400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемдік музыка қоры

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем музыка әдебиеті пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Халық музыкасы – халықтың музыкалық шығармашылығы»

1.Халық музыкасы-халық шығармашылығы.

2.Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар.

3.Қазақ музыкасының негізгі жанрлары.

4. Әлемдік музыка қоры.

5.Салт дәстүрге байланысты музыкалар туралы түсінік.

6.Асан қайғы, Әл – Фараби, Қорқыт туралы түсінік.

7.Аспаптық музыка және ән жанрлары.

Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініші, сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қыйлы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, тарих айнасына айналды. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, сүндет тойы, халықтық ойын-сауықтар – барлығы да ән-күй аясында өтеді.

Өлімді жеңер күз іздеп, мәңгілік көксеген Қорқыт, ғұлама ғалым әл-Фараби, тыныш өмірді аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізген. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан Сері, Мұхит, Қазанғап, Сүгір, Дина және басқа таланттар халықтың тауқымет-тағдырын музыкамен айтып өтті. Сөйтіп,и халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптасып жалғасып келеді.

Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халықтың музыкасының өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сондықтан халық музыкаларының ерекшеліктерін ескермей, ұлттық сипатын танып білмей, оларды бір өлшеммен бағалауға болмайды. Музыканың шынайлығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында. Болашақ саз пәнінің ұстазы халық музыкасымен, халықтың музыкалық шығармаларымен өзі терең танысып, жас ұрпаққа жеткізіп, одан әрі жалғастыру мақсатында жүзеге асыруы керек.


Қорқыт (VII-IX ғасырлар)


Қ орқыт VIII-IX ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшыл, алдағы күнді болжаған көрікпел, шебер күйшісі болған.

Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе диуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халқтықтың музыка аспабы ретінде таныта білді.Қобыздың құдіретті үнін ,Қорқыт күйлерін қазақ қобызшыларырухани мұре етіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.Оның “Қорқыт”,“Аққу”,”Әуппай”,”Башпай”,”Желаяқ”,”Елім-ай”,”Халқым-ай”,”Тарғыл тана”,”Ұшардың ұлуы”,”Сарын” I,II, “Қоңыр”,”Байлаулы киіктің зары” және т.б. күйлері бар.Қорқыт туралы ,оның күйлері туралы халықта көптеген аңыз-әңгімелер бар.

Әл-Фараби (IX-Xғасырлар)

Әбу Насыр әл- Фараби – Шығыстың философы, энциклопедист, музыка зерттеушісі, ғалым. Оның есімі үнді, Иран, Араб жіне басқа Шығыс халықтары арасында кеңінен танымал болған. Фарабидің философиялық, ғылыми еңбектері өте көп. Оның ғылыми еңбектерін араб, латын, Батыс Еуропа ғалымдары жоғары бағалады.

Фараби музыка саласына теориялық және тәжірибелік тұжырымдар жасады. Аспаптық, вокалдық музыкалардыңтууы, орындалуы және оның сезіміне етер әсері, өмірде алатын орны мен маңызы жөніндегі ғылыми пікірлерді түйіндейді. Сондай-ақ Фараби үндестік ( гармония ) заңдылығына, музыка құрылымының нысандарына, ырғақтық-жылдамдық жүйелеріне терең талдау жасап, “ музыкалық әуендер жақсы мінез-құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарды ”деген, “ Музыка мен эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қазиеттерден арылуына ықпал етуге болады ” деп жазды

Ол ежелгі грек ғалымдарының ізін жалғастырып, музыка туралы ғылымды математикаға жазды. Ол “ мұның негізгі себептерінің бірі – тон, интервал, ырғақ, өлшем тәріздес музыка теориясының негізгі ұғымдарын математикалық жолмен өрнектеуге болғандығында ” дейді.

Біз халқымыздың ұлы перзенті Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы”, “Музыка туралы үлкен трактат” (Китап әл мусика әл-Кабир), “Музыка ырғақтарын жіктеу туралы кітап” және “Ғылымдарды жіктеу туралы кітап” атты әлемдік музыка өнеріне қосқан зор үлесін мақтан тұтамыз.


Асанқайғы

( XIV-XV ғасырлар)


Асанқайғы – Алтын Орда ыдырай бастаған кездерде өмір сүрген Береке, ұлы Мұхамед, Әбілқайыр хан және Керей мен Жәнібек сұлтандардың замандасы. Оның:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел тоқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Жыр толқытса шығады, - деген жыр жолдары әр адамның көңілінен ойып орын алған ақиқат.

Ол – қазақ халқының тағдыры үшін қайғы шегіп, оның болашағын ойлап, тебіренген дала абызы. Асанқайғы – ел қамы, халықтың келешегі туралы толғаныстарын күй тілінде суреттеген. Оның “Ел айрылған”, “Желмаяның жүрісі” , “Зар” , “Асанқайғы” сияқты күйлері – халықтық-әлеуметтік тақырыпқа арналған құнды туындылар.

4.Бекіту сұрақтары:

1.Қазақ музыкасының негізгі жанрларын ата?

2.Халықтық музыка түрлері қандай?

3. Аспаптық музыка мен вокалдық музыканың айырмашылығы.

4. Жыршы мен жыраудыңайырмашылығын айтыңыз?

5.Үйге тапсырма:

  1. Тақырыпты оқу. Конспект толықтыру.

  2. Сабақта қолданылған жаңа ұғымдарды толықтырып,жырлармен тереңірек танысу.

  3. Халық музыкасы және халық шығармашылықтары туралы ізденіс.

Халық музыкасына үлес қосқан ғұламалар жайлы деректер жинақтау

https://www.youtube.com/watch?v=xfZ-9kVp3rQ

youtube.com/watch?v=fCGLcLiKURI

https://www.youtube.com/watch?v=VUF4Ti_485A

https://www.youtube.com/watch?v=_XWfNs4JUQo

https://www.youtube.com/watch?v=v10NP3B4qlQ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі