400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әлем сенің қолында"

Материал туралы қысқаша түсінік
ерекше білімді қажет ететін оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Авторы Шканова Альбина Сериковна

БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, М.Әуезов ат.ОЖББМ тәлімгері


Тақырыбы: « Әлем сенің қолында »

Уақыты: 24 ақпан

Сағ:1000


Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Қатысушылар : ерекше білімге қажеттіліктері бар оқушылар , «Жас Ұлан» балалар ұйымы


Жүргізуші Жанерке Армысыздар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар, жас достар ! Бүгінгі «Жан жылуы » атты қайырымдылық акциясының аясында ұйымдастырылып отырған «Әлем сенің қолында » атты мерекемізге қош келдіңіздер.

«Сәлем сөздің атасы» танысу тренинг Айдана Гүлназ

Жарық пенен жылуды
Бақыт пенен мейірімді
Өзім ғана беретін
Сіз жүректің жылуы.
І жүргізуші Жанерке Тыныштық сәті  /назды музыка ойнап тұрады/

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.


І-Жүргізуші

“Кел балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік”
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ! дей келесі тренингімізге кезек берейік

«Әуенге ырғақты би» (Көңілді әуен қосылып тұрады, көзбен,аяқ, мұрын, қол, иык , ерін, қаспен, барлық дене мүшелерімен билеу )


Дильназдың  орындауындағы «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!


«Жүректен шыққан жылы сөздер» тренинг

Нұсқау: оқушыларға жүрек шар беріледі , бір-бірімізге жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер.


«Бақытты балалық шағым » тақырыбында  сурет салу


Барлығымыз бірге Флешмоб билейміз.


Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

Жігерін мен сеніміңді оттық қып,

Жас қырандай қанат қағып қиянға.

Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

Келесі көріскенше сау болыңыздар!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
1017
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі