400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдік мәдени мұралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілші мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

1 маусым

2018 ж


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Сам орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Бухарбаева Калжан Торткулбаевна

6-сынып

Қатысқандар: 21

Қатыспағандар: 0

Қазақ тілі

3-бөлім

Әлемнің жеті кереметі



Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдени мұралар


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.Т/А1.Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

6.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей

отырып, жинақы мәтін жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылармәтіннің атауын талқылайды,негізгі ойды білдіретін сөйлемдерге сұрақтар құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжайды, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.

Кейбір оқушылармәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырып, жинақы мәтін жазады.

Бағалау критерийлері

- Мәтін атауын талқылайды, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерге сұрақтар құрастырады;

- Көтерілген мәселені болжайды, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;

- Мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіреді;

- Жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсаттар







Білім алушыларорындай алады: Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды,мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіреді, жинақы мәтін жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:әлем, жеті керемет,пирамида, аспалы бақ,әмірші, ғимарат, ғибадатхана, мүсін, мүсінші, табытхана, арал,жер сілкінісі, шамшырақ.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:әлемніңжеті кереметі, Мысырпирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Артемидағимараты,үлкен ғибадатхана,Зевстің мүсіні, грек мүсіншісі, патшаның табытханасы, Гелиос күн құдайы, жер сілкінісі, Александрия шамшырағы.

Талқылауға арналған сұрақтар:Әлемдегі мәдени мұралардың неліктен 7 керемет аталғаны туралы не айта аласың?

Ишара: ым,бас изеу,құптау.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» тұғыры – «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» тұғыры. Білім алушыларды мәдени мұраларға құрмет көрсету, оларды қорғау, жанашырлық таныту, азаматтық жауапкершілік қасиеттеріне баулу, тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География» , «Математика» пәндері.

Алдыңғы білім

Білім алушылар әлемдік мұралар туралы мәліметтермен таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



3 минут


Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту (төменде көрсетілген сұрақтарға жауап алу).

Бүгін аптаның нешінші күні?Аптада неше күн бар?Осы сөйлемде қандай сан есімді қолдандыңдар?Осы жеті санына байланысты не білеміз?

Үй тапсырмасы сұрау - «Сұрақты қағып алу» әдісі

Мәтін мазмұнына сайсуреттерарқылы топтарға бөлу.

«Миға шабуыл» әдісі (Суреттер бойынша өзара пікірлеседі, сабақ тақырыбын болжайды, 4 топқа бөлінеді).










Сабақ ортасы:










































































Әлемнің жеті кереметі туралы қосымша материалдар бойынша жасалған таныстырылым көрсетіледі.«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалықтан алынған мәтін.

Әлемнің жеті кереметі

Көне заманда адамның шебер қолыдармен көптеген туындылар салынған.Олардың өлшемі, сұлулығы, жасалу техникасы адамдарды бүгінгі күнге дейін таңғалдырып келеді.Солардың бірі –әлемнің жеті кереметі.

Әлемнің жеті кереметі – біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларынжаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіші.

Олар:

1.Мысыр пирамидалары – ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

2.Бабылдың (Семирамида) аспалы бағы – біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан.Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

3.Эверестегі Артемида ғимараты – кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған.Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

4.Олимпиадағы Зевс мүсіні,біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

6.Жерорта теңізінің Родос аралындағы Гелиос күн құдайы Родос алабы, биіктігі 45 м.біздің заманымыздан бұрын 224 жыл жер сілкінісі кезінде қираған.

7.Александрия шамшырағы – біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.


1-тапсырма: ЖЖ. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі

  • Мәтін атауын талқылайды;

  • Алғашқы бөлігі бойынша көтерілген мәселені болжайды;

  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерге сұрақтар құрастырады.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1


2



3

Мәтін

атауын талқылайды

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды


Сұрақтар топтамасын құрады.


Мәтін атауын бірлесе талқылай алады;

Мәтіндегі көтерілген мәселені нақты анықтай алады.

Сұрақтар топтамасын мәтін мазмұнына сай құрастыра алады.


Қалыптастырушы бағалау түрлі-түсті стикерлермен жүргізіледі (жасыл-түсіндім, сары-сұрағым бар, қызыл-түсінбедім).

2-тапсырма. СЖ.«Түртіпалу» әдісі

  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.

Дескриптор:

- Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей алады.

ҚБ – түрлі-түсті стикерлер


3-тапсырма. Ж. «Дұрыс –бұрыс» әдісі

  • Мәтінге байланысты мәліметтерді тиісті ақпаратпен сәйкестендіру.

№

Ескерткіштер

Ақпараттар

1

Мысыр

мүсін

2

Семирамида

шамшырақ

3

Артемида ғимараты

күн құдайы

4

Зевс

аспалы бағы

5

Гелиос алып мүсіні

пирамидасы

6

Галикарнастағы Мавзелей

ғибадатхана

7

Александрия

патша табытханасы


Дескриптор: Мәтінге байланысты суреттерді тиісті ақпаратпен сәйкестендіре алады.


4-тапсырма. ТЖ. «Пікірлер парағы» әдісі.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, пікір білдіру.

  1. . «Жеті саны - киелі ұғым» дегенді қалай дәлелдейсің?

  2. Қандай мұраларды «Әлемнің жеті кереметі» деп айтамыз?

3. Неліктен жеті санына ерекше назар аударылды деп ойлайсың? Ойыңды (пікіріңді) дәлелде.

4.Мүсіндерге неліктен осындай атаулар берілген деп ойлайсың?

4. Елімізде әлемнің жеті кереметіне ұқсас нысандар бар ма? Пікіріңді бөліс.

№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1



2


3

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Жауаптарды салыстырады.

Қойылған сұрақтарға пікір білдіреді.

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға дәл, нақты жауап бере алады.

Жауаптарды нақты дәлелдермен салыстыра алады.

Сұрақтарға жан-жақты, нақты пікір білдіре алады.


ҚБ – түрлі-түсті стикерлер


5-тапсырма. Ж. «Ортадағы қаламсап» әдісі.

Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстыра жинақы мәтін жазу.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1



2





Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

Ақпаратты пайдалана жинақы мәтін жазады.

Ақпаратты шынайы өмірмен мысалдар келтіре байланыстыра алады

Ақпаратты, қосымша материалды пайдалана жинақы мәтін жаза алады.



ҚБ – түрлі-түсті стикерлер



Таныстырылым



Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.

Алматы,

«Аруана Ltd».ЖШС,2005

Балалар энциклопедиясы,

ІІ том.





Б.А.Әріпова, Г.М.Раева, Г.С.Каримова, Л.К.Жүмекенова

6-сынып

«Қазақ тілі» оқулығы (жоба)

Алматы, «Атамұра» баспасы

2018 ж.

(44-45 беттер)



А4 қағазы, ватмандар,

түрлі-түсті маркерлер.






















































Сабақ соңы

Кері байланыс

2 минут




«Жеміс ағашы» суретіне - қызыл, жасыл,сары түсті алма суреті парақшасына (стикерге) пікір жазғызып, ілдіру.

Жасыл алма – тапсырманы түсіндім.

Сары алма – әлі де түсінбеген сұрақтарым бар.

Қызыл алма- тапсырманы түсінбедім.



ҚОСЫМША АҚПАРАТ


Саралау - сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Білім алушылармен жылы сөйлесе отырып, түсінбеген сұрақтарына бағыт-бағдар беріледі. Олардың сенімділігі шыңдалады. Әртүрлі қабілеттілігі ескеріле, «Әлемнің жеті кереметі» -сэнквейн жазу,

«Қазақстанның жеті кереметі» туралы хабарлама жазу, қабілетті білім алушыларға күрделі әлемнің және Қазақстанның жеті кереметтерін салыстыра сипаттама жазу тапсырма беріледі.

Білім алушылар дағдыларының қалыптасуымен білімді меңгеру деңгейін көрсету, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін олар үнемі сабақ барысында түрлі-түсті стикерлербағаланаы.Білім алушылар өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.

Жеміс ағашы суреті кері байланысқа пайдаланылады.

Ширату жаттығуларын жасау,өмір қауіпсіздігін қадағалау.

Пәнаралық байланыс – «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География» , «Математика» пәндері, АКТ.

Білім алушыларды мәдени мұраларға құрмет көрсету, оларды қорғау, жанашырлық таныту, азаматтық жауапкершілік қасиеттеріне баулу, тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ тақырыбына сай оқу мақсаты, одан туындайтын сабақ мақсаттары жоспарланады. Тілдік мақсаттар білім алушылардың сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Сабақты жоспарлау кезінде білім алушылардың ойлау деңгейлері, қызығушылықтары, ақпаратты қабылдау деңгейлері үнемі назарда болады.Сабақтың тиімді өтілуі үшін түрлі әдіс-тәсілдер жоспарланады. Белсенді оқу мен бірлескен оқу жүйелі жүргізіледі. Саралау тапсырмалары талапқа сай жасақталады. Нәтижесінде, білім алушылар сыни тұрғыда ойлай алады, олардың жұппен, топпен жұмыс жасауы ынтымақтастық ахуалының орнығуна, өзара көмектің жүзеге асуына, бірін-бірі әділ, нақты бағалауына ықпал етеді.

Жоспар уақытқа сыйымды жоспарланады, сол себепті өзгерістер енгізілмейді.


Қорытынды бағамдау.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. «Бір минуттық әңгіме» әдісі;

2. «Пікірлер парағы» әдісі.

Сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. «Қабырғадағы рөл» әдісін қолданғанда;

  2. Бейнежазба бойынша таныстырылым дайындау.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген

оқушылардың жетістіктері (қиыншылықтары туралы нені анықтадым,

келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?)

  1. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмысын тиімді жүргізу.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
3038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі