«Әлемдегі ең қажет кім?»
іс-шарасы
Негізгі
мақсат:
Оқушыларды әртүрлі
мамандықтармен таныстыру, еңбекке қызығушылығын арттыру, өз қалауы
мен қабілетіне сәйкес мамандық туралы ой
қалыптастыру.
Жүргізуші: — Құрметті ұстаздар, қадірлі
қонақтар және бүгінгі шарамыздың қатысушы
оқушылары!
Сіздерді, «Әлемдегі ең қажет
кім?» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
— Мамандық таңдау — әр адамның
өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың
бірі.
Бүгін біз сіздермен бірге
түрлі маман иелерімен танысып, өзіміз жасаған экскурсиялардың
нәтижесін көрсетіп, мамандықтарды жарнамалап көретін
боламыз.
— Ендеше, жақсы көңіл-күймен
іс-шарамызды бастайық!
Музыка 3–5 секунд тағы да жай ойналып,
тоқтайды.
Жүргізуші: Музыка, көтеріңкі көңіл-күй
және жылы қошемет сіздерге шабыт сыйласын! Ортаға қатысушыларды
шақырамыз!
-
9 «А» сыныбы, сынып
жетекшісі-Усанбоева Салтанат апай
-
9 «Ә» сыныбы, сынып
жетекшісі-Аширова Майра апай
-
9 «Б» сыныбы, сынып
жетекшісі-Муталиева Ақмарал апай
-
9 «В» сыныбы, сынып
жетекшісі-Анапиева Назым апай
-
9 «Г» сыныбы, сынып
жетекшісі-Ауезова Гүлзина апай
-
9 «Ғ» сыныбы, сынып
жетекшісі-Абдимуталифова Қаламқас апай
1. Таныстыру –
сәлемдесу
(Залға жайлы әуен қосылады.
Оқушылар айналаға жайғасып болған соң музыка баяу бәсеңдейді, өз
топтарын таныстырады.)
2. Ширату
(сұрақ-жауап)
(Әділ-қазылар алқасы сұрақ
қояды).
Жүргізуші: — Келесі бөлім –
«Ширату».
Бұл кезеңде бүгінгі іс-шараның
әділ-қазылар алқасы оқушыларға мамандықтар туралы қысқа, қызықты
сұрақтар қояды.
— Сұрақтар жылдам, нақты жауапты
талап етеді. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе – сол топқа қосымша
ұпай беріледі.
— Құрметті әділ-қазылар алқасы,
алғашқы сұрақты сіздерге береміз.
(Сөз әділ-қазыларға
беріледі.)
3. “Менің бір күнім” – үй
тапсырмасы (Экскурсия + альбом
таныстыру)
Жүргізуші: — Ендігі кезекте ең қызықты
бөлімдердің бірі — «Менің бір күнім».
Бұл — сіздерге алдын ала
берілген үй тапсырмасы.
Әр оқушы немесе топ белгілі
бір маман иесіне барып, шағын экскурсия жасап, оның жұмысымен
танысты.
— Сол экскурсия барысында сіздер
фото, бейне, ақпарат жинап, кішкентай альбом немесе шағын
таныстырылым дайындадыңыздар.
— Енді сол жұмыстарды үлкен
экраннан көріп, әр топ өз күнделігінің қалай өткенін баяндап
береді.
— Бірінші топты сахнаға
шақырамыз!
(Топ өз альбомын
таныстырады.)
— Рақмет! Келесі топ,
дайындалыңыздар!
(Әр топ кезекпен шығып, 1–2
минут баяндайды.)
4. «Жарнамалау» бөлімі
(Экскурсия кезінде танысқан мамандықты
жарнамалау)
Жүргізуші: —
Келесі кезең – шығармашылық қабілетті талап ететін «Жарнамалау»
бөлімі.
— Бұл бөлімде әр оқушы немесе
топ экскурсия жасаған мамандықты жарнамалайды:
оны не үшін ерекше, қандай
артықшылықтары бар, неліктен болашақта сұраныста болады — осының
бәрін қысқа, нақты, қызықты түрде жеткізу
керек. Жарнама түрі еркін
түрде.
— Ендеше, бірінші болып
өздерінің жарнамасын көрсету үшін 9 «А» сыныбы сахнаға
шақырылады!
(Әр топ кезегімен шығып, 1–2 минуттық жарнама
жасайды.)
Қорытынды
Жүргізуші: — Құрметті оқушылар! Бүгінгі
іс-шарамыз өте мазмұнды, қызықты өтті.
Сіздер әртүрлі мамандық
иелерімен танысып, өздеріңіз жасаған экскурсияны көрсетіп,
мамандықтарды жарнамаладыңыздар.
— Бұл тәжірибе сіздердің
болашақта дұрыс мамандық таңдауларыңызға жол ашады деп
сенемін.
— Ал енді сөз кезегі —
әділ-қазылар алқасына беріледі.
(Ұпай нәтижесі
жарияланады.)
— Бүгін белсенді қатысқандарыңыз үшін бәріңізге
алғыс айтамыз!
Армандарыңыз орындалып, таңдаған мамандықтарыңыз
сізді биік мақсаттарға жетелесін!
— Осымен
іс-шарамыз
аяқталды. Назарларыңызға
рақмет!