400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлем таныған Әуезов!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты колледж оқытушыларына пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі


«Бекітемін»: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а.

_______Рахимгалиева П.С.

«____» ___________ 2017ж



Ашық тәрбие сағаты

Әлем таныған Әуезов!



Дайындаған: Кабидолдинова Н.Т.

Тобы: 1 леч В








Семей қаласы 2017 жыл

Тақырыбы: «Әлем таныған - Әуезов».

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Қазақтың ұлы жазушысы М. О. Әуезовтің өміржолы мен шығармашылығын білу. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы білім алушылардың білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, білім алушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі. Надандық, зұлымдық, жалқаулық сияқты осал қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қабырға газеті, суреттер.

Сабақтың негізгі әдістері: мазмұндау, рольді бейнелеу, Мұхтар шығармаларынан үзінділер оқу.

Жоспар:

  1. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмір жолымен танысу.

  2. Әуезов шығармаларына саяхат.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушының кіріспе сөзі. Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ұлы жазушы

- Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Өздеріңіз білетіндей колледжімізде тілдер мерекесіне орай «Әлем әдебиетінің алыбы – Мұхтар Әуезов!» атты шығармашылық іс-шаралар апталығы өтуде. Осы шараның арқасында сіздер Мұхтар Омарханұлының шығармашылығымен жетік танысудасыздар!

Picture 8 II. Мұхтар әлеміне саяхат! (Жол көрсетушіміз Зарема мен Елсұлтан)

Зарема: Өр тұлғасы жаралған жылылыққа,
Есімі жүр әлемде, әр құрлықта.
Ұлы Абайды бар халыққа таныстырған.
Бас иемін Әуезовтей ұлылыққа.

Ендеше, бүгінгі сабағымызда Әуезов әлеміне виртуалды саяхат жасап көрейік! Ол саяхатта бізге жетекші болатын 1 леч В тобының Мұхтартанушылары, яғни сіздер. Студенттердің әр қайсысы өз тақырыбына дайындалған.

ЕPicture 7 лсұлтан: Бірінші аялдама: Семей жері, Абай ауданы.
Әуез ата (Әділ): «1897 жылы немерем Мұхтар дүниеге келді. Жасы да бірталайға жетіпті. Балаларымды оқытпасам, түбінде қорлық көрер. Осы Абай оқу десе ішкен асын жерге қояды. Байқасам, ол бірдеңені біледі. Міне қара сөзінде де жазыпты ғой.
«Турасын айтқанда балаңа қатын әперме, енші берме, ғылым үйрет. Мына мен айтқан жол, мал аяр жол емес» 25 сөз.
Абайжан, заманның өзі оқығанды, білімдар болғанды қалап отыр. Мақсатым, балалар мен немерелерімді оқыту».
Римма: Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.


Зарема: Саяхатымыздың екінші аялдамасы: Семей қаласы.

ТPicture 9 амаша: 1907 жыл. Мұхтар Орыс мектебіне, онан кейін 5 кластық қалалық, училищеге қабылданып. 1912 жылы бітіріп шығады да, сол жылы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. М. Әуезовтің семинарияда оқып жүрген кезін орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Владимир Иванович Поповтың естелігінен білеміз. «Мен Мұхтар Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Оның маған қаншалықты күшті әсер еткендігін жарты ғасырға жуық жадымда сақтап келдім. Үлкен класс бөлмесі дәл қазіргідей көз алдымда. Парталар үш қатар боп қойылған. Ортадағы бірінші партаның оң жағында ерекше сәнді, ұқыпты киінген, қап - қара шашы бар, қоңырқай реңді, қалың ерінді, әсерлі де ойлы қоңыр көзді, кең маңдайлы, он сегіздер шамасындағы сыпайы, сұлу жас қазақ жігіті отырды. Бұл Мұхтар Әуезов екен».
Семинарист Мұхтар білімге ерекше ден қойып, талпынып оқығаны байқалады. Арасында ауырып, біржарым жыл тоқтатып қойып, семинарияны 1919 жылы бітіреді.


Елсұлтан: Келесі аялдама: Ленинград.

ЗPicture 10 арина: М. О. Әуезов 1923 жылы Ленинград университетінің қоғамдық - ғылымдар факультетіне, әдебиет - лингвистика бөлімінің славян - орыс секциясына түседі. 1 семестірден кейін Семейге демалысқа келді. Мұғалімдер жетпегендіктен М. Әуезов Семей педтехникумында мұғалімдік қызметке қалады.
М. Әуезовтің Ленинград университетіндегі оқудан үзіліс 1925 жылдың күзіне дейін созылды. Ол оқуын қайтадан 1925 жылы бастап, 1928 жылы аяқтады.
Ленинградтан Ташкентке бет бұрдық. М. Әуезов орман техникумында көркем әдебиеттен сабақ береді, әрі «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет істейді. Сабақ бере жүріп ғылыммен де айналыса бастайды. Орта Азия мемлекеттік университетінің тюркология кафедрасына аспирантураға түсіп, сол кезде қазақ халық ағарту институтында орыс және қазақ әдебиет пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Ташкентте М. Әуезов бір топ ұлы қайраткерлерімен бірге ұсталып 1, 5 жыл түрмеде жатты. Содан босанып шыққаннан кейін ұстаздығының екінші кезеңі басталды.


Зарема: Келесі аялдама: Алматы қаласы.

ЗPicture 11 ейнеп: Алғашында Мұхтар аға Алматы малдәрігерлік және Абай атындағы педагогикалық институтында шәкірт тәрбиеледі. Одан кейін Қазақтың мемлекеттік университетіне ауысты да, оның жалғастығы өмірінің соңына дейін үзілмеді. Тек елуінші жылдардағы саяси науқаны кезінде қызметінен аластағаны, өз сөзімен айтқанда «Қудалағаны» бар.

Picture 12 Елсұлтан: Ал, енді біз бұрынғы КСРО астанасы - Мәскеуге тоқтаймыз. «Москва, как много в звуке этом» - дегендей М. Әуезов өмірінде Мәскеу университетінің орны ерекше. Өзін Мәскеу студенттері алғашында салқын қабылдайды. Бірақ шын тұлпар шабысына біртіндеп барып енеді емеспе? Академик Виноградов өз кезегін Әуезовқа ұсынып, студенттермен бірге отырып тыңдайды. Бұл кезең Әуезовты ерекше ширықтырғандай еді. Қазақстанда Ғылым академиясы ашылып, Әуезовтың академик сайлануы, ғылым докторлығы мен профессорлық атақтың қатар берілуі - оған көп міндет жүктеді.«Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» - деген М. Әуезовтің өзі. Біздің білетініміз: Мұхтар - жазушы, Мұхтар - ғалым, Мұхтар - қайраткер, ұстаз.


Зарема: Мұхтартанудағы соңғы аялдама: Оның еңбектері. Еңбектері жайлы бізге Дильназ қысқаша мағлұмат беріп өтеді.

ДPicture 13 ильназ: Филология факультетінде қызмет жасайтын  «Әуезов аудиториясы» да ірі шығармашылық ұяға айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылыми-практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Мұхтартану», «М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы» секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. 


Мұғалім: Барлық еңбектерін көрсету мүмкін емес, алайда біз бүгін атақты «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді көрсетуді жөн көрдік. Көрмес бұрын Зарема бізге осы шығармадан үзінді оқып берсін!

Picture 14 Марат Зарема:«Еңлік-Кебек»-тен үзінді:

Ту тіккен Тобықтының қос басшысы —

Жуантаяқ1 Тоқтамыс деген кісі.

Жамағайын жақыны сол кісінің,

Бар екен Кебек деген бір інісі.

Ол Кебек мықты болған жас басынан

Тоқан да тастамайды өз қасынан.

Жасы бала болса да жаны отты деп,

Артық көріп не сабаз жолдасынан.

Ел қамы үшін өлуге жанын салып,

Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.

Жауға батыл, жақынға және әдепті,

Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.

Ол кезде балгер болған Нысан абыз,

Шын даулескер бақсының өзі нағыз

Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма,

Айтқаны келеді деп қылады аңыз.

Кебек батыр өз бағын сынамаққа,

Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа.

Оңашада жалынды абызға кеп,

Бал ашып бер деді де біздің баққа:

«Ей, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт,

Алар ақың бар болса, мойныма арт.

Балыңа не түссе де жасырмай айт,

Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт».

«Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын,

Ол үшін саған ақыл сала алмаймын,

Жаман айтсам жабығып қала көрме,

Жынның сөзін жасырып қала алмаймын.

Соны айтып қобыз алды Кебекке арнап,

Шақырды жындарының атын зарлап.

Қара қалмақ Қорқыттың2 күйін тартып,

Қобызына ән қосып кетті сарнап.

Темір масаң жабырлап тұр сылдырлап,

Екі көзі баксының тым бұлдырлап.

Ындын қойып тыңдасаң, сарнағанын,

Сақтанбасақ алғандай ақылды ұрлап.

Мұңды қоңыр дауысы шықса зарлап,

Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап.

ЗPicture 15 Picture 16 арема: «Еңлік-Кебек пьесасы»: Көрініс. (Кебек-Әділ, Еңлік-Диана, Жәуетей-Елсұлтан, Есет-Әліби)




Елсұлтан:Мұхтар ағамыздың өмірінде Абай ерекше орын алады.
Ұлы Абайдай алыпты,
Қазақ деген халықты,
Таныстырып бар елге,
Абайды бізге танытты.
Адамдық пен надандық,
Жақсылық пен жамандық,
Суреттердің бәрін де,
Оқып одан нәр алдық.
Аталса Абай есімі,
Әуезов түсер есіме,
Абай - Мұхтар қос есім,
Киелі болған өзіме.


III. Сабақты қортындылау:

Мұғалім: Біз бүгін Әуезовтің әлеміне саяхат жасадық. Сіздердің тараптарыңыздан бұл саяхатқа үлкен дайындық болды. Әр білім алушы өз үлесін қосты: көп рахмет. Енді, бүгінгі сабақты Алинаның Мұхтар атасына арнаған арнауымен аяқтайық!

Алина:

Picture 21







Picture 17 Picture 18

Picture 19 Picture 20

Picture 23 Picture 24



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі















Әуезов әлеміне саяхат!



Shape1









































































Shape2

Shape3

Құрметті ________________________

Сізді 28.09.2017ж. сағат 11-40-та 1 леч В тобымен болатын «Әлем таныған Әуезов!» атты ашық тәрбие сағатына шақырамыз!

Өтетін орны: аудитория №2

Өткізетін: Кабидолдинова Н.Т.



















































































































Shape4

Shape5

Құрметті ________________________

Сізді 28.09.2017ж. сағат 11-40-та 1 леч В тобымен болатын «Әлем таныған Әуезов!» атты ашық тәрбие сағатына шақырамыз!

Өтетін орны: аудитория №2

Өткізетін: Кабидолдинова Н.Т.





















Shape6

Shape7

Құрметті ________________________

Сізді 28.09.2017ж. сағат 11-40-та 1 леч В тобымен болатын «Әлем таныған Әуезов!» атты ашық тәрбие сағатына шақырамыз!

Өтетін орны: аудитория №2

Өткізетін: Кабидолдинова Н.Т.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі