Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар 6-сынып ҚМЖ Қазақ тілі 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар 6-сынып ҚМЖ Қазақ тілі 4-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі

Бөлім:

9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Нурышова Ф.С.

Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6 .1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;

Сабақтың мақсаты

Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады;

Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут


































Сабақтың ортасы

8 минут






























15 минут














7 минут


















Сабақтың соңы

5 минут











Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;


Ой шақыру

1-тапсырма

Жұмбақ жасыру

1.Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.


2.Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін

Шешуі; кітап


2-тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңда. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер.

1. Автор кітапқа қатысты қандай маңызды деректермен өздеріңмен бөлісіп отыр?

2. Өзің қандай кітаптарды оқуды ұнатасың? Ойыңмен бөліс.

Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткіз.

Әлемдегі ең ауыр кітап – Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас. Атластың ұзынды ғы бір метрден асып түседі, ал салмағы – 320 килограмм. Әлемдегі ең үлкен кітап Нидерланд астанасы Амстердамдағы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Теңіз ережелерінің жинағы» деп аталады.

Кітаптың ұзындығы – орта бойлы адамнан сәл биік, ені – 4 метр, қалыңдығы – жарты метрге жуық.

Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сыяды. Олар: Құранның миниатюралық басылымы; 12 мың сөзден құралған ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының жартысындай шамада, онда – 208 бет); «Жаңа өсиет», 1896 жылға дейін жер жүзіндегі ең кіші басылым болып саналған шағын кітапша; британ (шотланд) ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең -жырларының томдығы (пергаментке басылған); француз және неміс анықтамалығы; Моисей заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап); «Гита» үнді кітабы (санскритте); Ирландия және Шотландия әндерінің жинағы (нотасымен); Франция Конституциясы (томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген); бас бармақ тырнағының көлеміндей кітап – АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің басылымы


7-тапсырма. (оқулықтан)

Өткен сабақтарды есіңе түсір. Тыңдалым, оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолдана отырып, «Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?» тақырыбында мәтін жаз. Үстеу түрлерін қолдан. Төмендегі жоспарды негізге ал.

І.Кіріспе бөлім. «Кітап – білім бұлағы». ІІ. Негізгі бөлім. «Кітаптардың қоймасы – кітапхана».

ІІІ. Қорытынды бөлім. «Кітапханалар – кітапсүйер қауымның мекені».


9-тапсырма.

Жұптық жұмыс

Төмендегі қанатты сөздерді оқы. Өзіңе ұнағанын талда, пікіріңмен бөліс.


  • Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына (Ә. Науаи).

  • Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге (Абай).

  • Егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңіл­ге тоқи біл (Л. Сенека).

  • Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей (Л. Толстой).

  • Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді: көркемөнер және ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың

(М. Горький).


Үйге тапсырма: 8-тапсырма

Рефлексия

Психологиялық ахуал

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем
алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».



Жұмбақтың шешімін табады.










Мәтінді мұқият тыңдайды. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.




Дайын тіркестер мен терминдер:

ең ауыр кітап, географиялық атлас, кітаптың салмағы,

кітаптың ұзындығы, қалыңдығы, он екі кітап, ең кіші кітап, көлемі .


























Өткен сабақтарды есіне түсіреді. Тыңдалым, оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолданады. «Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?» тақырыбында мәтін жазады. Үстеу түрлерін қолданады. Берілген жоспарды негізге алады.










Берілген қанатты сөздерді оқиды. Өзіне ұнағанын талдайды, пікірімен бөліседі.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!













Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді,

- дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады,

-сұрақтарға жауап береді.






Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау

Рисунок 4

Рисунок 5

Рисунок 6




Дескриптор

Білім алушы

-тыңдалым, оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды қолданады,

-жинақы мәтін жазады,

-жоспарды негізге алады,

-үстеу түрлерін қолданады,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12