Материалдар / Әлемді мойындатқан Абай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемді мойындатқан Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай дара, Абай дана" қазақта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
117
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Т үркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Абдурахман Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәжік тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Хаитова Гулчехра Курбановна

Еңбек өтілі:15 жыл

Педагог санаты: сарапшы

Абай дана , Абай дара қазақта,

Жоқ қой бұндай мына әлемде, ғажапта.

Асқақтаған даңқы әр кез әлемге,

Кім білмейді ұлы Абайды қазақта?


Ұлы тұлға әлем мойындаған дара қасиетті көркем мінезді, ақыл парасатымен ел ордасын жігерлендіріп қанатсызға қанат бітіріп , жансызды жандандырған ұлы ақын лирик, әрине ол ұлы ақын Абай атамыз. Абайдың қырық бес қара сөзінде адамдарды ибалылық пен инабаттылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәлім тәрбиені адамзат баласының санасына сіңіре білген күллі мұсұлман халқының ұстазы. Ұлы ақын Абай атамыздың әрбір сөзінен өрнек алып, еліміздің іргетасын бекемдедік десекте болады. Абайдың өлеңдері және жоғары жақта айтқандай жансызға жан бітіріп, тілсізге тіл бітіріп сөйлеткен көсеміміз ол ұлы Абай. Осы өлеңдер жинағында дала табиғатына деген ыстық ықыласымен жырға қосып жырлайды. Мезгіл туралы өлеңдерін оқысақ өлі табиғат тірілгендей сезінемін. Ұлы ақын Абай атамыз тек қана мұсұлман еліне емес төрткүл дүниенің барлығына ел болып қалыптасуына, дамуына үлкен үлесін қосқан тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлы ақын Абай атамыздың өлеңдерімен шығармаларын 10–нан астам шетел тіліне аудармасын жасатты. Әлем мойындаған Абай деген сөзіміздің бір дәлелі емес пе? Абай артында өшпес із қалдырған ғасырлар бойы ұмытылмайтын өнегелі істері өсіп келе жатқан ұрпақтарға және болашаққа да өнеге болып қалары сөзсіз. Әрбір Абайдың сөзі әрбір пенденің өмірлік жемісі, жан азығы екенін ұққанымыз абзал. Қазақтан шыққан дара тұлға ұлы ақын Абайдың қасиетті жырларын жаттап өмірлік жолымызды тауып, еліміздің тәуелсіздігін сақтап, адасқан жолдан тура жолға жол сілтейтін, мейірімділікпен адами өмір сүру қағидасын түсіндік. Біз Абай өлеңдері, шығармалары әрбір жанға өзіндік жолын тауып жүруге бағыт–бағдар беріп отыратын төрткүл дүние таныған әлемді мойындатқан ұстаз деп білеміз. Абайдың өлең шумақтарында келтірілген әрбір шумағы өмір сүрудің баспалдағы іспетті керемет айтылған сөздер. Қазақ халқының жалпы мұсұлман халқының халық болып қалыптасуына мағыналы мәнді тату-тәтті ғұмыр кешуіне тікелей септігін тигізіп келетін тұлға ол әрине Абай атамыз. Әрбір адам бақытты өмір сүру үшін Абайдың шығармаларымен өлеңдерін оқу керек. Ақынның өлең жырларын оқыған күллі адамзат баласы қараңғы түнектен жарық дүниеге жарқ ететіні анық. Өз заманында қазақ халқының атап айтқанда күллі әлем халықтарының барлығын бауырым деп қасиетті қара сөздерімен тәрбие берген. Абайдың сөзі , Абайдың өлеңі өмірлік азық депте айтсақ болады. Сөзімнің соңын қорытындылай келе мен Абайды теңерем сәуле шашқан шұғылалы жарық күнге, осы заманға дейін де кейін де болашақ келер ұрпаққа да оның әрбір сөзі, өлең жолдары адамзат баласына ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп нақты айта аламын. Өйткені Абайды білмеген қазақ қазақ емес деп бекер айтпаса керек дана халқымыз. Абай қазақтың нар тұлғалы бойтұмары, көсемі, тәрбиелеушісі, адамгершілік қасиетті санамызға сіңіруші, елдігімізді сақтап қалушы,бағыт беруші ұлы тұлғалы дара ұстаз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!