Өмірде жоқ жануардың суретін салыңыз
(тест)
Адамның эмоциясынан,
көзқарасынан,
пікірінен,
сөзінен өзін тануға болады.
Алайда бұл аса оңай іс емес. Кей жағдайда жаңа
жұмысқа қабылдау үшін де психологиялық тест беріп жатады. Өмірде
жоқ жануардың суретін салғызу арқылы адам туралы көп нәрсеге көз
жеткізуге болады. Өзіңізді танығыңыз келсе үш минут ішінде көп
ойланбай, әлемде болмаған жануардың суретін салып, біз ұсынған
белгілерге көз жүгіртіңіз.
Ең алдымен суреттің бетте қалай орналасқанына мән беріңіз:
• неғұрлым жоғары салынса –
өзіңізді өзіңіз жоғары бағалайтыныңыздың
белгісі;
• төмен салынса –
өзіңізді лайықты деңгейде бағаламайсыз;
• оң жақта тұрса –
табандысыз;
• сол жаққа салынса –
қиялшыл;
• алға қарап тұрса –
өз пікірінен танбау.
Енді детальдарына жіті мән беріңіз:
• Басы денесінен үлкен болса –
бұл суретті салған адамның зейінділік деңгейі жоғары;
• көзі анық салынса –
үрейі басым;
• кірпіктері бар болса –
өзгелердің пікіріне тәуелді;
• тісі ақсиып тұрса –
өзгелерден қорғану үшін шешен сөйлеуге тырысады;
• тілі көрініп тұрса –
сөйлемей отыра алмайды;
• ерні түрлі түспен боялса не шеті анық салынбаса –
оңай қорқытуға болады;
• құлағы үлкен болса –
басқалар мен туралы не айтады екен деп елеңдейді;
• мүйізі не артық элементтері болса –
ашуға бейім;
• қауырсынын салса –
наразылық;
•қанат –
қадалған көздердің,
бүкіл назардың ортасында болғысы келеді;
• табаны –
қорғанатын тірегі бар;
• құйрық –
өзіне берер бағасын оның бағытына қарап біліңіз;
• тікенек –
болашақ ата-ана болуға,
бастық болуға дайын;
• сызық –
тез ренжігіш;
Енді жануарға атау қойыңыз:
• Екі жануардың атын біріктіре салсаңыз –
артық ойланып бас қатырмайтын,
ақылды жан болғаныңыз;
• Күрделі,
қиын атау қойсаңыз –
жүйкеңіз жұқа не ойыңыз тым ұшқыр.