15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлемдік діндер.
9 сынып . «Зайырлылық және дінтану негіздері»
Тақырып. Әлемдік діндер.Буддизм:діни ілімнің негіздері,тарихы,тәжірибесі және таралу аймақтары.Буддизмнің негізгі тармақтары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Оқушыларға әлемдік діндер.Буддизм:діни ілімнің негіздері,тарихы,тәжірибесі және таралу аймақтары.Буддизмнің негізгі тармақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани
адамгершілік қасиеттердіңмаңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
2.Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.
Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды түсіндіру
Буддизм
Тұңғыш әлемдік дін–будда діні б.з.д. VI ғ. көне Үндістанда пайда болды. Негізін салушы Сиддхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Бала 4 белгіні: қарт адамды, науқасты, өлікті, тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безетіндігін сәуегейлікпен болжайды. Негізгі тармақтары болып Махаяна екі тармаққа: ламаизм және дзэн-буддизмге бөлінді.ламаизмге құдайларға табыну тән болса,дзэн-буддизмде әулие монахтар маңызды.Сондай-ақ өз алдына дамыған будда дінінің тхеравада деген ағымы да болды. Тхеравада ағымы бойынша:Будда-ұстаз,құдай емес,дхарма-Будда үйреткен шындық,нирвана-адамның өз күш-жігеріне бағынатын жанның күйі.
Хинаяна |
Махаяна |
Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарған.Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малайзада және Непалда ықпалы солғындау болды. Ол өзінің таралу аймағына қарай «оңтүстік будда діні» деп аталды. Хинаяның беделі Шри-Ланкада өте жоғары болды. |
Махаяна немесе «солтүстік будда діні» негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертініректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жоңғарияда орнықты. Махаянаның хинаянадан негізгі айырмасы: махаяна Будданы ұстаздан гөрі құдай бейнесінде мойындады; махаяна жұмақ және тамұқ туралы ілімді одан әрі дамытады. |
Махаяна 2 бөлінеді: |
|
Ламизм |
Дзен-буддизм |
Құдайлар пантеоны тән. VIII ғ. буддизмнің жаңа ағымдары–тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Соңғысының ерекшелігі–құпия мантралардың арқасында бір ғана өмірдің ішінде Будда дәрежесіне дейін көтерілуге болады деп үйретті. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибетттің қара діні бір ғана арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері «жол» немесе «заң» деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталған буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты. Ламаизм негізіндегі лама яғни «аса мәртебелі» деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғ. бастап Тибетті далай-лама мен панчен-ламалар басқарып келген. Олар «мұхиттай шексіз ұстаз» және «аса білімді ұстаз» дегендерді білдіреді. Олар кез-келген адамның құдай болу мүмкіндігі бар деп санады. Бұған жетудің 3 жолы: қайырымдылық пен мейрбандық, білім мен даналық, медитация және шабыттану немесе аян болу жолдары бар деп есептелді. Ламалар мен монахтар адам психикасына және тәніне әсер етудің құпияларын терең меңгерген тамаша емшілер болып танылады. Тибетің соңғы, XIV далай-ламасы өз елінен шетте-Үндістанда тұрды. Ол өзінің қоғамдық қызметі үшін Нобель сыйлығына ие болған. |
Құдай жоқ. Будда діні Қытайда б.з. І-ІІІ ғ.ғ. тарала бастады. Махаянаның жергілікті нанымдары синтезі нәтижесінде VI ғ. чань-буддизм (чань- медитация, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оның уағыздаушысы үнділік Бодхидхарма деген адам еді. Кейіннен ол дзен-буддизм атауымен («чань» және «дзен» сөздері бір ұғымды береді) Жапонияда таралды. Будда дінінің бұл мектебінде жекпе-жек сайысына, ауыр дене күшін қажет ететін арнайы жаттығуларға ерекше мән берілді. |
Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.
III. Сабақты қорытындылау.
1. Будда дінінің негізін салушы кім ?
2. Будда дінінде нирвана дегеніміз не ?
3. Будда дінінің басқа үнді діндерінен айырмашылығы не?
IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 11.
V. Үйге тапсырма. § 11 оқу, талдау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген