15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлемдегі ірі кітапханалар. Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» 5 сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Зырян ауданы , «Зырян қаласының
№11 орта мектебі»КММ
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Мұқатаева Мереке Адылханқызы
Пәні: қазақ тілі Т2 |
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы Мектеп: «Зырян қаласының №11 орта мектебі» КММ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 24.12.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Мукатаева Мерике Адылкановна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 «Б» - сынып |
Қатысқандар: 13 |
Қатыспағандар: 0 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5О3-Фольклордың және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну. 5Т1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді және өлеңді тыңдайды. Мазмұнын түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін және өлең бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін және өлең мазмұнын өте жақсы түсінеді, сұрақтарға дәйекті жауап береді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: тыңдалым материалдарының мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мақтанба,бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым, асыл іс, қашық бол, асық бол, адам болу, өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ, |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дүниеге келген, ертегі тыңдаған, зерек болған, өмір сүрген, қазақ халқы үшін, мақсаты,білім алуға тәрбиелеген. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақылауға арналған сұрақтар: - А.Құнанбаев осы өлеңді не үшін жазды? Автордың арманы не? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оның себебі... Өйткені... Идеясын талқыла... |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Оқушылар алдыңғы сабақта ірі кітапханалар қайда орналасқан, қайда пайда болды, оның маңызы туралы білді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 2 мин
2 мин
1 мин
|
1) Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - психологиялық хал-ахуал қалыптастыру.
«Бес қадам» әдісі Оқушылар бір –бірден ортаға шығып, сынып еденіне қойылған қима іздер бойынша жүре бастайды. Әр қадамды басқан сайын өткен сабақтағы 1 ақпаратты айту керек. Егер айта алмай қалса, ортаға келесі оқушы шығарылады. Отырған оқушылар қатысушыға жетекші сұрақтар қоюы тиіс. Мақсаты: өткен сабақты еске түсіру,қайталау. 2) Топқа бөлу «5 жақсы нәрсе, 5 жаман нәрсе» ойыны арқылы бөлемін. Менің қолымда түрлі-түсті киіз үйдің макетіне жазылған сөздер болады. Оқушылар таңдайды. Таңдаған соң, бірден топ құрайды 2 топ. Топтардың атаулары: жақсы киіз үй , жаман киіз үй
3) Сабақ тақырыбын анықтау, мақсат қою Интербелсенді тақтадан оқушыларға сабақтың мақсатын, тақырыбын анықтау үшін «Жасырынған сұрақтар» ойыны арқылы жауап беру арқылы, А.Құнанбаевтың суретін құрастырады. Жасырын сұрақтар: - Ақын деген кім? –Ақын не істейді ? –Қазақ халқының ақындарын білесің бе? т.б. - Тақтаның жоғарғы жағында тұрған кім екенін білесің бе?(тақтаның жоғарғы жағында Абай Құнанбаевтің портреті және ақынның білім туралы нақыл сөзі жазылған) Сурет құралады. -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта кім туралы өтеміз? Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтаймыз. Оқушылар өз-өздерін бағалау үшін, әр оқушының алдына «Авторға көмек» оқиға карточкасы таратылады. Бұл карточкада автор портреті, бірінші, екінші, үшінші нөмірлі баспалдақтар және автор өлеңінің ішінен таңдалып алынған екі жол үзіндісі беріледі. Бірінші баспалдаққа НЕ БІЛЕМІН, НЕ БІЛДІМ, НЕ АЛДЫМ (өзіне қандай ой түйді?) |
Іздің сурет-қималары, тоқ желілерінің сурет қималары.
Интербелсенді тақта Карточкалар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы
2 мин
7 мин
2 мин
8 мин
8 мин
|
4) Ақын туралы қысқаша мәліметтері бар тұсаукесер көрсетіледі.Оқушылар тыңдап, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша дәптерлеріне А.Құнанбаев туралы қысқаша мағлұмат жазып алады. 5) Жаңа сөздер. Сөздікпен жұмыс: Оқушылардың назарына интербелсенді тақтадан бүгінгі сабақтың жаңа сөздері сурет түрінде ұсынылады. 2 минут ішінде сол сөздің мағынасын\ аудармасын табу қажет: 1) сөздіктен қарауға; 2) интернеттен қарауға рұқсат етіледі. Жаңа сөздердің аудармасын интербелсенді тақтадан аудио арқылы тыңдайды және жазбаша түрі ұсынылады: мақтанба, бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым, асыл іс, қашық бол, асық бол, адам болу, өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ. Мақсаты: бүгінгі өтілетін сабақтың жаңа сөздерімен алдын-ала таныс болу. Мақсатқа жетуге біршама жақындау. Сөздік қорларын жаңа сөздерді меңгере отырып молайту. 6)Оқушылар «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен 3 минуттық үзінді тыңдайды. «Графикалық органайзер» (Топтық жұмыс) жасайды. Әр топқа өлеңді 2 шумаққа бөлемін. Сол шумақтың мағынасын ашады, идеясын анықтайды. (топтық жұмыс).
Бағалау: Дескриптор арқылы топтар бір- бірін «Смайликтер» арқылы бағалайды.
Бұл тапсырманың мақсаты: тыңдалым материалының негізінде өлеңнің идеясын ашу, мазмұнына талдау жасау. Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуін, ойлау дағдыларын қалыптастыру. 7) Сергіту сәтін ұйымдастыру. «Ақбұлақ биін» билету. 8) «Бетпе –бет» әдісі» (жұптық жұмыс)
Ж Оқушылар 2 қатарға қарама –қарсы отырады. Мұғалім тыңдалым материалы бойынша қарапайым, анықтаушы, интерпретациялық, бағалаушы, шығармашылық, тәжірибелі сұрақтар құрастырып ұсынады (бірсарынды қарапайым сұрақтар емес, сәйкесінше сұрақтардың құрылымына мән беру). Жасаған жұмыстары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Бір қатардағы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен сағат тілі бойынша ауысып, бір –біріне сұрақ қояды. Барлық оқушы сұрақты қоюшы және сұраққа жауап беруші рөлін атқарады.Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалап, бағалайды, бақылайды. Оқушылар орындарына топ бойынша отырады. Бағалау: Жұп бір-бірін төменде берілген дескриптор арқылы «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
Бұл тапсырманың мақсаты: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, сұрақтар құрастыру. Оқушылардың СТО қабілеттерін дамыту. 9) «Мәтінді түзету» әдісі (Жеке жұмыс) бойынша оқушылар мәтін бойынша бос орынға қажетті сөздерді қояды. Сол қойған сөздердің мағынасын ашады. Сол сөзге байланысты сөйлем құрастырады. Одан басқа өлеңнің ішіндегі грамматикалық қателіктерді табу. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту. А) Қылым таппай ........ Орың ......... баптанба Ә) Бес нәрсеге ....... бол, ..... нарсеге асык бол.
|
Тұсаукесер, сөздік дәптер, оқулық.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 2 мин
6 мин |
10) «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қояды. -Бүгін сабақта кім туралы өттік? -Ақынның қандай өлеңімен таныстыңдар? - А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін не үшін жазды? Автордың арманы не? -Өлеңнің идеясы қандай? 11) Рефлексия. Сабақтың басында таратылған «Авторға көмек» оқиға карточкасын аяқтап толтырады. Қалаулары бойынша оқиды. Сол кезде мұғалім оларға алма стикерін таратып жатады. 12) Кері байланыс: тақтада жапырақсыз жалаңаш ағаш ілініп тұрады. Оқушылар жалаңаш ағашты бүгінгі сабақтан алғандарын «3Қ стратегиясы» бойынша жазып жабыстырады. «Бүгінгі сабақта қызық болды» «Бүгінгі сабақта не қиындық келтірді?» «Бүгінгі сабақта не қажет болды?» 13)Үй тапсырмасы: 127-129 беттер, 5,9 тапсырмалар- жазбаша, 4- тапсырма -өлеңді жаттау, жаңа сөздерге шолу жасап, қайталау.
|
Стикерлер, Жеміс ағашын жапырақпен безендіреді.
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады, түсінеді
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ұппен
оқушылар өлең бойынша сұрақтар
құрастырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген