Материалдар / "Әлемдегі ең сұлу Анама" ертеңгілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әлемдегі ең сұлу Анама" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік. ертеңгілік ортаңғы жас топ балаларына арналған. балалар аналарына деген лбіздерін ән айту, тақпақ оқу, би билеу арқылы жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
316
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдырған» бөбекжай - бақшасы











«Әлемдегі ең сұлу анама»

(8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне

арналған ертеңгілік)







Тәрбиешілері: С.Курманова

Б.Манас















Сарқан қаласы 2023 жыл



Бекітемін: ________________________________

бөбекжай-бақша меңгерушісі м.а: Э.Дармишева




Тақырыбы: «Әлемдегі ең сұлу анама»



Мақсаты: Балаларға көктемнің ең алғашқы мерекесінің ерекшеліктерін сезінту, сахна мәдениетіне, сыйластыққа тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Өтетін күні: 07.03.2023 ж сағ 9.30


Өтетін орны: Музыка залы



Әндер: «Ана-біздің гүліміз»

«Анамызға көмек» хорлары



Билер: «Джентельмендер»

«Қуыршақтар»



Ойындар: «Гүл құрастыру»

«Кім жылдам?»


Кейіпкерлер: Жүргізуші және Көктем









Зал тақырыпқай сай безендірілген. Балалар музыка ырғағымен жұптасып кіреді.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті ақ жаулықты Әжелер, сұлу да сымбатты аналар , мерекелеріңіз құтты болсын !

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғынам

Біз ғана емес

Аналарды қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті АНАЛАР !


-дей отырып, құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің кішкентай қыздарымыз, балабақша қызметкерлері, Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз !


Ән: «Ана-біздің гүліміз»

(балалар ортаға шығып ән салады)



Жүргізуші: Қандай керемет бүгінгі күн, қараңдаршы қыздарымыз қандай әдемі, өйткені қыздарымыздың да мерекесі ғой.


-Балалар, бізге қонаққа кім келе жатыр екен көрейікші

(әдемі әуенмен ортаға Көктем келеді)


Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын !


Жүргізуші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз өйткені

балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынады.

Біздің мерекемізге қонаққа джентельмендер өз өнерлерін көрсетуге келіпті.


Би: «Джентельмендер» Қабыл алыңыздар!


Көктем: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнайсыңдар ма? Мен ұлдармен ойнағым келіп тұр.

(ойынның шартын айтып түсіндіреді).


Қимылды ойын: «»


Жүргізуші: Көп рахмет Сізге Көктем! Енді біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.


Келбетінде ұлылық

Даладан кең пейілі

Ана деген – жылылық

Ана деген – мейірім.

-деп, аналарымызға арнап жырдан шашу шашайық!


(Ортаға қыздар шығып тақпақтарын айтады)


1.Нұрай:.

Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлдилеген аншым
Алтыныанда қымбатсын
Ақ сүт берген анашым

2.Аруна:
Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыныз бүгінгі
Құтты болсын ана жан

3.Д.Даяна 
Айтқаныңды тындаймын
Үлкендерді сыйлаймын
Анашымды құрметтеп
Өлеңімді жолдаймын.

4.Айша
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білбейтін
Мандайымнан иіскеп мені
Құлыншағым күнім дейтін

5.Фатима

Мейірімді сымбатты
Қадырменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десендер- ол ана

6.Н.Даяна
Әжем менің ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен
Аппақ әжем пәк әжем
Мейрімен тербеткен

7.Ад.Айару

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам
)

8. Мәриям

Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет. 

9.Сабина

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар! 

10.Ар.Айару

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
11.Аяна
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз

12. Асылым
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

13.Сағадат
Жарқын жүзді жан аннам
Сендей болсын бар адам


Көктем: Қандай тамаша, Қыздар сендерге көп рахмет !


Жүргізуші: Балалар, жаңа Көктем ұлдармен ойнады, енді мен Қыздармен ойнағым келіп тұр.


Ойын: «Гүл құрастыру»


Жүргізуші:Біз аналарымызды қатты жақсы көреміз. Сендер аналарыңа үйде көмектесесіңдер ме?

Онда тұрып қалай көмектесу керектігін әнмен айтып берейік.


Ән: «Анамызға көмек»


Жүргізуші:Балалар, жаңа қыздар аналарына арнап жырдан шашу шашты, енді ұлдардың өлең жолдарын қабыл алайық!

(ұлдар ортаға шығып тақпақ айтады)

1.Айарыс
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
2 Елназар:  
Келбетінде ұлылық
Даладай кең пейілін
Ана деген жылылық
Ана деген мейірім

3.Демеу 
Айналайын анашым
ақылдысын панасын
Ең сұлу жан әлемде
жалғыз өзін ғанасын

4. Ислам  
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамыздың пейілін
Жомарт жанға балаймыз.

5.Сырым 
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

6.Ілияс
Әже біздің күніміз
Аялаған анамыз
Әже біздің нұрымыз

Саялаған панамыз.

7.Али
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Балдай тәтті бал әжем

8.Жарқын .
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды
Мерекеден шуақты бір із қалды
Болсың әр кез көтерінкі көңіл күй
Нұрын шашын мерекеде өңірлер

9.Сұлтанәли
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

10.Даниял 

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иемі
11. Санжар

Менің анам ардақты,
Алтыннанда салмақты.
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым.
 

12.Омар

Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз


Жүргізуші:Қыздар, сендер немен ойнағанды жақсы көресіңдер?

Әрине қуыршақ қой.

Бізге қонаққа әдемі қуыршақтар келіпті солардың билерін тамашалайық!


Би: «Қуыршақтар»


Жүргізуші:

Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі

-деп халқымыз бекер айтпаған. Расында да қараңыздаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі, сүйкімді болып отыр. Осы сүйкімді де сұлу қыздарымызды мерекелерімен құттықтайықшы, ұлдар!


(Ұлдар барлығы бір-бір құттықтау тілек айтады).


Ұлдар: Мерекелерің құтты болсын!

(қыздарға арнап дайындаған сыйлықтарын сыйлайды)


Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніміз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз !


Балаларымыздың өз қолдарынан жасап әзірлеген сыйлықтарын қабыл алыңыздар !

(балалар сыйлықтарын аналарына апарып сыйлайды)


Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер, аман болыңыздар деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

Мерекеден мерекеге жете берейік! Келесіде жүздескенше қош сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!