400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабак жоспары 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия

халықтарының қосқан үлесі

(Алғашқы сабақтың жалғасы, 2-сабақ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері


Мектеп: Қызылорда қаласы « Жалпы білім беретін кешкі мектеп»


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Т.Насибеков


Сынып: 10


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (Алғашқы сабақтың жалғасы, 2-сабақ)


Сабақтың мақсаты

Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау


Бағалау

критерийлері


Сыни ойлау мен талдау- Орталық Азия халықтарының руханимәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау

Синтез-Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін түйіндеу

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдылар

Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті туралы зерттеулерін анықтайды (оқылым, жазылым)

Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесінталдайды (айтылым, тыңдалым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тәңірлік дін, ислам діні, Ұмай-ана, Күлтегін ескерткіші, «Кодекс-Куманикус» сөздігі, «Оғызнама» жыры

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ерекшеліктері...

Орталық Азия халықтарының рухани мәденитінің ең басты жетістіктері...

Салалар бойынша жетістіктердің ең маңыздысы ...

Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеттегіжетістіктерінің адамзат дамуына қосқан үлесі...

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыстар «Құрмет пен ашықтық» іске асады

Пәнаралық

байланыстар

Оқылым-айтылым, жазылым-тыңдалым дағдыларына арналған тапсырмаларды орындауда қазақ тілімен, руханимәдениет туындыларын сипаттауда қазақ әдебиеті пәнімен сабақтастық жүзеге асады.


АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтор көздері мен бейнематериалмен жұмыс

Бастапқы білім


Орталық Азия халықтарының шаруашылық пен тұрмыс саласындағы, қолөнер, сәулет өнері, бейнелеу мен мүсін өнеріндегі жетістіктері туралы


2-сабақ

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут












2 минут






Ұйымдастыру бөлімі. Топтастыру

Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетіне байланысты материалдардан «галерея» ұйымдастырылады. Мысалы: Тәңірлік дін, ислам діні, Ұмай-ана, Күлтегін ескерткіші, «Кодекс-Куманикус» сөздігінің мұқабасы, «Оғызнама» жырынан үзінді, Әл-Фарабидің суреті, М. Қашғаридің «Диуани лүғат ат-түрк» еңбегінен үзінді, Ұлықбек обсерваториясы, Әл Хорезми суреті. Оқушылар сынып қабырғаларына ілінген материалдар (Орта ғасырлық ғұламалардың портреттер мен рухани мәдениет ескерткіштерін) қарап, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Қабырғаға ілінген көрнекіліктер кейін сабақ барысында ресурс ретінде қолданылады.

  • Қабырғада ілінген суреттер арасында қандай байланыс бар?

  • Сізге қандай ой келді?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?


Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.


Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады, тарихи концепт пен бағалау критерийлері нақтыланады.


Тарихи концепт (фокус): маңыздылық

Презентация


Топтастыру карточкасы


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

2-том. – Алматы, 2010.


Иллюстрациялық суреттер

Булекбаев С. Вклад тюрков в мировую цивилизацию [Текст] : время / С. Булекбаев // Мысль. - 2015. - №12. - С. 31-36. http://mysl.kazgazeta.kz/?p=6838

Культурное наследие народов Центральной Азии, Казахстана и Кавказа: [сборник статей / отв. ред. В.А. Прищепова]. - Санкт-Петербург: Изд-во "Наука", 2006.

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. А., 1987.

Алимбаев Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Гылым, 1998.


Қосымша-1

Таратпа-мәтіндер
























Қосымша-2

Тапсырма-парақшасы





























Сабақтың ортасы





2 минут


































20 минут






















7 минут



Зерттеу және талдау


Зерттеу сұрағын ұсыну:

  • Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?

  • Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?


1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1-қадам.

(Т) Зерттеу алдында оқушылардың алдыңғы сабақтағы білімін еске түсіріп, Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің жетістіктерін анықтау тапсырмасы орындалады. Оқушылар тапсырма шарты бойынша рухани мәдени жетістіктерді анықтайды.


1-топ. Орта Азия халықтарының діни наным-сенімдері;

2-топ. Орта Азия халықтарының ауыз әдебиеті;

3-топ. Орта Азия халықтарының жазу мәдениеті;

4-топ. Орта Азия халықтарының ғылымы


2-қадам

(Т) Оқушыларға Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктері туралы мәтін беріледі. Мәтінде Орталық Азия халықтарының рухани саладағы жетістіктері туралы ақпарат қамтылады. Мәтінді оқыған соң алдыңғы жетістіктер тізімін толықтырылады. Осыдан соң жетістіктер тізімін діни наным-сенім, ауыз әдебиеті, жазу мәдениеті, ғылым салаларына топтастыру тапсырмасы ұсынылады. Әр топ рухани мәдениеттің өздеріне бөлінген салалары бойынша ең маңызды деген үш жетістікті анықтап, А-4 парақшасына жазып тақтаға іледі.Бұл жетістіктерді неліктен маңызды деп есептейтіндігін түсіндіреді.Топтар бірін-біріне кері байланыс береді.

3-қадам

(Т) Рухани мәдениет салалары бойынша бөлінген оқушылардан «джигсо» әдісі бойынша жаңа топтар құрастырылады. Әр рухани салалар бойынша топтасқан оқушылардан жаңа топ құрастырылады. Бұрынғы топтардан келген (өкілдер) жаңа топтарда өз салалары бойынша ақпаратты баяндайды. Әр топтағы оқушылар түрлі топтардан баяндалған ақпаратты естіп, білімдерін толықтырады, белгілі бір уақыттан кейін өз тобына кері оралады.


Бағалау критерийі:

Сыни ойлау мен талдау- Орталық Азия халықтарының руханимәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау

Дескриптор:

1-топ. Орта Азия халықтарының діни наным-сенім түрлерінің ерекшелігін кемінде 2 дәйек арқылы түсіндіреді;

2-топ.Орта Азия халықтарының ауыз әдебиетінің дамығандығын кемінде 2 дәйек арқылы түсіндіреді;

3-топ.Орта Азия халықтарында жазу мәдениетінің қалыптасқандығын кемінде 2 дәйек арқылы түсіндіреді;

4-топ. Орта Азия халықтарының ғылым дамығандығын, кемінде 3 дәйек арқылы түсіндіреді.


Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы.«Екі жұлдыз, бір тілек»

Интерпретация

2-тапсырма. Қорытындылау, тұжырымдау

(Т)Оқушылардыңалған білімдері мен дағдыларын қорытындылап,түйіндеу «Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?», «Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?» дегензерттеу сұрағына кері оралу ұйымдастырылады. Зерттеу сұрағының төңірегінде ой-тұжырымдар қорытындылап, түйіндеуде төмендегі тапсырма орындалады.

(М)Адамзат мәдениетінің дамуына қосқан үлесі деп анықтау үшін рухани мәдениеттің жетістіктерін қандай критерийлер бойынша бағалаймыз?

Зерттеу тақырыбы

Сол замандағы маңызы мен адамдар

дың өміріне әкелген өзгерістері қандай?

Қазіргі кездегі маңызы қандай?

Күнделікті өмірде көрініс таба ма? Неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Болашақтағы маңызы қандай? Неліктен маңызды болуы мүмкін?

Діни наным-сенімдер





Ауыз әдебиеті





Жазу мәдениеті





Ғылым






Бағалау критерийі:

Синтез-Орталық Азия халықтарының рухани мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін түйіндеу


Дескриптор:

1-топ. Орта Азия халықтарының діни наным-сенімдердің сол заманда, қазіргі кезде, болашақта қандай маңызы бар екендігін кемінде 2 дәйек арқылы тұжырымдайды

2-топ. Орта Азия халықтарының ауыз әдебиетінің сол заманда, қазіргі кезде, болашақта қандай маңызы бар екендігін кемінде 2 дәйек арқылы тұжырымдайды

3-топ. Орта Азия халықтарының жазу мәдениетінің сол заманда, қазіргі кезде, болашақта қандай маңызы бар екендігін кемінде 2 дәйек арқылы тұжырымдайды

4-топ. Орта Азия халықтарының ғылымының сол заманда, қазіргі кезде, болашақта қандай маңызы бар екендігін кемінде 2 дәйек арқылы тұжырымдайды

Сабақтың соңы


4 минут



Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы


Кері байланыс (өзін-өзі бағалау)

-Мен барлығын түсіндім-жасыл;

-Мен орташа түсіндім-сары;

-Ешнәрсе түсінбедім- қызыл


Үйге тапсырма: Жаңа игерілген тақырып материалын оқып, пысықтап келу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
6548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі