400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әлемді мейірімділікпен, қайырымдылықпен сақтайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мейірімділік туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің ұзартылған күн тобы

тәрбиешісі Қадырбаева Жангүлім Мержанқызы



Тақырыбы: «Әлемді мейірімділікпен, қайырымдылықпен сақтайық»

Уақыты:
Мақсат-міндеттері:
 
«Мейірімділік», «қайырымдылық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды жетілдіру. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;өз ойларын ашық айта білуге,берілген сұраққа нақтылы толық жауап беруге үйрету, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Іс-шараның түрі: 
жарыс

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: мақал – мәтелдер, қанатты сөздер, сызбалар, ойын түрлері, бейнефильм, үнтаспа, жүрекшенің үлгісі.

Қайырлы күн ардақты, мейірімді ұстаздар, ұстаздық жолға қадам басып келе жатқан нәзік жүректі және шабытты, бақытты шәкірттер! «Әлемді мейірімділікпен, қайырымдылықпен сақтайық» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер
Топқа бөлу 
Сынып 3 топқа бөлінеді. Топтың аты, таныстырылуы.

І топ Қамқорлық

ІІ топ Мейірімділік

ІІІ топ Сыйластық

1. Таныстыру

Әр топтың басшысы өз топ мүшелерінің атын атап ,есіміне сай сипаттама береді. 
2. Ойланайық, пікірлесейік

Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қаталдықтан сақтандырып отырған. Мейірлі болу – өз халқын сүю, бірлікшіл болу екендігін ұмытпаңыз.

Мейірімділік пен қайырымдылық. Осы екі қасиет басқаларға: әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т.б көңіл бөлу олардың сеніміне ие болу, адамдар мен қарым-қатынас жасау.

Мейірімділік – асыл қасиет. Жер бетіндегі мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, жақсылық атаулының бәрі де ананың сүтінен тарайды.

«Мейірімділікті анадан үйрен» дегенді қалай түсінесіздер?

Мейірімділік бар жерде қатыгездік қатар жүре ме?

Сіздер өмірлеріңізде кімдерге қайырымдылық жасап көрдіңіздер?

Бейнебаян Жақсылық жасай білейік
3. Кім жүйрік? 
Әр топ бірлесе отырып, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерге сипаттама береді.

4. Тығырықтан шығу (өзгеге кеңес)



1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

5 -жағдаят:Сіз үйден анаңызға көмектесіп, сабақтан кешігіп жүгіріп келесіз, сіздің алдыңызда сөмкесін көтере алмай тұрған ата көмек сұрауда, сіздің іс- әрекеріңіз?

6-жағдаят: Сіз сабақтан шаршап, қарныңыз ашып кетіп бара жатырсыз. Жаныңыздағы сыныптасыңыз ауырып сөмкесін көтере алмай келе жатыр. Сіздің іс әрекетіңіз?

5.Әр топтың өнері

6.Шығармашылық жұмыс

7. «Жүрек жылуы» тренинг

Ақыл-кеңес

1.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап бос өткізбе

2.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.

3.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды,қайырым жасағаныңды есіңе түсір

4.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5.Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп,қадірлей біл

8.Қорытынды

Біз бүгінгі тәрбелік шарамызда адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелестік.

Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның көзінен көруге,іс-қимылынан табуға болады.Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2019
1222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі