жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әлемді шарлау. Сабақтан тыс іс-шара
Мақсаты: Оқушылардың география пәніне қызығушылығын танымдық ойындар көмегімен ояту.
Оқушылардың топта жұмыс жасай білуіне жағдай жасау
Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту,
Түрі: танымдық-интелектуалдық ойын
Көрнекілігі: Презентация, географиялық атластар, глобус, сызу құралдары
Барысы: І ұйымдастырушылық
Ойынға 5-5 оқушыдан 3 топ қатысады. Жүргізуші және әділ қазылар алқасымен оқушылар География әлеміне саяхат жасайды.
Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Сөйтіп сауданың дамуы бұларды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. Теңізшілерде құбылнама (компас) пайда болғаннан кейін ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды. (Слайд 2)
(Астролябия - астрономияда ендік пен бойлықты анықтауға арналған XVIII ғ. дейін пайдаланылған бұрыш өлшеуіш аспап. Қазіргі заманғы астрономияда призмалықастролябия қолданылады) XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. (Слайд 3)
XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты.. Сонымен Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шығады.
Бізде бүгін география әлемін тану үшін каравелламен саяхатқа шығамыз.
Сол Колумбтың отаны Испан елінің өкілдерін қарсы алайық! (Испан елінің таныстыруы.)
Пассат желі бір қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. (Слайд 4)
Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. «Егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді. Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!»деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Сөйтіп Колумб Америка құрлығына аяқ басты.
Америкадан келген қонақтарымызды қарсы алайық! (АҚШ елінің таныстыруы!)(Слайд 5)
Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалған Васко да Гама болды. Ол 1469 жылы Синеш қаласында орденның магистрі Сантьяго Эштеван де Гаманың (1430—-1497) отбасында дүниеге келген. Анасы — Изабела Содре. (Слайд 6)
Португал патшасы Мануэл I Эштеван де Гамаға Үндістанға экспедициясын жасау тапсырды, бірақ ол қайтыс болғандықтан, оның ісін баласы — Васко де Гама жалғастырды. 1497 жылы шілденің 8-інде Лиссабоннан шығып, Васко де Гама басқарған экспедиция Африканы оңтүстік жағынан айналып, Мейірімді үміт мүйісіне жетті. 1498 жылы мамырдың 20-сында Васко де Гаманың экспедициясы Үндістанның оңтүстік - батыс жағасына жетті. Сөйтіп еуропалықтарды қызықтырған Үндістанға теңіз жолы ашылады.
Ал сол Үндістаннан келген қонақтарымызды шақыралық! (Үндістанның таныстыруы)
Енді төрт құбыламыз тең болып саяхаттымызды бастауға да болады.
І порт -- «Шамшырақ». Ұпай саны: 1 ұпай (Слайд 7)
Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.
1 - топ
1. Саргасс теңізі
2. Мексика шығанағы
3. Сомали түбегі
4. Атлас тауы
5. Сахара шөлі
2 – топ
1. Араб теңіз
2. Бенгал шығанағы
3. Аппенин түбегі
4. Кардилер тауы
5. Атакама шөлі
3-топ
1. Кариб теңізі
2. Флорида түбегі
3. Гвинея шығанағы
4. Гиндикуш тауы
5. Намиб шөлі
ІІ порт « СТО»- «Сыни түрғыдан ойлау» Ұпай саны 5 (Слайд 8)
1)_ СТО _ _ _ - Балтық жағалауы елі. (Эстония.)
2) _ _ СТО _ - Өзендегі қала (Ростов)
3)_ _ _ _ СТО _ _ _ _ - Қырымның әйгілі қаласы (Севастополь.)
4) _ _ _ СТО _ _ _ - Теңізші есімі.(Христофор Колумб.)
5)_ _ СТО _ - АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы портты қаласы.(Бостон.)
6) _ _ _ _ _ _ СТО _ - Замбия қаласының атауы, Виктория сарқырамасын ашқан ғалым(Ливингстон)
ІІІ
порт Көрермендермен ойын
«Жолайрық»
(Слайд 9)
Шарты:
оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын
сөздерді табу қажет. Жауаптары: қазақ,
қалақ, кесек, надан, керек, қырық,
қызық.
Қ.....
қ
Қ.....
қ
К.....
к
Н.....
н
К....
к
Қ....
қ
Қ....
қ
ІҮ порт «Кронштадт» капитандар сайысы Ұпай саны 1 (Слайд 10)
Кронштадт (от нем. Krone — «тәж» и Stadt — «қала») (1723 жылға дейін Кроншлот) – Ресейдің Ленинград облысындағы қала, әскери-теңіз қамалы, порт.[1]Фин шығанағының шығыс бөлігіндегі Котлин аралында. Халық саны 39 мың. Петербургті теңіз жағынан қорғайтын қамал ретінде 1703 жылы іргесі қаланған. Кронштадт Ұлы Отан Соғысы жылдары (1941-1945 жылдары) Ленинградты қорғауда маңызды роль атқарды.
АҚШ
Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
АҚШ-тағы ең биік сарқырама-Йосемитск (739 м)
Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм)
Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі-Кордилера (ұзындығы
9000 км, енді бөлігі 1600 км)Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)
Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
Испания
Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)
АҚШ-тағы ең биік сарқырама-Йосемитск (739 м)
Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы(403 м)
Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300 км)
Үндістан
Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)
Әлемдегі ең ескі тау-Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)
Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей 67.
Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
Ү порт Топономика . Ұпай саны 5-ұпай (Слайд 11)
1 НҰРА +САНТА = ? (Нұр- астана)
2. МАЛ+АТЫ = ? (Алматы)
3. Б + ГОНКА + К =? (бангкок)
4. УЛАН + ТОБРА =? (улан-батор)
5. КЕН+ТАТ+Ш= ? (Ташкент)
6. ТОН+БОС = ? (бостон)
7. БОН +СИЛАС (Лиссабон)
Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Жеңімпаздарды анықтау (Слайд 12)
Қазақстан, қазақ халқы ең қонақжай халық.
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі...сыйластық деген қазақ халқы. Әрдайым осылай сынып ішіндегі татулығымыз, сыйластығымыз ажырамай биік белестерге шыға беріңіздер.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген