жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.1А Компьютер және қауіпсіздік |
Мектеп: № 47 ЖОББМ |
|
Күні: 16.10.2019 |
Мұғалімнің аты–жөні: Қайроленов Шыңғыс Талғатұлы |
|
Сынып: 5 «б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Мини-жоба «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» |
|
Осы сабақта жүзеге асырылатын оқудың мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.3.1 Жариялау, өңдеу, ортақ қалтаға жүктеген файлдарды жүктеу |
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
Бағалау критерийлері |
- Таңдалған жобаның тақырыбын анықтайды - Жобаны іске асыру үшін қажетті ақпаратты таба алады және іріктейді - Жоба құру кезінде ортақ қалтада жұмыс істейді - Аяқталған жобаның бағалау критерийлерін талқылайды және толықтырады |
|
Тілдік мақсаттар |
-жоба, ақпаратты іздеу, зерттеу, критерийлер |
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сыйластық, топта жұмыс істей білу |
|
Пәнаралық байланыс |
тарих, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану |
|
Бастапқы білім |
Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады? |
|
Сабақтың барысы
Жоспарланған сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жұмыстар
|
Ресурстар |
Сабақтың басы 0-2 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. «Алма,шие, өрік,банан» Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. Үй тапсырмасын сұрау. «Раунд - Робин» әдісі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. |
Слайд 2-4 |
Сабақтың ортасы 2-10 мин
10-30 мин
30-35 мин
Сабақты бекіту
|
ІІ.Негізгі бөлім. Оқушылар, осы суреттер қандай жаңалықтарды бейнелейді?
Тағы қандай жаңалықтарды қоса аласыздар? Оқушылардың ықтимал жауаптары: - Біріншісі – компьютер, одан кейінгілері теледидар, ұшақ Мұғалім: - Бүгін біз «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» жобасы бойынша жұмысты бастаймыз. Сіз табылған жаңалықтар ішінен біреуін таңдаңыз және жоба түрінде осы ақпаратты жасайсыздар. Мысалы, презентация құру. Балаларға жобаны қалай жасауға болатындығын түсіндіріңіз. Мысалы: Компьютерлік презентация арқылы. Алайда, кітапта басқа да түрлер берілген:
Мұғалім: - Жұпқа бөлініңіздер және де жобаның тақырыбы мен жасау әдісін талқылаңыздар.
Оқушылар таңдаған тақырып бойынша жұпқа бөлінеді және жобаны көрсету түрін (формасын) таңдайды. Бұл жұмыстың нысаны тілдік дағдыларды студенттерден талап етеді. Мысалы, олар сыныптастарымен қандай тақырыпты таңдау және оны қай формада ұсыну керектігін талқылайды. Жобалау критерийлерінің үлгісі: - Дәлдігі (эстетика) - Креативті дизайны - Сауаттылық (қателер жоқ) - Айқындығы(түсңніктігі) - Авторлық құқықты құрметтеу (сілтемелер көрсету) - Балалар, сіз ашылған жаңалықтар туралы ақпаратты қай жерден іздейсіздер? Оқушылар: Интернеттен Мұғалім: Ақпаратты іздеп, оны жүктеген кезде нені есте сақтау кажетпіз? Оқушылар: Авторлық құқықты құрметтеу, компьютерлік вирус жұқтырып алу мүмкіндігі. Мұғалім: Еске сақтандар!! - Біреудің жұмысын толық көшіруге болмайды есіңізде болсын!
Мұғалім: Ақпаратты іздеу кезінде қажетсіз ақпараттар көп болуы мүмкін. Осыған байланысты ең қажетті деген идеяларды жинаңыз. Енді мен сіздерге ортақ қалтада ақпаратты сақтай отырып, онымен бірге жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетемін.
Нұсқаулар Ортақ қалталармен қалай жұмыс істеу керегін көрсетіңіз. Жобаны жасау кезінде олар ортақ қалтамен бірге жұмыс істей аласындар деп түсіндірініз. Сабаққа дейін жобаның жасау реттілігінің сипаттамасын дайындаңыз. Әр топқа таратыңыз. Бірге жұмыс істеу нұсқауын айтыңыз: Бір-бірін тыңдау маңызды.
Рефлексия. Өз стикеріңізді тандаңыз
Менде сұрақтар қалды
Барлығын түсіндім
Жұмысыма қанағат емеспін
|
|
Сабақтың соңы 35-40 мин |
Үйге тапсырма. - Қандай суреттерді өз жобанызда қолданасыздар. - Табылған ақпаратты слайдта қалай көрсетесіз. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген