400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әлемді өзгерткен өнертабыс"бөлімі бойынша жиынтық бағалау,11-сынып,қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әлемді өзгерткен өнертабыс"бөлімі бойынша жиынтық бағалау,11-сынып,қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

“ IVбөлім.Әлемді өзгерткен өнертабыстары.Шешендік сөздер.Сөз мәдениеті” бөлімі

  1. сынып ҚГБ ІІ тоқсан 2бжб

Оқу мақсаты: 11.2.3.1-таза ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу,жанрлық ерекшелігін талдау;

11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:көркемдеу,айшықтау,дәлелдеу,сөздерді сұрыптай білу;

Бағалау критерийі Білім алушы

  • мақаланың құрылымы мен рәсімделуін ,жанрлық ерекшелігін талдайды;

  • белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады,,дәлелдейді,сөздерді сұрыптай біледі;

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану,талдау

Орындау уақыты 25 минут



17 қаңтарда әлем бойынша Өнертапқыш балалар ашқан жаңалықтар күні аталып өтіледі. Қазақстандық жас өнертапқыштар ашқан жаңалықтар да бар.
   2013 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Хәкім Садуақас «Ламабатэл» атты мобильді аппарат ойлап тапты. Медициналық құрылғы диагностикамен терапияда төрт түрлі қызмет атқарады: лазеротерапия, магнитотерапия, биологиялық белсенді нүктелерді табу мен электромассаж. Құрылғы электр қуаты, аккумулятор және қарапайым батареямен жұмыс істейді.
Осы жылы Қостанай облысының кішкентай тұрғыны Олег Лило «Ай» атты зертхана жасады. Сегіз жасар ғалымның айтуынша, Айдың бетіндегі жағдайды анық көруге болады. Құрылғының камерасы, лазері бар. Олегтің жаңалығы Елордада өткен ғылыми-техникалық форумда «Аэроғарыштық техника, авиация және ғарыш ісі» номинациясы бойынша бірінші орын алды.
 
Семей қаласының 7-сынып оқушысы Виктор Хегай зағип адамдардың қозғалуына көмектесетін робот ойлап тапты. Роботтағы сенсор алдынан кедергі кездескенде иесіне белгілі бір дыбыс береді. Салмағы 200 грамдық бұл құрылғы киімге немесе баскиімнің алдына тағылады.
 
Астанамыздың 10-сынып оқушысы Темірлан Нәби жасанды бал ойлап тапты. Жасанды бал тұмауға қарсы ем және аллергия шығармайды. Оның құрамына су, қант, лимон қышқылы мен аздаған эфир майы кіреді. Ал дәмі жағынан ментолға ұқсайды.
«Егемен Қазақстан» газетінен

1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, стилін, құрылымын, жанрлық ерекшеліктеріне қарай талдаңыз.(4ұпай)

  1. Стилі:.....................

  2. Құрылымы:.......................

  3. Жанрлық ерекшелігі..............................

  4. Ғылыми терминдер:.............................

  1. тапсырма. Берілген үзінділердегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланып,түрлерін ажыратыңыз.(6ұпай)

(Теңеу,эпитет,метафора (ауыстыру),метанимия(алмастыру),риторикалық сұрау, эпифора)

Үзінділер

Көркемдік құралдың қолданылуы

  1. Алтын ұяң Отан қымбат,Құт-берекең атаң қымбат,Туып-өскен елің қымбат,Кіндік кескен жерің қымбат.


  1. Жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.-Төле бидің “Алысым жақын болды”дегені -қос жанарын айтқаны.”Тәттім шырын болды”дегені-ұйқысының қашқанын білдіргені.”Шүкір,несием өніп жатыр”дегені-балаларының жақсы бағып,жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені,-дейді.


3. Сырым:
— Менің сізге келген жұмысым, біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім,— дейді.
Сонда Бөкен: «Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің»,— деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын, 
Мінезің қара жердей ауыр болсын. 
Өкпең жоқ — бауыр болсын, 
Құлағыңнан сыбыр кетпесін, 
Жасың алпысқа жетпесін,— дейді.


4.Байдалы шешен молдаға:-Сөйлемес,сөздің атасы өледі.Айтпаса естімейтін саңыраулар бар,ашпаса,көрмейтін соқырлар бар.Ағадағы мал-аспандағы мал,інідегі мал-індегі мал,баладағы мал-даладағы мал.Сұраған адам-қайыршы,ұрлаған адам-қарақшы,-депті.


  1. Құйрығы жоқ,жалы жоқ,Құлан қайтіп күн көрер,Аяғы жоқ,қолы жоқ,Жылан қайтіп күн көрер?


  1. Жатқа сөйлеме, Жаманға сөйлеме,Асырып сөйлеме,Батырып сөйлеме,Жасқа сөйлеме,Масқа сөйлеме. (Бөлтірік шешен)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі