жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Әлемдегі қауіпті мамандықтар» ашық сабақ
Пәні:Психология
Сабақтың тақырыбы:Әлемдегі қауіпті мамандықтар
Мақсаты:
Білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту,
Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға тақтада белгілі бір кәсіп иелерінің бөлшектелген суреті көрсетіледі, оқушылар суретті табады,құрастырады .)
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау:
1. Әлемдегі қауіпті мамандықтар?
Жаңа сабақ
Бұл мамандықтар ерекше, адамды еліктіретін әрі көп жалақы төленетін жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды ортақтастыратын – қауіптілік.
Жылан сауушы Жылан сауушылар жыланның уын алумен шұғылданады. Жылан уы көптеген заттардың құрамында қолданылады. Бірақ медицина саласындағы маңызы орасан. Аталған жұмыста қауіпсіздік шаралары қолданылғанымен, әр сауу процесі өте қауіпті.
Құрылысшылар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар қолданғанымен, бұл жұмыста өмірге қауіпті құралдар, ауыр заттар жетерлік. Сонымен қатар биікте жұмыс істеудің өзі айтарлықтай қауіпті.
Пицца жеткізуші Қызық, бірақ көптеген елде жеткізуші қызметі өте қауіпті саналады. Мас адамдардың немесе ашулы адамның үйіне пицца жеткізуге барсаңыз, не болатынын ойлаңызшы. Сонымен қатар жеткізушілерді жиі тонап кетеді екен.
Родео-шабандоз Бұл жұмыс 90-жылдардың соңында танымал бола бастады. 8 секундқа созылатын қойылым үшін қыруар ақша төленетін еді. Алайда төленетін ақшадан гөрі, қойылым барысында алатын жарақаттар әлдеқайда маңызды екенін айта кеткен жөн. Көрсеткіш бойынша, родео-шабандоз әр 15 қойылымның біреуінде жарақат алады екен.
Тауға жолбастаушы Көптеген адам биік таудың шыңына шығуды армандайды. Кейбірі арманын орындау үшін, тауға алып баратын жолбасшы мамандығын таңдайды екен. Олардың жұмысы тек жол көрсетумен шектелмейді. Жолбасшылар ауыр жүкті көтеріп, қауіпті жолдарды анықтап, өзге адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Микрочиптерді өндіруші Компьютерге арналған чиптерді өндіру үшін түрлі қауіпті химиялық заттар қолданылады. Олардың қатарында сынап та бар. Микрочиптер өндірісі адам өліміне алып келмесе де, салдарынан әйел қызметкерлер түсік тастайды немесе сәби денсаулығында кінәратпен туылады екен. Сонымен қатар, қызметкерлер тыныс жолдары ауруларына немесе қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін.
Әскери тілші Өмірдегі шындықта сол қалпында жеткізудің маңызы зор. Алайда бұл қызмет адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Сонымен қатар әлем бойынша тілшілерді ұрлап кететін, азаптап немесе өлтіретін жағдайлар да аз емес. Ал соғыс аумағында болсаңыз, ол жерде тілші емес, дұшпан ретінде қабылданасыз.
Мұнай платформасында жұмыс істеу Бұрғылаушылар әлемдегі ең жеңіл тұтанғыш заттармен жұмыс істейді. Кейде оларға қатарынан 16 сағат, тәулік бойы немесе 2 күн жұмыс істеуге тура келеді. Бұрғылаушылар арасында өрт, жарылыс немесе батып кету салдарынан көз жұму кең таралған.
Қолтырауынды үйретуші Бұл мамандық сізді қолтырауынға жем болуға әкелуі мүмкін. Қолтырауынды үйретуші өз өмірін тәуекел етіп, дене мүшелерін қолтырауын аузына тығып, құйрығымен ойнап, басқа да миға сыйымсыз әрекеттерге барады.
Ағаш кесуші Ағаш кесуші әлемдені ең қауіпті мамандықтардың бірі саналады. Себебі өзге мамандықтарға қарағанда, аталған сала жұмысшылары арасындағы өлім 20 есе жоғары екен. Күн сайын ауыр техникалармен жұмыс істейтін мамандар көбіне құрылғы істен шыққандықтан немесе ағаш астында қалғандықтан көз жұмады екен.
Балықшы
Балық аулау да оңай іс емес көрінеді.
Балық аулаушы – әлемдегі қауіпті
мамандықтардың бірі. Оған ауа райындағы
өзгерістер себеп болады. Барлық мамандық
ішінде мамандары ең көп өлімге душар
болатын балықшылар болып шықты.
Оқушылар
бір -біріне сауалдарын жолдайды
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба?
Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.
Қорытынды. «Мамандықты тап» сергіту сәті.
«Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
____________ мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын баланың,
Бенсаулығын ананың.
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол ток берген.
ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын
Мен арқылы өткерген. (Инженер)
Бойында шымыр алаулаған жалын,
Жақсылық жайы толғандырған жанын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)
Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.
Жақсылық хабар әкеліп,
Алыс -жақын туыстан.
.(Пошташы)
Оқу- білім арнасы,
Кім ол- оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген