды,Халқы оны қолдайды,Ешқашанда орынсыз,Шешімдері  болмайды.Санжар: Жанерке:

  • Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

  • Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.

Тәрбиеші:

  • Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?

Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегендібілдіреді. Күннің бейнесінқараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің еліміздежүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – елімізәрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

  • Ал, туымыздың жанында не бар екен?

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.



  • Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

  • Шаңырақ!

  • Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

  • Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

  • Ат бар!

  • Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.

  • - Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз  қалай  аталады?  -  ұлтымыз  қазақ.Ана  тіліміз  қай тіл?  қазақтілі.

  • Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag

Елтаңба – герб - emblem

Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?


Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде  кім туралы айттық?Ол кім?Ол біздің елдің тұңғыш президенті.Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

  • Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

  • Жарайсыңдар, балалар!


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.

Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді.

Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің меңгереді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 маусым
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі