Материалдар / әлемді тербеткен аналар тәрбие сағат 8 наурыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

әлемді тербеткен аналар тәрбие сағат 8 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағаты 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
141
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Әлемді тербеткен аналар» 7 сынып

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Әлемді тербеткен аналар» атты кештің сценариін ұсынамыз:

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Сания апайға береміз.

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар. (Алихан мен Шахназар)

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып жігітерімізідің дайындаған қойылымына назар аударайық.

«Қымбат сыйлық»

Бүгін 7 наурыз Алихан 8 наурыз аналар мерекесіне өзінің анасына сыйлық іздеуге шығады. Солай ол бір сағат сататын дүкенге келеді.

Дүкенде:

А: - Саламатсыз ба ағай, мен анама сыйлық іздеп жүр едім өзіңізде бар ең қымбат сыйлықты көрсетіңізші.

С: - Саламатсын ба балам, мен ең қымбат әрі сапалы, көздің жауын алатын сағаттар сатамын. Міні мынаны қарап көрші.

А: - Иә аға бұл шыныменде көздің жауын алатын сағат екен. Бірақ бұл мен іздеген сыйлық емес , анама қымбат сағат алып бергенмен мен оған осы кезге дейін маған жұмсаған уақытын сатып алып бере алмаймын. Ал ол уақыт бұл сағаттан да қымбат.

Алихан басқа дүкенді аралап кетеді. Сөйтіп ол бір әшекей бұйым сататын дүкенге кірді.

А: - Әс саләм әлейкум аға.

С: - Уағалейкум әс саләм балам, айта ғой не іздедін?

А: - Мен ертенгі мейрамға анама ең қымбат сыйлық іздеп жүрмін, сізде сондай сыйлық барма?

С: - Әрине балам бізде бәрі табылады. Мінекей қара бұл ең қымбат асыл көзді жүзік.

А: - Неткен әдемі. Бірақ бұл тастың көзі менім анамның көзіне жетпейді. Себебі мен үшін анам түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтамаған, мені ойлап жылаған жәудір көздеріне теңеуге келмейді. Менім анамның көздері бұданда қымбат. - деп Алихан шығып кетеді.

Дәл осылай Алихан бірнеше дүкенді аралап шығады, бірақ ештене таппайды. Көңіл-күйі түсіп отырған кезде, жанында отқан қария жағдайын сұрайды.

Қ: - әу балам, не болды? Ұнжырған түсіп кетіпті ғой.

А: - анама мейрамға сыйлауға ең қымбат сыйлық іздеп едім, бірақ ештене таба алмадым.

Қ: - ананан үшін ең қымбат сыйлық не екенін білесің бе?

А: - жоқ ата.

Қ: - онда мені тыңда балам. Анана сен бүкіл әлемнің байлығын берсенде , оның саған істеген жақсылығын өтей алмайсын. Анана қымбат сыйлық бергін келсе онда оған бір күнінді арна. Баланың анаға беретін ең бағалы сыйлығы ол махаббат, уақыт және көңіл бөлу.

А: - рахмет ата , мен енді түсіндім анама не сыйлайтынымды. – деп Алихан үйіне қайтып ертенгі күнді асыға күтеді.

Соңы.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Шахназар атты оқушымыздың орындауындағы «__________________» күйін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай назарымызды бейнежазбаға аударайық.

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Ал ендеше көңіл-күйімізді көтеріп бір ойын ойнайқ. Ер балдар сыныптын ару қыздарына пародия салады, ал қыздар кім екенін табу қажет.

1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, сыныптастарымыздың орындауында попурри ұсынамыз.

3 ер бала шығып біреуі ұстаздарға, екіншісі аналарға, үшіншісі барша оқушы қызға арнап жазған шағын шығармаларын оқиды.

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.

2-жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

6. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

1-жүргізуші: келесі кезекте сыныбымыздың ару қыздарына арналған номинацияларымызды ұсынайық.

2-жүргізуші:

Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға береміз.

Ең соңында оқушылар қыздарға шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!